Accessibility links

Метеорит Ақтөбе мен Қостанайда да байқалды


Көктен құлаған нысанның ізі. Ресейдің Челябинс облысы. 15 ақпан 2013 жыл.
Көктен құлаған нысанның ізі. Ресейдің Челябинс облысы. 15 ақпан 2013 жыл.

Ресейде метеорит жауынынан зардап шеккен адамдар 500-ге жуықтады. Метеорит жауынын Ақтөбе мен Қостанай тұрғындары да көргендерін айтты.

Ақтөбе және Қостанай өңірінің тұрғындары жұма күні таңертең аспаннан отқа оранған белгісіз нысанды байқаған.

"НЛО ДЕП ОЙЛАП ҚАЛДЫМ"

Ақтөбе тұрғыны Лаура Жасұланқызы белгісіз құбылыс таңғы сағат 8.20 шамасында байқалғанын айтады.

- Жұмысқа барайын деп автобус күтіп тұрғанмын. Кенеттен аспаннан отқа оранған жасыл түсті құйрығы бар домалақтау затты көрдім. Ракета, ұшаққа ұқсамайды. "НЛО" деп ойладым. Үлкен үйлер тұсына түсіп кеткендей болды. Бірақ дыбыссыз. "Бұл не екен?" деп айналадағы адамдардан сұрасам, ешқайсысы байқамапты, - дейді Лаура Жасұланқызы.

Ақтөбе облыстық төтенше жағдай департаментінің баспасөз хатшысы Әйгерім Наурызбаеваның айтуынша, Қарғалы ауданындағы Ащылысай ауылының, Мәртөк ауданындағы Казанка және Қаратоғай елді мекенінің тұрғындары да жанғыш затты байқағандарын айтып, департаментке хабарлаған.



- Бұл жаққа төтенше жағдай департаментінің қызметкері мен құралдар жіберілді. Қазір іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Жаңа ғана жедел жұмыс жасау тобы ешқандай белгісіз зат табылмағанын хабарлады, - деді Әйгерім Наурызбаева.

Мұндай белгісіз объектіні Қостанай облысының тұрғындары да байқаған. Қостанай облыстық төтенше жағдай департаментінің мәліметінше, ешкім зардап шекпеген.

РЕСЕЙДЕ ҚҰЛАҒАН МЕТЕОРИТ

Ресейлік ақпарат құралдарының жазуынша, ақпанның 15-і күні Челябинск, Свердловск, Түмен және Қорған облыстарында метеорит жаңбыр жауып, зардап
Метеорит жауыннан кейінгі Челябинск мырыш зауыты. Ресей, 15 ақпан 2013 жыл
Метеорит жауыннан кейінгі Челябинск мырыш зауыты. Ресей, 15 ақпан 2013 жыл
шеккен адамдар саны соңғы мәлімет бойынша, 500-ге жақындаған. Олардың арасында балалар да бар.

Мамандар қазір Орал ауданы Шұбаркөл қаласы маңындағы көлге құлаған метеориттің табиғатын зерттеп жатыр.

"Роскосмостың" ресми сайтында аспан денесінің метеорит санатына жататыны туралы хабарлама бар.

"Алдын-ала бағалау бойынша, бұл техногендік емес ғарыш объектісі, төменгі траекториямен секундына 30 шақырым жылдамдықпен ұшқан метеорит деп есептелді" деп жазылған сайтта.

Жұма күні интернетте түрлі мобильдік құрылғыларға, видеотіркегіштерге түсірілген метеорит жауынының видеосы жарияланып жатты. Көптеген видеолардан отқа оранған, құйрығы бар шардың өтіп бара жатқанын көруге болады.
  • 16x9 Image

    Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

    1985 жылы дүниеге келген.
    2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
    2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

    Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

XS
SM
MD
LG