Азаттықтың Қырғыз қызметінің хабарлауынша, өткен аптада өткен бес күндік келіссөз барысында Қырғызстан Қазақстаннан Жамбыл облысының мың гектар жерін жалға беруді сұрап, есесіне су каналын пайдалануды ұсынған.
ҚЫРҒЫЗДАР ҰСЫНЫСЫ
Үкіметаралық келіссөзде сонымен қатар 2001 жылғы келісімді өзгеріссіз қалдыру мәселесі де сөз болған. Қырғызстанның шекараны белгілеу мәселелері бойынша үкіметтің арнайы өкілі Құрбанбай Искандаровтың айтуынша, ұсыныстарды негізінен қырғыз тарабы жасаған.
- Талас облысындағы (Қырғызстан – ред.) дауға байланысты ұсыныстар жасап жатырмыз. 2001 жылғы келісімді қалдырып, екі тарап су каналы мен Чоң-Шынаны өзара жалға беру жолдарын қарастыруды талқыладық. Бізден де басқа жоғары премьер-министр басқаратын комиссиялар бар. Енді бұл мәселе сол деңгейде қаралады. Өйткені біздің комиссия тек демаркация, делимитация бойынша ғана жұмыс жасайды. Қазақ тарабы "бұл мәселе біздің құзырымызға кірмейді, мемлекеттік кеңестің талқылауына берейік" деп айтты, - деді ол.
Құрбанбай Искандаровтың айтуынша, Қазақстан бұл ұсынысқа қатысты жауапты тамыздың 20-сы күні өтетін келесі кездесуде беретін болып келіскен. Бұл аралықта екі мемлекеттің жұмыс тобы даулы аудандарды аралап көрмек.
Қырғызстан өкілінің ақпараты бойынша, 2001 жылы Астанада Қазақстан мен Қырғызстан шекарасына қатысты келісім жасалып, екі ел өзара жер алмасуға келіскен. Келісім бойынша, Үлкен Шына (қырғызша "Чоң шынаа", орысша "Большой клин" - ред.) деп аталатын бөлік Қазақстанның Жамбыл облысының иелігіне өткен.
2012 жылы Үлкен сына бойымен қырғыз малшылардың ыңғайлы көшіп-қонуын және Қазақстан тұрғындарының сол аудандағы Көксай (Быстроток) каналының суын пайдалануын реттейтін үкіметаралық келісім жасалған болатын. Бірақ көп ұзамай Қырғызстан тұрғындары жаңа келісімнің шарттарына наразы екендерін білдіре бастаған.
"ШЕКАРА МӘСЕЛЕСІ - ЖАБЫҚ"
Жер дауына қатысты келіссөзге Қазақстан тарабынан қатысқан үкіметтік комиссия «келіссөздің жабық» екенін айтып, түсініктеме беруден бас тартып отыр.
- Әу бастан-ақ келіссөздердің жабық болатыны жайлы келіскенбіз. Сыртқы істер министрлігінің ақпарат комитеті бұған байланысты шағын ақпарат таратады. Бұдан басқа ештеңе айта алмаймын, - дейді үкіметтік комиссия жетекшісі Вячеслав Ғиззатов Азаттық тілшісіне.
Шілденің 7-і күні Қазақстан мен Қырғызстан арасында шекара түбіндегі жер мен су дауы туған еді. Сол күні Қырғызстанның Талас облысы Қарабура ауданына қарасты Көксай ауылының тұрғындары Қазақстанмен арадағы шекара бөлісімен келіспей, өзеннен тартылған «Быстроток» каналын бөгеп, Қазақстанның Жамбыл облысындағы егіс алқаптарына су жібермей қойған.
Қырғызстанның Талас ауданындағы суды бөгеген азаматтар 2001 жылы жасалған келісімді қайта қарап, «Қазақстанға сатылған» бірнеше мың гектар жерді қайтаруды талап еткен болатын.
Астана Бішкекке қарсылық нотасын жібергеннен кейін яғни, шілденің 17-сі күні ғана арнадағы су қалпына келген.
Жергілікті БАҚ-та су мәселесін шешу үшін Қырғызстанға 1,5 мың гектар жер берілетіні туралы айтылып қалған. Сәл кейінірек Жамбыл облыстық әкімшілігі бұл ақпаратты жоққа шығарып, қырғыз малшыларына "тек Қазақстан территориясында мал жаюға" ғана рұқсат бергенін хабарлады.
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы 1241 шақырымдық шекараны бөлісу келісімі 2009 жылы аяқталып, екі тарап та оны ресми түрде мойындаған болатын.