Қазақстанда сандық телеарнаға көшудің алғашқы шаралары іске аса бастады. Техникалық мамандар «сандық телеарна - ең тиімді жүйе» екенін айтады, ал баспасөз құқығын қорғау ұйымы өкілі «көрерменнің нені көрерін билік шешіп жатқанына» наразы.
Шілденің 9-ы күні «ҚазТАГ» агенттігі «Қазтелерадио» акционерлік қоғамының (АҚ) ресми сайтына сілтеме жасай отырып «Алматыда 10-18 шілде аралығында «Көктөбе» станциясында техникалық жұмыстардың жүргізілуіне байланысты телеарналар мен радиолар сағат 9 бен 18 аралығында жұмыстарын уақытша тоқтатады» деп хабарлады.
Ақпарат бойынша, бұл техникалық жұмыстар сандық телеарнаға көшуге байланысты.
«ЖОСПАР – 2015 ЖЫЛЫ ТОЛЫҚ КӨШУ»
Қазақстан 2015 жылға таман сандық телеарнаға толықтай көшуді жоспарлап отыр. 2012 жылы қаңтар айында елде «Телерадио хабарларын тарату туралы» заң қабылданды.
Осы саланы реттейтін ұлттық оператор «Қазтелерадио» АҚ-ның мәліметінше, шілденің 3-і күні сандық телеарнаға алғашқы бес қала – Алматы, Астана, Қарағанды, Жезқазған және Жаңаөзен көшкен.
Компанияның ақпараты бойынша, бұған дейін республика халқының 50 пайызы ең көп дегенде төрт арнаны көріп келген болса, сандық телеарнаға көшкеннен кейін «Отау ТВ»-ға кіретін 30 отандық телеарнаны тегін көре алады.
«Қазтелерадионың» ресми сайтында «Телеарналардың құрамын телерадиохабар тарату мәселелері бойынша мемлекеттік комиссия байқау негізінде анықтайды» деп жазылған.
«КӨРЕРМЕННІҢ НЕНІ КӨРЕТІНІН БИЛІК ШЕШІП ЖАТЫР»
Баспасөз қорғау ұйымдары сандық телеарна технологияның соңғы жетістіктерінің бірі болғанымен, «мемлекеттің сандық телеарнаға көшуде жүргізіп отырған әрекеттері көп жағдайда сөз бостандығы мен адам құқықтарына қайшы келетінін» айтады.
«Әділ сөз» баспасөз қорғау ұйымының президенті Тамара Калееваның ойынша, көптеген елдерде «сандық телеарна таратылымның саны мен сапасын жақсартуға бағытталған, ал Қазақстанда жағдай біршама өзгерек».
– «Біршама өзгерек» деп тым жұмсартып айтып отырмын. Өйткені, неге екені белгісіз, бізде сандық телеарнаға көшу арналарды бақылауды күшейтуге түрткі болды. Билік көптен бері «хабар тарату құқығында проблема болмайды, мүмкіндік те көбейеді» деп айтып келген. Бірақ іс жүзінде олай болмай отыр, – дейді Тамара Калеева.
Қазір «Отау ТВ» пакетіне кіретін арналарға байқау жүріп жатқанын айтқан Тамара Калеева «билік елдегі арналардың тағы бір рет сүзгіден өткізіп, өте сенімділерін ғана алып қалады» деп болжайды.
– Бізде арналардан тарату концепциясы, тарату желісі, аумағы туралы т.б ақпаратты талап етеді. Шығармашылыққа қатысты бұл талаптар дамыған елдердің ешқайсысында қолданылмайды, – дейді Тамара Калеева.
Оның айтуынша, сандық технология ортақ болғанмен, ол Еуропа мен Қазақстанда әрқалай жүзеге асып жатыр.
– Егер ең маңыздысына келсек, бірінші кезекте көрермендердің мүддесі мен құқығы жатыр. Франция, Германия, Ұлыбритания сияқты елдерде мемлекеттік телеарна жоқ. Онда негізгісі – қоғамдық арна. Ал бізде мұны билік тіпті естігісі де келмейді. Мемлекет көрермендерге нені көру керектігін өзі шешіп жатыр, – дейді Тамара Калеева.
Ол мемлекеттік сандық телеарнаға көшу ісі көрермендердің мүддесіне бейімделу емес, көп жағдайда мәжбүрлеу, күштеу сипатында жүріп жатқанын айтады.
«ЕҢ ЫҢҒАЙЛЫСЫ – САНДЫҚ ТЕЛЕАРНА»
Мамандар хабарды көрерменге жеткізудің стандартты төрт жолын (спутниктік тәрелке арқылы, кабельдік сым арқылы, IP TV – интернет-телеарна, сандық телеарна) санамалай келе, «осылардың ішіндегі сапа және сан жағынан өте ыңғайлысы – сандық телеарна» дейді.
– Қазір елдегі тұрғындардың көпшілігі аналогтық таралым арқылы телеарналарды көріп отыр. Сандық телеарнаның бір артықшылығы – ол аналогтық таралыммен салыстырғанда бес есе қуат үнемдейді. Бұрын төрт бағдарламаға төрт жеткізгіш құрылғы керек болса, қазір біреу ғана қояды. Бұдан бөлек, көрсету сапасы жақсарады. Егер аналогтық таралымда мұнарадан алыстаған сайын сапасы нашарлай берсе, мұнда сигнал болса болды – жақсы қабылдай береді, – деді телерадио тарату саласындағы есімін айтпаған маман.
Оның сөзіне қарағанда, сандық телеарнаға көшкеннен кейін босап қалған жиіліктерді де басқаша қолдана беруге болады.
Тәуелсіз блогшы Дмитрий Щелоковтың айтуынша, «сандық телеарнаға көшуде Германияның ең озық тәжірибесі бар».
– Германия сандық телеарнаны дамыту бағдарламасын 2002 жылы қабылдағанмен, елде бұл процесс 2004 жылы басталды. Бірақ ол жақта қоғамдық телеарна бар, сондықтан көрермендер телеарна үшін ақы төлейді. Мультиплексорға (сандық пакеттерге) хабар таратушылар мен байланыс операторларының жиналысында іріктелген арналар кірді. Аналогтық телеарнаны бірте-бірте өшірді. Әуелі ірі-ірі қалалар мен маңын қамтып алып, кейіннен халық аз қоныстанған аудандарға көшті, – дейді Дмитрий Щелоков.
«Телерадио хабарларын тарату туралы» заңға сәйкес, Жаңаөзен қаласында «қала көркін бұзады» деген желеумен бірқатар тұрғындардың спутниктік тәрелкелері алынып тасталғанын Азаттық радиосы бұған дейін жазды.
Мамандардың айтуынша, 2015 жылға таман қарапайым антенна арқылы телеарналарды көріп отырған тұрғындар «Отау ТВ» арналарын көру үшін қосымша құрылғы сатып алуы қажет. Өйткені қарапайым теледидарлар сандық телеарнаның таратқан сигналдарын қабылдамайды. АҚШ-та мұндай құрылғы сатып алу үшін азаматтарға бюджеттен қаржы бөлінген. Қазақстанда ол мақсатқа бюджеттен қаржы бөлінер-бөлінбесі белгісіз.

Франция, Германия, Ұлыбритания сияқты елдерде мемлекеттік телеарна жоқ. Онда негізгісі – қоғамдық арна. Ал бізде мұны билік тіпті естігісі де келмейді.Тамара Калеева.