Қазақстанның ұлттық банкі монетарлық саясатына өзгерістер енгізді. Енді теңгенің бағамы доллардың емес, доллар (үлесі – 70 пайыз), еуро (20 пайыз) және Ресей рублінен (10 пайыз) тұратын мультивалюталық себеттің бағамына қарай белгіленетін болды.
Ұлттық банк таратқан хабарламада бұл қадамға баруға «Қазақстан Республикасы мен негізгі сауда әріптестермен интеграциялық процестердің, сауда және сыртқы экономикалық байланыстардың қарқынды дамуы» ықпал етті және мультивалюталық қор тәртібі «нарықтағы алыпсатарлықты азайтады» деп жазылған.
Биыл жазда доллар бағамы 153 теңгеге дейін өсіп, теңгенің жағдайы жұртты біраз қобалжытты. Алайда тамыздың соңында баға тұрақтанып, тіпті аздап төмендеді. Қыркүйектің 2-сіндегі жағдай бойынша доллардың ресми курсы 152,81 теңге болды.
Азаттық тілшісі валюталық нарықтан тағы қандай жаңалық күтуге болатыны жайлы, мультивалюталық қор нендей өзгерістер әкелетіні туралы экономист Олжан Құдайбергеновтен сұрады.
Азаттық: Теңгені мультивалюталық қорға тәуелді етудің қандай салдары болуы мүмкін?
Олжас Құдайбергенов: Бұл шара ұлттық банктің енді доллар ғана емес, еуро мен рубльдің қарқынына қарай әрекет жасайтынын білдіреді. Бірақ доллардың үлесі бәрібір қомақтырақ болып қалды – 70 пайызға жуық. Ал еуро мен рубль (әсіресе рубль)әлі де долларға тәуелді. Осындай сәттерді ескерсек, көбінесе техникалық мақсатты көздеген бұл шара айтарлықтай нәтиже бере қоймас.
Ұлттық банк мультивалюталық қорға көшу арқылы бағам өзгерісіне қарай жасайтын іс-әрекетін болжамдап алғысы келеді. Бірақ доллар бағамының құбылуын халық психологиялық индикатор ретінде қабылдайды.
Азаттық: Бұл шараны енгізу арқылы ұлттық банк әуелі қандай мақсатты көздеді?
Олжас Құдайбергенов: Егер мультивалюталық қорды енгізген елдердің тәжірибесіне қарасақ, бұл еркін валюталық курсқа апаратын жол екенін көреміз. Егер ұлттық банк осыған дейін доллар бағамын 150 теңгенің ар жақ, бер жағында (3-5 теңге ары-бері) ұстауға тырысса, енді бұл коридор кеңейеді. Алғашқы кезде оның бір валюталы қордан онша айырмашылығы болмайды.
Азаттық: Теңгенің бағамы жуырда қалай өзгеруі мүмкін?
Олжас Құдайбергенов: Биыл әлдебір күрт өзгерістердің бола қоймайтыны анық. Оның үстіне қазір мұнайдың бағасы да өсті. Сондықтан елдің валюталық позициясы өте мықты.
Азаттық: Бұл қорға рубльді енгізу қаншалықты тиімді? Саясат тұрғысынан алғанда, бұл Ресейге бет бұру дегенді білдірмей ме?
Олжас Құдайбергенов: Бұл арада саясаттың қатысы жоқ. Ал Кеден Одағының ықпалы тигені анық. Ресеймен ара қатынасқа бұл ешқандай әсер етпейді.
Азаттық: Сұхбат бергеніңізге рахмет.