Бейсенбі күні кешкісін Астана қаласында Қазақстан үкіметі мүшелері Каспий теңізіндегі көп үміт күттірген Қашаған мұнай кенішін игерумен айналысатын NCOC консорциумы өкілдерімен кездесті. Жабық режимде өткен мәжіліс қорытындылары туралы әзірше ақпарат аз. Бірақ ондаған миллиард доллар құйылып, кезінде «Кувейт типіндегі мұнай алыбы болады» деп жар салып жарнамаланған жобаны пайдалану әлі де белгісіз мерзімге шегеріліп келеді.
Reuters агенттігінің хабарлауынша, жабық мәжілісте мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалин мұнай өндірудің созылып кетуіне байланысты қынжылыс білдірген, бірақ консорциумға «қысым көрсетудің заңды негіздері жоқ» екенін мәлімдеген.
ҚазТАГ агенттігі хабарласқан үкіметтегі белгісіз дерек көзі де Астанада өткен келіссөздер жайлы жұтаң ақпарат берумен шектелген.
ҚазТАГ сілтеме жасаған дерек көзі «Кездесу барысында нақты шешімдер қабылданған жоқ. Кеніштегі жұмыстарға байланысты ағымдағы мәселелер талқыланды. Инвесторлар қауіп туралы және мұнай өндіруді қайта бастау биыл неғайбіл екенін айтты» деп хабарлаған.
Қашаған кенішінен мұнай өндіру кестеден 10 жылдай кешікті. Жобаның құны әуелгі болжанған 50 миллиард доллардан 135 миллиард долларға жетті. Бұл сомаға кеніштен тазарту зауытына дейін жаңадан тартылуы тиіс құбыр құны кірмейді. Ал оны қайта ауыстыру қажеттігіне қазір ешкім шәк келтірмейтін сияқты.
2013 жылдың қыркүйегінде іске қосылған Қашаған кенішінен мұнай өндіру жұмыстары құбырдан ақау шығуына байланысты бірер күнге ғана созылды. Кенішті игеру барысында жасанды D аралынан «Болашақ» зауытына дейін тартылған газ құбыры бірнеше рет жарылған.
Америкалық Quartz онлайн басылымының сарапшысы Стив Левиннің пікірінше, ұзындығы 90 шақырымға жуық екі құбырды никель қорытпасынан құйылатын жаңа құбырлармен ауыстыру қажет. Ал оның құны кәдімгі құбырлардан 10-15 есе қымбатқа түсуі мүмкін.
Бұрын аса берік деп мәлімделген ескі құбырлардың неліктен осал болып шыққаны қазір анықталып жатыр.
ҚазТАГ агенттігі ескі құбырларды сатып, дәнекерлеуге қатысы бар компания экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаевтың меншігі екен деген дерек таратты. Бірақ Ерболат Досаев бұл іске қатысы жоғын мәлімдеді.