Accessibility links

Оралман қабылдай алатын 7 облыс белгілі болды


Жол бойында жұмыс берушіні күтіп отырған оралман аналар. Алматы облысы Талғар ауданы Жалғамыс ауылы, 17 қазан 2011 жыл. (Көрнекі сурет)
Жол бойында жұмыс берушіні күтіп отырған оралман аналар. Алматы облысы Талғар ауданы Жалғамыс ауылы, 17 қазан 2011 жыл. (Көрнекі сурет)

Қазақстан үкіметі оралмандарды қоныстандыратын облыстар туралы қаулы қабылдады. Министрлік өкілі бұл аймақтарды таңдаудың бірнеше себебі барын айтады.

Қазақстан үкіметі оралмандарды Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарына орналастыру жөнінде қаулы қабылдады.

Наурыздың 20-сында қабылданып, ақпарат құралдарында 1 сәуірде жарияланған қаулы «Оралмандарды жайғастыру өңірлерін айқындау туралы» деп аталады.

Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігіне қарасты көші-қон комитеті төрағасының орынбасары Аслан Қаржаубаев Азаттыққа берген сұхбатында бұл қаулының мәнін түсіндірді.

Азаттық: – Оралмандарды орналастыруға не себепті осы жеті облыс таңдалды?

Аслан Қаржаубаев: – Бұл қаулы 2013 жылы желтоқсан айында қабылданған «Көші қон туралы» заңды жүзеге асыруға арналған. Сол заңда «оралмандарды қабылдайтын өңірлерді үкімет айқындайды» деп жазылған. Осы тұрғыда біз «қай
Есіл ауылындағы мектепке бармаған оралман отбасыларының балалары. Қарағанды облысы, 2 қыркүйек 2010 жыл. (Көрнекі сурет)
Есіл ауылындағы мектепке бармаған оралман отбасыларының балалары. Қарағанды облысы, 2 қыркүйек 2010 жыл. (Көрнекі сурет)
облыстар оралмандарды қабылдауға дайын» деген сұрау салдық. Қаулыда көрсетілген жеті облыс оралмандарды қабылдауға дайын екендерін білдірді. Ал тізімде аталмаған облыстар әзірге оралмандарды қабылдауды тоқтата тұру жөнінде шешім қабылдады.

«Көші-қон туралы» былтырғы заң қабылданбай тұрып оралмандар Қазақстанның қай өңіріне баратынын өзі таңдады. Сондықтан тең жартысы Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және Маңғыстау облысына шоғырланды. Бұл облыстарда тұрғын саны онсыз да көп. Жұмыс, баспана мәселесін шешу қиындау. Сондықтан оралмандар оңтүстікке қоныстанғанымен, одан кейінгі тұрмыс-тіршілігінде қиыншылықтар туды.

Ал қаулыда аталған жеті облыста жыл сайын келгендерден кеткендердің саны көбейіп барады. Екіншіден, оралмандарға бұл облыстарда баспаналы болуға, шаруашылықпен шұғылдануға мүмкіндік мол.

Бұл ретте оралмандардың шыққан жері де ескеріліп отыр. Мысалы, Қарақалпақстан мен Түркіменстаннан келетін оралмандар негізінен Маңғыстау
Сауд Арабиясынан көшіп келген қазақ Әбдібәки Қожаназар. Ақтау. 1 қыркүйек 2010 жыл. (Көрнекі сурет)
Сауд Арабиясынан көшіп келген қазақ Әбдібәки Қожаназар. Ақтау. 1 қыркүйек 2010 жыл. (Көрнекі сурет)
облысына шоғырланды. Өйткені көбінің осы жердегі тұрғындармен туыстық байланыстары бар. Туыстарынан тым алысқа ұзағысы келмейтін оралмандар наразы болуы да мүмкін. Сондықтан олардың Атырау, Батыс Қазақстан облыстарына баруына мүмкіншіліктері бар. Бірақ байқасаңыздар, бұлардың барлығы да – шекаралық облыстар.

Азаттық: – Ауа-райы суық солтүстік өңірлерге баратын оралмандарға қандай жағдай жасалады?

Аслан Қаржаубаев: – Оралмандар ол жерде өмір бойы тұруға міндетті емес. Жаңа заң бойынша бес жыл тұрса жеткілікті, әрі қарай басқа өңірлерге көшуіне ерікті. Екіншіден, 1999-2003 жылдар аралығында үкімет арнайы қаржы бөліп, оралмандарға баспана алып беріп отырды. Ол кезде оралмандар «мен тек оңтүстікке барғым келеді» деген талап қойған жоқ, қай жерден баспана берілсе, сонда барды. Мысалы климаты жылы Өзбекстан, Түркіменстаннан келген оралмандар солтүстікке барды. Кейін арнайы квота беріліп, баспана емес, қаржылай көмек көрсетілетін болған соң солтүстікке қарай көштің біршама саябырлағаны рас – бірақ сонда да қоныстанып жатқандар бар.

Болашақта оралмандарға сол жақта жағдай жасалып жатса, неге бармасқа? Ең бастысы, аталған облыстарға барушы оралмандарды бірінші кезекте жұмыспен
Оралман Дархан Бадауұлының жанұясы. Алматы облысы Кербұлақ ауданы Көксу ауылы, 2010 жылдың наурызы. (Көрнекі сурет)
Оралман Дархан Бадауұлының жанұясы. Алматы облысы Кербұлақ ауданы Көксу ауылы, 2010 жылдың наурызы. (Көрнекі сурет)
және баспанамен қамтамасыз ету мәселесі қарастырылып жатыр. Бұл екеуі – оралмандарды ынталандыруға арналған негізгі мәселе.

Тағы бір жайт, оралмандарды қай елді мекендерге орналастыру мәселесінде олардың өздерінің де ойлары ескеріледі. Қазір аталған әр облыс оралмандарды қайда жайғастыратынын, қандай жағдай жасай алатынын көрсететін бағдарлама жасап жатыр.

Азаттық: – 2013 жылы қабылданған «Көші қон туралы» заң бойынша оралмандардың азаматтық алу мерзімі төрт жылға ұзартылып, квотаның алынып тасталуы олардың Қазақстанға келуіне қаншалықты әсер етті?

Аслан Қаржаубаев: – Нақты саны дәл қазір ойымда жоқ, бірақ 2012 жылға қарағанда 2013 жылы келген оралмандар көп. Жаңа заңда өзіңіз айтқан өзгерістен басқасы бәрі сол бұрынғы қалпында. Кей жағдайда, мәселен, баспана мәселесінде бұрынғыдан гөрі оралмандарға қолайлырақ болуы да мүмкін. Қазіргі заң бойынша әуелі ықтиярхат алуы керек, ықтиярхат алған соң бес күннің ішінде оралман мәртебесі беріледі. Ал оралман мәртебесін иеленушілер Қазақстан азаматтарымен бірдей әлеуметтік көмектер алады.

Азаттық: – Соңғы кездері азаматтық белсенділер Қырымдағы жағдайға байланыста Қазақстанның шекаралық өңірлеріне оралмандарды көбірек қоныстандыру жайлы жиі айтып жүр. Бұл қаулының осындай пікірлерге қатысы бар ма?

Аслан Қаржаубаев: – Қаулының оған еш қатысы жоқ. Оралмандарды аталған өңірлерге қоныстандыру жөнінде ұсыныстар былтыр қабылданған «Көші-қон туралы» заң қайта қолға алынған кезде, яғни 2012 жылдың өзінде сөз бола бастаған.

Азаттық: – Сұхбат бергеніңізге рақмет.
XS
SM
MD
LG