Accessibility links

Әміржан Қосановпен онлайн-конференция


Саясаткер Әміржан Қосанов Азаттықтың Алматы бюросында онлайн-конференция сұрақтарына жауап беріп отыр.10 желтоқсан 2013 жыл.
Саясаткер Әміржан Қосанов Азаттықтың Алматы бюросында онлайн-конференция сұрақтарына жауап беріп отыр.10 желтоқсан 2013 жыл.

Азаттық 10 желтоқсанда саясаткер Әміржан Қосановпен онлайн-конференция өткізді.

Әміржан Қосанов еңбек жолын теміржолда слесарь боп бастаған.

1989 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген соң «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде тілші боп еңбек еткен. Одан кейін Алматының Фрунзе аудандық комсомол комитетін, Қазақстан комсомолы (кейінгі атауы - Жастар одағы) орталық комитетінде бөлім басқарған.

1991-1994 жылдары Жастар ісі жөніндегі мемлекеттік комитет төрағасының орынбасары, Жастар, туризм және спорт министрінің орынбасары болып қызмет еткен.

1994-1997 жылдар аралығында премьер-министр Әкежан Қажыгелдиннің баспасөз хатшысы, әрі үкіметтің баспасөз қызметінің жетекшісі қызметін атқарған.

1998 жылы бұрынғы премьер-министр Әкежан Қажыгелдин құрған оппозициялық Қазақстанның республикалық халықтық партиясы (РНПК) төрағасының орынбасары болған.

Содан бері оппозициялық күштердің қатарынан көрініп жүрген Әміржан Қосанов 2009 жылы Жармахан Тұяқбай жетекшілік ететін Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП) мен Болат Әбілевтің басшылығындағы «Азат» партиясының біріккен съезінде ЖСДП «Азат» партиясының бас хатшысы болып сайланған.

Біріккен партия ресми түрде тіркелмеген соң және ішкі кикілжіңдер күшейгеннен кейін 2013 жылдың наурызында ЖСДП "Азаттан" бөлініп шықты. Бұдан соң екі партияның да қатарынан көрінбеген Әміржан Қосанов өзін "тәуелсіз саясаткер" деп таныстыра бастады.

Әміржан Қосановпен өткен онлайн-конференция видеосы:

XS
SM
MD
LG