Наурыздың 5-і күні Алматыда бірнеше үкіметтік емес ұйым өкілдері «Көкжайлау» тау шаңғысы курортын салуды қолдайтындарын айтты. Олар өз жақтастарының басын біріктіріп, қоғамдық қозғалыс құратындарын мәлімдеді.
- Бұл жобаға қарсылар қоғамдық пікірді «жекешелендіріп» алып, өз пікірлерін «барлық азаматтық қоғамның пікірі» деп айтып жүр. Сондықтан біз бүгін, өз көзқарасымыз олардан басқа екенін мәлімдейміз. Осылайша біз «Көкжайлау» тау шыңғысы курортын салуды қолдаушылардың қоғамдық қозғалысын құрмақпыз, - дейді сейсенбі күні Алматы қаласының Азаматтық альянсының президенті Сәулет Толғанбаева.
Үлкен Алматы көлі, Көкжайлау беткейі мен Құмкөл асуы аумағында салынуы жоспарланып отырған курорт құрылысы 2016 жылы аяқталуы тиіс. Алайда өткен жылдан бері бұл жобаға қатысты дау басылар емес. Жобаға қарсы топ, әсіресе «Зеленое спасение» экологиялық қозғалысы – құрылыс үшін 27 гектар орманды жердің ағашы кесіліп, Алматы экологиясы зор зардап шегеді деп санайды.
Жобаны жақтаушылар «курорттың құрылысы басталса, 5 мың 300 жұмыс орны ашылып, 20 жылдың ішінде қала бюджетіне 5 миллиард доллар пайда түседі және курорт өз шығынын өзі жауып отырады» деп сенеді.
ҚОҒАМДЫҚ ҚОЗҒАЛЫС
Жаңа құрылып жатқан қоғамдық қозғалысқа «Парасат-инфо» қоры, Алматының Азаматтық альянсы мен волонтерлік корпус кіріп отыр.
- Ондаған елде тау шаңғысы курорттары орман мен табиғаттың арасында «бейбіт» өмір сүріп жатыр. Олар қоршаған ортаға зиянын тигізбейді, керісінше өз ел азаматтарының басым бөлігіне салауатты өмір сүруге мүмкіндік жасап отыр, - деді Азаматтық альянсының президенті Сәулет Толғанбаева.
Оның сөзінше, қазір құрылысты жақтаушылар саны 1500 адамнан асқан.
- Бұл – «Зеленое спасение» экологиялық қозғалысының сайтында жүріп жатқан
белгісіз электрондық қолдаушылар емес, нақты 1500 адамның қойған қолы. Бұл мәселе қазір әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр. Негізінен жастардан құрылған «Зеленое спасение» экологиялық қозғалысы бұл мәселеге қатысты радикалдық пікірлерін айтып жатыр. Интернетте күні бойы отыратын жастар өздерінің арандатушы пікірлерін жариялап отыр. Біз бұл пікірлердің шынайы жастардың ұстанымы екенін түсінеміз, сондықтан оларды біреулер бағыттап отыр деп білеміз, - деді альянс жетекшісі.
КІМДІ КІМ ҚАРЖЫЛАНДЫРАДЫ?
Волонтерлік корпустың жетекшісі Юрий Батырбеков, өздерінің «Зеленое спасение» экологиялық қозғалысына қатысты сараптама жасағанын айтты.
- Біз «Зеленое спасение» экологиялық қозғалысының сайтына кіріп, олардың «өздерін қаржылай демеп отырған ұйымдарға» алғыс білдіргенін көрдік. Ол «АҚШ-тың демократияны қолдайтын ұлттық қоры» , «Ұлыбритания елшілігі» секілді негізінен батыстық ұйымдар екен. Біз, әрине, олардың қызметі Қазақстан заңдарына еш қайшы емес екенін білеміз. Бірақ «Зеленое спасение» «Көкжайлау» үшін «шайқасты» қалай және кімнің қаржысына жүргізіп жатқанын білгіміз келді. Батыстың қаржысы екен, - дейді Юрий Батырбеков.
Оның сөзінше, бұл жоба «Қазақстанның шикізаттық экономикадан экологиялық экономикаға өтудегі бір жолы».
- Ұлттық қауіпсіздікке тікелей қатысы болғандықтан жобаға қарсы шығушыларды Батыс демеп отырғаны алаңдатады, - деді ол.
Журналистер Юрий Батырбековтен «өзі жетекшілік ететін корпусты кім қаржыландыратынын» сұрағанда, ол корпустың «Жастар саясатын дамыту» мемлекеттік қорының құрамында екенін, қаржыны сол қордан алатынын айтты.
Ал «Зеленое спасение» экологиялық қозғалысының жетекшісі Сергей Куратов,
- Әрине олар пікір айтуға құқылы, дегенмен ол пікірді «ақиқат» деп қабылдауға болмайды, - деді.
«ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІККЕ ҚОЛ СҰҒУ»
Саясаттанушы, әрі ұлттық қауіпсіздікке қатысты сарапшы Талғат Мамырайымовтың ойынша, «ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндірді» деген айып саяси-қоғамдық алаңда оппоненттерден құтылу үшін қолданылады.
- Қазіргі таңда «Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігі және оған қол сұғу» деген саяси шешімдерді қабылдау кезінде оппоненттерді жою үшін жақсы сылтау болды. Соңғы кезде бұған заңнамалық базада «қолдау» көрсетіліп келеді, - деді сарапшы.
Оның сөзінше, «Батыс қаржыландырады» деген айып – «Көкжайлаудың» салынуына мүдделі адамдардың қарсы шабуылы болуы мүмкін.
- Себебі бұл жерде - курортты пайдаланудан түсетін аса үлкен қаржы бар. Мынадай бір сұрақ туындайды. Егер өз мемлекетінің тұрмысы қалай жақсаратынын білгісі келетін қоғам «ұлттық қауіпсіздікті бұзды» деп айыпталса, заң кімнің мүддесін қорғап отыр – ұлттың ба, әлде жекелеген топтардың ба? - деді Талғат Мамырайымов.
Биылғы қаңтардың 11-і күні Алматыда «Көкжайлау» тау шаңғысы курортын салу бойынша қоғамдық тыңдау өткен еді. Оған қатысқан экологтар бұл жобаға қарсы шыққан болатын.
Қоғамдық тыңдау кезінде «Көкжайлау» тау-шаңғысы курорты бас директорының орынбасары Ерлан Теміртаев: «Тау-шаңғысы трассаларының ұзындығы 63 километр болады. Бұдан бөлек, жалпы ұзындығы 22,5 километр болатын 16 аспалы жол салынады. Курорт күніне 10 мың демалушыны қабылдай алады» деген. Ал эколог Мэлс Елеусізов: «Табиғаты керемет Үлкен Алматы мен Құмкөл асуын бұзбау керек. Жобаның құны да қымбат. Одан да «Көкжайлаудан» гөрі «Шымбұлақты» дамытқан жөн» деп қарсы шыққан еді.

«Батыс қаржыландырады» деген айып – «Көкжайлаудың» салынуына мүдделі адамдардың қарсы шабуылы болуы мүмкін. Себебі бұл жерде - курортты пайдаланудан түсетін аса үлкен қаржы бар.