Accessibility links

Несіп Жүнісбаев: Тағы да алтын алуымыз мүмкін


Спорт журналисі Несіп Жүнісбаев. Сурет жеке мұрағаттан алынды.
Спорт журналисі Несіп Жүнісбаев. Сурет жеке мұрағаттан алынды.

Осы күнде Қазақстаннан 200-дей адам Лондонға барып, спортшыларға қолдау білдіріп жатыр. Ішінде белгілі спорт журналисі Несіп Жүнісбай да бар. Ол «тағы екі алтын алуымыз мүмкін» дейді.

Ардагер журналисттің пікірінше, Қазақстанның бүгінгі табысының сыры «ерен еңбек пен жан-жақты қолдауда» екен.

- Алдымен әрине біздің спортшылардың дайындығынан. Оның ішінде біраз спортшыларды сырттан алғанымыз да жасырын емес, дегенмен олардың да келіп, Қазақстанда жүргеніне 4-5 жыл болды. Одан кейін, қаржылық мәселелер толығымен шешілгенінің арқасы. Қандай жарысқа барамын деді, барды. Оқу-жаттығуларынан қалмады. Беделді турнирлерге қатысып жатты. Мұның барлығы да бүгінгі нәтижеге септігін тигізді, - деді белгілі спорт журналисі Несіп Жүнісбай.

«ҚАЗАҚСТАН БОРАТ АЙТҚАНДАЙ ЕМЕС»

Лондондағы олимпиада ойындары бел ортасына келді. Қазақстан құрамасы алты бірдей алтын олжалады. Сұхбаттасымыз «Қазақстан спортшыларының бұл жетістігі осы күндері Лондонда жүрген қазақ жанкүйерлерінің де мерейін өсіріп тұр» дейді.
Олимпиада чемпионы қазақстандық жеңіл атлет Ольга Рыпакова. Лондон, 5 тамыз 2012 жыл.
Олимпиада чемпионы қазақстандық жеңіл атлет Ольга Рыпакова. Лондон, 5 тамыз 2012 жыл.

- Ольга Рыпакова чемпион болғаннан кейін баспасөз мәслихаты өтті. Оған осы Лондонда бес жыл бойы жұмыс істеп жүрген бір қазақ қызы да келген екен. Сұхбаттаса келе ол «осыған дейін британдықтар «Қазақстан» дегенде Боратты еске алып, бізді сайқымазақ етіп жүрген. Осы жолы Қазақстан алты медаль алғанда, оның ішінде төртеуін ауыр атлетикадан алған кезде пікірлері өзгерді. Бүкіл спорт кешендерінде бізді танитын болды. «Міне, Қазақстан!» деп арқамыздан қағып, алдымыздан қол шапалақтап қарсы алатын болды» деп мақтанды, - деді Несіп Жүнісбай.

ЖЕҢІМПАЗДАР «ҚҰПИЯСЫ»

Сұхбаттасымыз сөз барысында Азаттыққа «бір құпияны» айтты.
Қазақтың қазысы Гиннес рекордтар кітабына енді. 2011 жылы қаңтардың 23-і күні Шынжаңның Құлжа қаласында қазақтар ұзындығы 213,2 метр болатын қазақтың қазысын жасап шыққан. (Көрнекі сурет)
Қазақтың қазысы Гиннес рекордтар кітабына енді. 2011 жылы қаңтардың 23-і күні Шынжаңның Құлжа қаласында қазақтар ұзындығы 213,2 метр болатын қазақтың қазысын жасап шыққан. (Көрнекі сурет)

- Осы жолғы біздің табыстардың 10-20 пайыз үлесі мынада: осындағы спорт және дене шынықтыру агенттігінің төрағасы Талғат Ермегияев ертең не арғы күні жарысқа шығады деген спортшыларды қонақ үйге шақырып, жеке күтеді. Қазақстаннан арнайы алып келген, ағылшын асханасында жоқ тамақтарды - қазы-қартасын, қымызын беріп, жарысы аяқталып, медальдарын алғаннан кейін олимпиада қалашығына қайтарып жатыр, - деді сұхбаттасымыз.

ЕНДІГІ ҮМІТ ПАЛУАНДАР МЕН БОКСШЫЛАРДА

Несіп Жүнісбай бұл ойындардың «Қазақстанның тәуелсіздік алғаннан кейінгі олимпиада ойындарындағы алғашқы ірі жетістігі» екенін айтты. Сұхбаттасымыз «Бұған дейін тек үш алтын алып келген Қазақстан таяу арада бұл нәтижені оңайлықпен қайталай алмас» деді.

- Қанша айтқанмен біз қазақ еліміз, қазақ мемлекетіміз, мемлекеттің құрушысы -
Екі дүркін әлем чемпионы, қазақстандық боксер Серік Сәпиев. Алматы, 8 мамыр 2012 жыл.
Екі дүркін әлем чемпионы, қазақстандық боксер Серік Сәпиев. Алматы, 8 мамыр 2012 жыл.
қазақ халқы, сондықтан осы олимпиададан өзіміздің ең болмағанда екі қазақ алтын алса, еңсеміз одан да жоғарылап, шалқайып қайтар едік, - деді ол.

Ендігі үміт палуандар мен боксшыларда.

- Алты боксшы қазір жарысты жалғастырып жатыр, палуандарымыз енді кірісті. Грек рим күресінің мықтылары бүгін шығады, одан кейін еркін күрестің жігіттері бар. Сондықтан бір-екі «алтын» әлі аламыз, ал «күміс» пен «қоланы» жарыстың соңына қарай жинап аламыз, - деді Несіп Жүнісбай.
XS
SM
MD
LG