Шілденің 22-сі күні Бішкекте Қазақстан мен Қырғызстан үкімет комиссияларының кездесуі жабық есік жағдайында басталған.
"ШЕШІМ КЕЙІН БЕЛГІЛІ БОЛАДЫ"
Қырғызстан үкіметінің шекара бойындағы аймақтарды дамыту және шекараны делимитациялау бөлімінің меңгерушісі Курбанбай Искандаровтың Азаттыққа айтуынша, бес күнге жоспарланған кездесудің алғашқы күні Қырғызстанның Талас облысының Көксай ауылының тұрғындары көтерген жер дауына қатысты мәселе талқыланған.
– Кездесулерде әрқилы ұсыныстар айтылып жатыр. Бірақ бүгінгі жиыннан бір шешім шығады деп айту қиын. Қандай шешім қабылданатыны тек бірнеше күннен кейін ғана белгілі болады, - деген Искандаров Азаттықтың Қырғыз қызметіне.
Бішкектегі кездесуде нақты қандай мәселелер қозғалатыны туралы Қазақстан тарабы әзірге ешқандай ақпарат берген жоқ. Қазақстан сыртқы істер министрлігінің өкілі Нұржан Айтмаханов сейсенбі күні Азаттыққа бұл туралы кейінірек қосымша хабарланатынын айтумен шектелді.
ЖЕР МЕН СУ ДАУЫ
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы 1241 шақырымдық шекараны бөлісу туралы келісім 2009 жылы толық аяқталып, екі тарап та оны ресми түрде мойындаған. Бірақ шекара бойында жайылымдық жер және суға қатысты биыл жазда шаққан дау мәселесі екі елдің үкімет деңгейіндегі комиссияларының қарауына түсті.
Шілденің 7-сі күні Қырғызстанның Талас облысы Қарабура ауданының тұрғындары Қазақстанмен арадағы шекара бөлісімен келіспей, өзеннен тартылған «Быстроток» (Көксай) су каналын бөгеп, Қазақстанның Жамбыл облысындағы егіс алқаптарына су жібермей қойған еді.
Олар аумағы 4,5 мың гектар жерді Қырғызстанға қайтаруды және екі ел шекарасын өзен бойымен өткізуді талап еткен. Өзен суының бөгелуі Жамбыл облысындағы ауылдардың егіс алқаптарына қауіп төндірді.
Екі ел үкіметі жүргізген келіссөзден соң шілденің 17-сі күні Қырғызстаннан Қазақстанға «Быстроток» каналы бойынша қайтадан су беріле бастады.
Қазақстанның Жамбыл облысы Жуалы ауданының әкімі Батырбек Құлекеев қырғыз азаматтарының Қазақстан аумағына мал жаюына Жамбыл облысы басшылығының рұқсат еткенін шілденің 16-сы күні Азаттыққа айтқан еді.
Су - Орталық Азиядағы мемлекеттер үшін өзекті мәселелердің бірі. Сарапшылар трансшекаралық өзендердің жоғарғы жағында тұрған Қырғызстан мен Тәжікстан және ағыстың төменгі жағында орналасқан Қазақстан мен Өзбекстан ондаған жылдар бойы тиянақты шешімін таба алмай келе жатқан мәселеде өзара ортақ мәмілеге келмейінше жағдай одан әрі ушыға береді деп ескертеді.