Бүкіл әлемде тоғыз ай толмай дүниеге келетін сәбилер саны өсіп барады. БҰҰ сарапшылары жүргізген алғашқы зерттеу кедей елдер мен дәулетті елдерде бала өмірін сақтап қалу мүмкіндігінің айырмашылығы көп екенін айтады. Мысалы, дамыған елдерде 28 аптаға жетпей туған сәбилердің 90 пайызы аман қалады, ал артта қалған елдерде ондай сәбилердің тек 10 пайызы ғана өмір сүріп кетеді.
«75 ПАЙЫЗЫН АМАН АЛЫП ҚАЛУҒА БОЛАДЫ»
Дамыған елдерде құрсақтағы баланы жарып алу, жасы ұлғайған әйелдердің айы-күнінен ерте босануы, жасанды жолмен бала көтеру оқиғалары көбейгендіктен шала туатын сәбилер саны да өскен.
Ал кедей елдерде қауіпті жұқпалы аурулардың жайылуы, кәмелетке толмаған қыздардың жүкті болуы бала өлімінің жиілеуіне әсер етеді.
Осы есепті дайындаған авторлардың бірі, «Балаларды қорғау» ұйымының директоры Джой Лоунның айтуынша, жұрттың көбі шала туған сәбидің өмірін сақтап қалу мүмкін емес деп ойлайды.
– Ол дұрыс емес. Айы-күні жетпей туған сәбилердің 84 пайызы өміршең келеді, тек олардың өмірі үшін күресу керек, – дейді Джой Лоун.
«Әлемде жылына бір миллионнан аса шала туған сәбидің шетінеуі бұл мәселеге жеткілікті назар аударылмай отырғанын көрсетеді» деген мамандар жаңа туған сәбилер өмірін сақтап қалу үшін қажетті шараларды қолға алуға шақырды.
«Мерзімінен ерте туған нәрестелерге қатысты ғаламдық әрекет» деп аталған есептің авторлары «Жүкті аналарға арзан медициналық көмек беріп, неонатальды орталықтар ашып, дер кезінде қажетті дәрігерлік жәрдем көрсетілсе, жаңа туған нәрестенің 75 пайызының өмірін сақтап қалуға болады» дейді.
«Балаларды қорғау» ұйымының директоры Джой Лоунның айтуынша, мерзімінен бұрын дүниеге келу - әлемдегі жаңа туған сәбилердің жартысына жуығының өліміне себеп. Қазіргі кезде шала туған балалар өлімі көбейіп, оның саны 5 жасқа дейінгі өкпе қабынуы ауруынан көз жұмған сәбилерден кейінгі екінші орында тұр. Зерттеу тобының жетекшісі Джой Лоун:
– Сәбилердің мерзімі жетпей туғаны туралы деректер біз ойлағаннан да көп болып шықты. Бәрі оған таң қалды, – дейді.
2010 жылғы ахуалға байланысты бұл зерттеуге 184 елден жиналған деректер енген. Пәкістан әлемде мерзімінен ерте туатын бала саны ең көп елдер қатарына кірген. Бұл елде әрбір жүз баланың 16-сы мерзімінен ерте туады. Осы көрсеткіш бойынша Пәкістаннан Үндістан мен Қытай ғана алда тұр. Үндістанда жыл сайын 3 миллион 520 мың бала, Қытайда 1 миллион 172 мың бала айы-күні толмай туады.
«ОТЫЗ МЫҢНЫҢ ЕКІ МЫҢЫ ШЕТІНЕДІ»
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының есебіне қарағанда, Қазақстанда 2010 жылы 30 мың 400 нәресте айы-күні жетпей туған, оның 2 мың 200-і шетінеп кеткен.
Ал Қазақстан статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смаиловтың биыл наурыз айында айтқан дерегіне қарағанда, 2012 жылдың қаңтарында бір жасқа дейінгі 504 бала шетінеген.
– Дүниеге келген 1000 сәбидің 14,3-і шетінеді. Сәбилер өліміне негізінен перинатальды кезеңдегі жағдайлар әсер етеді. Осы көрсеткішпен 257 нәресте шетінеген. Бұл жалпы есептің 51 пайызын құрайды, – деді Әлихан Смаилов.
Мамандардың айтуынша, Қазақстан бойынша нәресте өлімі жөнінен Қызылорда өңірі орташа деңгейден асып кеткен.
Сәуірдің 19-ы Алматыда өткен баспасөз мәслихатында Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Серік Игембаев «Қызылорда облысында өмірге келгеннен кейінгі алғашқы алты тәулік ішінде шетінеп кеткен балалардың 66,4 пайызы – шала туған нәрестелер» деген мәлімет айтты.
– Арал маңындағы аймақтың ауыр экологиялық жағдайына байланысты бүкіл облыс тұрғындарының, сонымен бірге бала туу жасындағы әйелдердің денсаулығы ақсап жатыр. Сол себепті нәресте өлімінің көрсеткіштері жыл сайын орташа республикалық деңгейден асып отырады, – дейді Серік Игембаев.
Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының айтуынша, алғашқы алты тәулік ішінде шетінеп кеткен балалардың арасында салмағы 500-999 грамм шамасындағы нәрестелердің үлесі – 21,1 пайыз.
Елде жылына орта есеппен салмағы тым төмен 46-51 нәресте дүниеге келіп, оның 34-38-і көз жұмады.
2009 жылы бір жасқа дейінгі салмағы аз балалардың саны 3,8 пайыз болса, 2011 жылы бұл көрсеткіш 17,6 пайызды құраған.
Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Серік Игембаевтың айтуынша, нәресте өлімінің азаюы құрал-жабдықтарға байланысты.
– Алматының перзентханалары мен перинаталды орталығына қойылған жабдықтар жаңа туған жүздеген нәрестенің өмірін құтқарып қалуға септігін тигізіп жатыр. Алматы қаласында салмағы тым төмен болып, шала туған нәрестелердің өмірін сақтап қалу көрсеткіші 5-тен 24 пайызға дейін артты, – дейді Серік Игембаев.
Жуықта Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімов денсаулық сақтау министрлігінің дерегіне сүйеніп, «Елде бала мен ана өлімі азайды» деп хабарлады. Министрліктің мәліметіне қарағанда, 2012 жылдың алғашқы үш айында сәби өлімі 10 пайызға кеміген.