Accessibility links

Жаңа жылды ұлттар мен ұлыстар қалай қарсы алады?


Лондондағы жаңа жылдық отшашу. 1 қаңтар 2011 жыл.
Лондондағы жаңа жылдық отшашу. 1 қаңтар 2011 жыл.

Жаңа Жыл — әлемнің көптеген халықтары тойлайтын ортақ мереке. Әр халық әртүрлі ғұрыпта атап өтеді. Қазақстанда да әр жылдың бірінші қаңтарына қараған түні — Жаңа Жыл мерекесі. Азаттыққа сұқбат берушілердің көбісі Жаңа жыл мерекесінің ерекше белгілері деп шырша, отшашу, шампан және президенттің жаңа жылдық құттықтауын атап өтті.


Тарихи мәліметтерге сүйенсек, 1699 жылы Ресей патшасы І Петр Григориан күнтізбесін қолданысқа енгізген. Сөйтіп, сол бойынша жыл басы қаңтардың 1-інен басталатын болып белгіленді. Патша қарамағандағы елге бұл күнді ерекше етіп тойлауды бұйырыпты. «Патша жарлығымен жарияланған думанды мереке баршаға бірден ұнады» дейді тарихшылар.

Католик дінін ұстанатын Еуропа елдерінде Жаңа Жыл мейрамының маңыздылығы желтоқсан айының 25-інде тойланатын Рождество мерекесінің дәрежесімен салыстырғанда әлдеқайда төмен. Қытай өзінің жаңа жылын кейінірек тойлайды.

Алматы қаласының тұрғыны Маржан Есіпжанова биылғы жаңа жылды жаңа үйде қарсы алғандарын айтты. Сұқбаттасымыздың отбасында Жаңа жылды тойлауға қатысты дәстүр қалыптасып қалған екен.

«Наурызды да, Жаңа жылды да қарсы алатын дәстүріміз бар. Екеуін де ерекше атап өтеміз», дейді ол.

Тарихи деректер Жаңа Жыл мерекесінің біздің заманымызға дейінгі үшінші мыңжылдықта өмір сүрген Мессопотамия халқы арасында тойланғанын айтады.

«Жаңа Жыл, яғни, 1-ші қаңтар түні тойланатын мереке христиандардыкі емес», - дейді мамандар. Оның тарихы осыдан бес мың жыл бұрын басталған кезде христиан діні болмаған еді.

Қазақстандағы орта мектептің 11-ші сынып оқушысы Тоғжан Әбдікерімова Жаңа жыл мерекесін асыға күтетінін айтты.

«Жаңа жылды отбасыммен қарсы алдым, дәстүр бойынша әжемізді, туған-туыстарды құттықтадық. Біз 22-ші Наурызды да ерекше қарсы аламыз. Табиғаттың жаңаруы, күн мен түннің теңесуі, ұлттық мереке болғанымен ұнайды», дейді Тоғжан.

Мұсылмандардың кейбірі діни сеніміне байланысты Жаңа Жылды тойламайды. Сауд Арабияда желтоқсанның 31-інен қаңтардың 1-іне қараған түні жаңа жылды тойлайтын болса жауапқа тартылады екен.

2010 жылғы желтоқсанның 7-сі мұсылман күнтізбесі бойынша хижраның 1432 жылы мұхаррам айының бірінші күнімен сәйкес келді.

Тарихи деректерде Еуропа күнтізбесі бойынша VII ғасырдан бастап, Хижра жыл санағы мұсылмандар үшiн есептеу нүктесiне айналғаны айтылған. Ислам күнтізбесі Хижра пұтқа табынушылар қудалаған соң Мұхаммед пен оның қолдаушылары Меккеден Мәдинаға қоныс аударып хижрет етуінен бастап саналатын болған.

Осы тақырып бойынша аудиохабарды тыңдаңыз:

XS
SM
MD
LG