Accessibility links

Доллар дүрбелеңінен соң сұраныс әлі жоғары


Доллар құнының өсуі
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:01:26 0:00

Азаттық тілшісі Алматы тұрғындарының ақшаны қай валютамен сақтайтынын сұрастырған еді. 25 қыркүйек 2013 жыл.

Қазақстанда доллар бағамы біртіндеп көтерілген кезде «девальвация болады» деген сыбыс шығып, жұрт айырбас пункттеріне жүгірді. Тамыз айында 2 миллиардқа жуық доллар сатылған.

Қазақстандықтар 2 миллиард 500 миллион АҚШ долларына тең рекордтық көлемдегі ақша сатып алған шілдемен салыстырғанда, тамыз айында қолма-қол доллар сату біраз бәсеңдеген.

СҰРАНЫС ӨСТІ

Әдетте жаз уақытында валюта нарығында өлі маусым болмағанымен, сәл тыныштық орнайды. Бірақ ұлттық банктің статистикасына қарағанда, өткен үш айда бұл нарықтағы сауда қызу жүрген. Ресми дерек бойынша, маусымның басынан тамыздың соңына дейін айырбас пункттері халыққа 6 миллиардтан астам доллар сатқан. Бұл – жыл басынан бері сатылған доллардың 47 пайызы.

Азаттық тілшісі доллар дүрбелеңі ең көп байқалған Алматы қаласының айырбас пункттеріне кіріп, шетел валютасын сатып алушылардан долларды қандай мақсатпен алып жатқанын сұрап көрді.

– Демалысқа бара жатқандықтан теңгені долларға айырбастап тұрмын. Осыдан үш-төрт ай бұрынғыдай емес, қазір курс жоғары. Ақшаны долларда сақтаған жөн
Теңге ұстап тұрған адам. (Көрнекі сурет)
Теңге ұстап тұрған адам. (Көрнекі сурет)
деп ойлаймын. Оны кез келген елде, ал теңгені ТМД елдерінде ғана айырбастай аласың, – дейді Рашид Разиев.

Ақша айырбастап тұрған Айерке Ермек деген кісі бұл пікірді қостамайды.

– Шетел компаниясында істеймін, жалақыны доллармен алып, теңгеге ауыстырамын. Мен үшін ақшаны теңгемен сақтаған ыңғайлы. Долларға қарағанда, ұлттық валюта сенімдірек, тиімдірек, әрі келешегі бар. Доллар бағамы бір көтеріліп, бір түсіп жиі өзгереді. Ақшамды теңгемен жинап, жылжымайтын мүлік сатып алмақпын, – дейді Айерке Ермек.

Қазақстанның ұлттық банкінің деректері бойынша, биыл қаңтарда 150,73 теңге болған доллардың ресми бағамы тамызда 152,93 теңгеге дейін өсті.

АЙЫРБАС ПУНКТТЕРІНДЕГІ АЛАШАПҚЫН

Жыл сайын екінші деңгейлі банктердің айырбас пункттері мен жеке меншік айырбас орындары арқылы миллиардтаған шетел валютасы сатылып, сатып алынып жатады. Ұлттық банктің деректері бойынша Азаттық тілшісі құрастырған кестеден айырбас пункттері долларды сатып алумен салыстырғанда, үш есе көп сатқанын көруге болады.

АҚШ долларын сату-сатып алу көлемі, (миллион)

Доллар бағамы 2009 жыл 2010 жыл 2011 жыл 2012 жыл 2013 жыл
(8 айы)
алу 6 264 5 968 6 826 7 114 4 935
сату 14 572 16 227 19 258 20 208 12 854

Азаттық тілшісіне жаздағы дүрбелең жайлы айырбас пункттерінің қызметкерлері де айтып берді. Олардың айтуынша, шетел валютасына деген сұраныс қазір сәл төмендегенімен, бұрынғысынша жоғары.

– Доллар бағамы өскенімен, клиент көп. Қазір валюталардың бағамы тұрақтамай тұр. Сондықтан доллар 153 теңгеден 152 теңгеге түскен күні ақша айырбастаушы адам біраз көбейді. Клиенттер доллардың түсуін күтіп отырған сияқты, – дейді айырбас пунктінің қызметкері Мақпал Әмірова.

БИЛІК САБЫРҒА ШАҚЫРАДЫ

Ұлттық банк валютаның ірі партиясын сату арқылы жыл басынан бері валюталық интервенциясын тоқтатпады. Бұл әрекет валюта нарығы мен валюта бағамын үкіметке тиімді деңгейде ұстап тұруға мүмкіндік берді.

Әйтсе де ұлттық банк өзінің алтын-валюта қорын жоғалтып жатыр. Тамыздың соңына қарай бұл қор жыл басымен салыстырғанда, 2 миллиард 412 миллион долларға немесе 8,8 пайызға қысқарған.

Халықты тыныштандыруға тырысқан ұлттық банк шілдеде бағам саясаты жайында мәлімдеме жасады. Ұлттық банк төрағасы Григорий Марченко Ресей
Ұлттық банк төрағасы Григорий Марченко. Алматы, 9 сәуір 2013 жыл.
Ұлттық банк төрағасы Григорий Марченко. Алматы, 9 сәуір 2013 жыл.
рублі құнсыздануын күткен жұртқа «Қазақстанның ұлттық банкі жүргізіп отырған теңгені қолдау саясаты мен Ресейдің орталық банкінің валюталық реттеу саясатының арасында айырмашылық бар. Ресей рублі девальвацияға ұшыраған күннің өзінде Қазақстанда бұған негіз жоқ» деп бірнеше мәрте мәлімдеді.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев шілденің аяғында «Қазақстанның ұлттық валютасының құнсыздануына негіз жоқ» деген мәлімдеме жасады.

Бірақ қазақстандықтар ресми емес ақпаратқа көбірек сенетін сияқты. Әйтпесе валюта дүрбелеңін қалай түсіндіруге болады? 2013 жылдың шілде-тамыз айларында қазақстандықтар айырбас пункттерінен төрт жарым милииард доллар сатып алды. Бұл - теңге бір сәтте құнсызданып шыға келген 2009 жылдың қаңтары мен ақпан айында сатылған доллар көлемінен бір миллиардқа жуық долларға көбірек.

Мақаланы әзірлеуге Руслан Меделбек қатысты.
XS
SM
MD
LG