Accessibility links

Назарбаева туыстарды жұмысқа тартуға шүйлікті


Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы Дариға Назарбаева. Алматы, 11 қараша 2011 жыл
Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы Дариға Назарбаева. Алматы, 11 қараша 2011 жыл
Қарашаның 7-сі күні мәжілісте мемлекеттік қызмет туралы заңға енгізілетін өзгерістер туралы заң жобасы таныстырылды.

Жаңа заң жобасының бір бөлімінде мемлекеттік қызметке «туыстық және жершілдік белгілері» бойынша жұмысқа қабылдамау туралы айтылған.

Заң жобасының бұл тұсын депутаттар әртүрлі қабылдады.

Мысалы, мәжіліс депутаты Дариға Назарбаева туысқаншылдық пен жершілдіктің жойылатына күдік келтіріп, заң жобасын таныстырушы мемлекеттік қызмет бойынша агенттік басшысы Әлихан Бәйменовке қарата былайша сұрақ қойды:

- Сіз бұдан былай туысқаншылдық, өзіне берілгендік, т.б. белгілер бойынша мемлекеттік қызметке алынбайтыны туралы айттыңыз. Өз басыңыз бұған сенесіз бе? Бұл салада қалыптасып қалған дәстүрлі механизмді жоюдың амал-әдістері қандай болуы керек? - деді.
Сіз бұдан былай туысқаншылдық, өзіне берілгендік, т.б. белгілер бойынша мемлекеттік қызметке алынбайтыны туралы айттыңыз. Өз басыңыз бұған сенесіз бе? Бұл салада қалыптасып қалған дәстүрлі механизмді жоюдың амал-әдістері қандай болуы керек?
Дариға Назарбаеваның Әлихан Бәйменовке қойған сұрағы

Бұған Әлихан Бәйменов былайша жауап берді:

- Туыстық принциптер бойынша, Дариға Нұрсұлтанқызы, [жұмысқа тұрудың] азаятынына өз басым сенем... Жалпы алғанда қазіргі заң (мемлекеттік қызмет туралы – ред.) қабылданғаннан кейін бірқатар теріс құбылыстар қатты тежелді. Атап айқанда, жетекшіні өзгерткен кезде көптеген қызметкерлердің ауысуы үш есе азайды. Қазіргідей еңбек пен адам ресурсы шектелген кезде жетекшілер 90-шы жылдардың ортасымен салыстырғанда өзінде білікті мамандар істегеніне әлдеқайда мүдделірек, - деді Әлихан Бәйменов.

Сәрсенбі күні мемлекеттік қызмет туралы заңға өзгерістер енгізу туралы заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданған.

Қазақстанда мемлекеттік қызмет туралы заң 1999 жылы қабылданған болатын.
  • 16x9 Image

    Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

    1985 жылы дүниеге келген.
    2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
    2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

    Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

XS
SM
MD
LG