Қарашаның 28-і күні Астана қаласында өтетін процеске келген журналистерді жоғарғы сот күзеті көпке дейін сот отырысына кіргізбеді. Аты-жөнін атаудан бас тартқан сот жасауылы әуелі «Бұл – жабық процесс әрі төрағалық ететін судья журналистер мен бақылаушылардың қатысуына қарсы» деген уәж айтты. Сот отырысына кіруге қосымша кепіл болсын деп Азаттық тілшісі мен «Коммунист Казахстана» газетінің журналисі Маргарита Никитинаның соттың баспасөз қызметінде алдын ала тіркеліп қойғаны көмектеспеді.
Күзет өкілдері мен баспасөз қызметі журналистерді отырысқа кіргізу мәселесін басшылықпен келісіп, реттегенше бір сағат өтті. Журналистерді ішке сот отырысы аяқталып қалған тұста кіргізді. 2011 жылдың желтоқсанында Жаңаөзен оқиғаларынан кейін басталған жазалау науқанына ілігіп, жабылған оппозициялық ақпарат құралдарының ісі бойынша қадағалау өндірісін қозғаудан бас тарту туралы мәлімдемені жариялау үшін судьяларға үш минут жеткілікті болды.
Прокуратураның талап-арызы бойынша 2012 жылдың желтоқсанында сот бірнеше оппозициялық ақпарат құралын «біртұтас БАҚ» деп танып, қызметіне тыйым салған. Жабылған ақпарат құралдарының ішінде «Голос Республики – калейдоскоп событий недели», «Республика. Деловое обозрение – дубль 2», «Моя Республика. Факты, события, люди», «Республика – информационно-аналитический еженедельник» және басқа басылымдар, аталған басылымдардың Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшалары да бар 23 интернет-ресурс бар. Прокуратураның талап-арызына оппозициялық саясаткер Владимир Козловқа қатысты күшіне енген сот үкімінде бұл ақпарат құралдары «экстремистік басылымдар» деп аталуы негіз болды.
Құқық қорғаушылардың айтуынша, оппозициялық басылымдарға қарсы шаралардың астарында «бұлар – оппозициялық олигарх әрі бұрынғы банкир Мұхтар Әблязовті қолдайтын ақпарат құралдары» деген желеу бар. Биліктің айтуынша, бұл ақпарат құралдарының қызметінде экстремизм белгілері болған.
Оппозициялық ақпарат құралдарының мүддесін қорғаған заңгер Сергей Уткиннің мәлімдеуінше, «Жоғарғы сот отырысы ашық өтуі тиіс болған. Ал жоғарғы сот қызметкерлерінің әрекетін журналистердің кәсіби қызметіне кедергі келтіру ретінде бағалауға болады».
«Жоғарғы сот судьялары қадағалау өндірісін қозғаудан бас тартатынын күткенбіз. Енді БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі комитетіне шағымданудан басқа амал жоқ» деп мәлімдеген Сергей Уткин:
– Соттардың соңғы съезінде президент Назарбаев ешқандай қысымға жол берілмесін деген сарындағы нұқсаулар бергенімен, шешім шығаруға келгенде судьялардың мүлде еріксіз жандар екенін түсінеміз. «Біртұтас БАҚ деп танылсын» деген шешім шығарғанына қарағанда, мына судьяларды қатты қысқаны анық. Мен оларға «Екі бөлек адамды, тіпті егіздердің өзін біртұтас адам деп есептеуге бола ма?» деген сұрақ қойдым. Әлгінде сотта отырған үш судьяны бір судья деп атауға бола ма? Болмайды. Бұл – ақымақтық, – деді Азаттық тілшісіне.
Қызметіне тыйым салынған оппозициялық басылымдардың редакциялары сот қарсаңында таратқан баспасөз парағында «Сотта жауапкердің айыбы дәлелденген жоқ. Ал сот преюдиция тәсілін, яғни оппозициялық саясаткер Владимир Козловқа қатысты қылмыстық іс бойынша шыққан үкімдегі «газеттерде әлеуметтік араздықты қоздыруға бағытталған материалдар жарияланған» деген мәтінді қолдана салды» деп жазылған
Баспасөз парағында Сергей Уткинның «Бірақ сот бұл жағдайдың анық-қанығын тексерген жоқ. Егер ақпарат құралдарын экстремистік деп таныса, онда азаматтық-процессуалдық кодекс пен «Экстремизм туралы» заңға сәйкес прокурор сотқа азаматтық тұрғыдан шағымдануы тиіс болатын. БАҚ қылмыстық тұрғыдан экстремист деп танылмайды. Ал БАҚ экстремистік деп танылса, оның қызметіне тыйым салу туралы талап-арыз беруіне болар еді. Ал прокурор бұл ақпарат құралдары экстремист екені дәлелденген факт ретінде санаған. Ал іс жүзінде оны ешкім дәлелдеген жоқ» деген сөздері келтірілген.
Жаңаөзен қаласындағы мұнайшылардың ұзаққа созылған ереуілі кезінде «әлеуметтік араздықты қоздырды» деп айыпталған оппозициялық саясаткер Владимир Козлов былтыр қазан айында мүлкі тәркіленіп, өзі жеті жарым жылға сотталған еді. Ереуіл шерушілерге оқ атумен және оларды 2011 жылдың 16-17 желтоқсанында жаппай қамауға алумен аяқталған. Ресми дерекке сәйкес, полиция оғынан 17 адам қаза тауып, жүзден аса адам жараланған.