Accessibility links

Ұлт көшбасшысын мақұлдауды Сенат та сарғайтпады, ал оппозиция президентті оған қол қоймауға шақырды


Оппозициялық саясаткер Серікболсын Әбділдин мен "Алға" партиясы төрағасының орынбасары Михаил Сизов баспасөз-мәслихатында. Алматы, 13 мамыр, 2010 жыл.
Оппозициялық саясаткер Серікболсын Әбділдин мен "Алға" партиясы төрағасының орынбасары Михаил Сизов баспасөз-мәслихатында. Алматы, 13 мамыр, 2010 жыл.

Сенат Ұлт көсеміне қатысты заң жобаларын мақұлдаған күні-ақ оппозиция оны сынап үлгерді. «Қазақбашылыққа» бара жатқан жол деп бағалаған қоғамдық ұйымдар Назарбаевтан өзіне ұлт көсемі атағын беретін және басқа да жеңілдіктер сыйлайтын заң жобаларына вето қоюды сұрады.


ХАНДЫҚ КЕЗЕҢГЕ ҚАЙТА ОРАЛУ

Қазақстанның қос бірдей палатасы - мәжіліс те, сенат та ел президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жетпіс жылдық мерейтойына сыйлық жасап үлгерді – оған Елбасы деген атақ беріп, оны және оның жақын туысқандарын кез-келген қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатты деп бағалады Алматыда арнайы баспасөз жиынын өткізген қоғамдық ұйым өкілдері.

- Біз хандық дәуірге қайтып оралдық. Оған қалаған сыйлығын берсін, көлік, тұлпар деген сияқты. Бірақ ең сорақысы бұл құжатпен бірге - біздің болашағымыз да сыйланып кетіп жатыр. Заң жобасы – президенттің өз тағында әлі біраз отыруын қамтамасыз етеді. Сыйлықтар көп қой. Мәселен астанадағы тұңыш президенттің мұражайын сыйлап жатыр, мейлі біздің қарсылығымыз жоқ. Бірақ біздің болашағымызды, бізді сыйлаудың қажеті қанша?- дейді Ғазиз Алдамжаров.
Қазақстан коммунистерінің жетекшісі Ғазиз Алдамжаров пен "Әлеуметтік қарсыласу" қозғалысының жетекшісі Айнұр Құрманов баспасөз-мәслихатында. Алматы, 13 мамыр, 2010 жыл.


Оның пікірінше, Президент Ұлт көшбасшысы бола алмайды – себебі қазақстандық ұлт идеясы сәтсіздікке ұшырады. Сондықтан оның Қазақстандағы қай ұлттық жетекшісі екендігі белгісіз дейді Алдамжаров.

"ПРЕЗИДЕНТ МЫРЗА, ВЕТО ҚОЙЫҢЫЗШЫ!"

Бейсенбі күні сондай-ақ оппозициялық «Азат» жалпыұлттық демократиялық партиясының жетекшілері президент Нұрсұлтан Назарбаевтан ұлт көшбасшысы туралы заңнамаға вето қоюуын сұрап, ашық хат жолдады.

«Біз сізден саясаи көрегендік пен азаматтық жауапкершілік танытып, ұлт лидері туралы заңнамаға вето қоюуыңызды сұраймыз», - делінген бейсенбі күні «Азат» ЖСДП таратқан үндеуде.

Үндеуде ел Конституциясы мен «Тұңғыш президент туралы» заңда президенттің барлық құқықтары мен еркіндігі жеткілікті дәрежеде қамтылғандығы айтылады.

«Ұлт көшбасшысы» ұғымы барша халықтың бейресми түрде таңдаған моральдық-адамгершілік ұғым болып табылады және ол ешуақытта заңдастыруға келмейді. Тарихта көшбасшы ретінде қалған саясаткерлер мұндай атаққа ең алдымен ешқандай қосымша шен мен шекпенді қажет етпей, халқына мүлтіксіз қызмет етуінің арқасында ие болған», - делінген ашық хатта.

ҰПАЙ ЖИНАУДЫҢ АМАЛЫ

Коммунист Серікболсын Абдилдин, президентке бұған дейін бірнеше рет «ерекше» сыйлық ұсынушылардың болғандығын айтады.

- Оның президенттік тақта 20 жыл отырғандығы үлкен сыйлық. Тағы бірде Әбіш Кекілбаев бастаған Жоғарғы кеңес – Астананы сыйлады. Енді міне заңды сыйлап жатыр, - дейді Әбділдин.

Оның сөзінше бұл заңның қаралуы мен талқылануы саяси ойын болуы да ықтимал.

- Менің ойымша Назарбаев өзі тапсырма беріп жасатып отырған заңға қол қояды. Ал егер өзінің атақ- даңқы, абыройы сақталсын десе, дүниежүзіндегі Назарбаев туралы айтылып жүрген пікірлер орнықсын десе, бұл құжатқа Назарбаев қол қоймауы керек. Егер қол қоймаса, бізде ондай саяси ойындар бола береді, 70 жылдығын тойлағаннан кейін билікте бір төңкерістер жасауы мүмкін. Мәселен, «парламентте маған жақпайтын ұсыныс жасап, заң қабылданды сол үшін оны мен ұстамаймын» деуі мүмкін, - дейді коммунист Серікболсын Әбдилдин.

Ондай болған жағдайда Қазақстан президенті халықыралық ұйымдар мен әлем алдында ұпай жинайтындығы сөзсіз дейді комунист.

"ҰЯТҚА ҚАЛДЫРАТЫН ЗАҢДАР"
Парламент депутаттары "Ұлт көшбасшысына" қатысты заң жобаларын талқылау барысында. Астана, 13 мамыр, 2010 жыл.


Сенаттан бір күн бұрын ғана Мәжілістің 99 депутаты даңғыл жолға салып жіберген Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа ұлт көшбасшысы мәртебесін беруді қарастыратын заң жобасы мәртебемен қатар біршама жеңілдіктерді қарастырады.

Құжатта мемлекет басшысының президенттік қызметте болған кезде жасаған іс-әрекеттері үшін жауапқа тартылмайтындығы айтылған. Сондай-ақ оны ұстауға, қамауға алуға, тінтуге, жауап алуға немесе жеке басын тексеруге болмайды.

Одан өзге, заң жобасы бойынша Қазақстанның тұңғыш президентін көпшілік алдында қорлағаны және абыройы мен қадір-қасиетіне өзгедей қол сұққаны, суретін бүлдіргені, заңды қызметін атқаруына кедергі келтіргені үшін қылмыстық жауапкершілік белгіленеді. Парламент қабылдаған бұл заң президенттің қол қоюына жіберілді.

Ал елдегі оппозиция өкілдері бұндай "ұятқа қалдыратын масқара" заңдардың қабылдануына барлық заңды жолдармен қарсылық білдіретіндіктерін мәлімдеп отыр.
XS
SM
MD
LG