Accessibility links

Конституциямен 20 жыл нені байқатты?


Саясаткер Уәлихан Қайсар Азаттықтағы онлайн-конференцияда отыр. Алматы, 28 тамыз 2015 жыл.
Саясаткер Уәлихан Қайсар Азаттықтағы онлайн-конференцияда отыр. Алматы, 28 тамыз 2015 жыл.

Азаттық Конституцияның 20 жылдығы тақырыбына саясаткер Уәлихан Қайсармен онлайн-конференция өткізді.

Қазақстанда қолданыстағы Конституцияның қабылданғанына биыл 20 жыл толады. 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдум арқылы қабылданған Конституция бойынша Қазақстан күшті президенттік басқаруға негізделген билік жүйесіне көшкен еді. Содан бері Негізгі заңға үш рет – 1998, 2007 және 2011 жылдары өзгерістер мен толықтырулар енгізілген.

Бұрынғы парламент сенаты депутаты, саясаткер, «Кенесары Хан» қорының президенті Уәлихан Қайсармен онлайн-конференция Конституцияның 20 жылдығы тақырыбына арналды.

Уәлихан Қайсар «АЗАТ - ЖСДП» партиясына мүше болған, бірақ пікір қайшылығына байланысты 2011 жылы партия қатарынан шыққан. Кейін «Әділет» партиясына кірген. Екі рет Қазақстан президенті сайлауына қатысуға талпынғанымен, екі жолы да Орталық сайлау комиссиясы оны кандидат ретінде тіркеуден бас тартқан.

Уәлихан Қайсармен онлайн-конференцияны Кенжебек Нұрқасенұлы жүргізді.

XS
SM
MD
LG