Сәуірдің 19-ы күні кезінде сот шешімімен «экстремистік» деп танылып, жабылған «Голос республики» газетінің ұжымы мультимедиалық жобасының тұсауын кесті.
Журналист Оксана Макушина ол жобаны - «R-студияны» өзекті мәселелер көтеріп, көпшілікпен пікір алмасатын блогерлер тобының онлайн видео-студиясы деп таныстырды.
- Біздің газетіміз жабылып, ұжым жұмыссыз қалды. Отбасымызды асырау үшін сот шешімін бұзбай жұмыс істеуге тырысып жатырмыз. Бұл мультимедиалық жоба «R-студия» деп аталады. Бұл - тек видеоөнім шығаратын продакшн-студия, ол ақпарат құралы емес, тіркеуді де қажет етпейді, - деді журналист Оксана Макушина.
2012 жылдың қараша айында Алматы қалалық прокуратурасы соттан сегіз оппозициялық ақпарат құралы мен 23 сайтты, оның ішінде «К-плюс» телеарнасын, «Взляд», «Голос республики» газеттерін, Stan.kz интернет-порталын және оларға тиесілі деп сипатталатын ондаған ресурстарды жабуды сұраған еді. 2013 жылдың басына дейін аталған барлық басылымдар «экстремистік» деп танылып, қызметтеріне тегіс тыйым салынды.
«R-СТУДИЯ»
- Әзірге аптасына бірнеше рет шығып тұрамыз. Қоғамда қызу талқыланып жатқан мәселеге қатысты спикерді студиямызға шақырып, бірнеше сағат онлайн сұхбат өткіземіз, - дейді Оксана Макушина.
«R-студия» сәуірдің 19-ында жаңа жобаның алғашқы қонағы ретінде саясаткер Марат Жанұзақовтан сұхбат алды.
Макушинаның сөзінше, журналистер қосымша хабар жасамайды, тек студияда аптасына бір рет бірнеше сағаттық онлайн сұхбат алып отырады. Оқырмандар мен көремендер тікелей эфир барысында хабарласып, тақырыпты талқылауға қатыса алады.
- Ал егер бізге жұмыс істеуге мүмкіндік берсе, дамуға дайынбыз, - дейді Оксана Макушина.
«Голос республики» газетін жабу туралы үкім шыққасын журналистердің түрлі амалмен заңды айналып өтіп кәсіби қызметтерін жалғастыруға талпынғандары туралы Азаттық жазып келген еді. Редакцияның газетті тиражы 99 даналық үнпарақ ретінде жарияламақ болған әрекеті де билік тарапынан қадағалауға алынып сәтсіз аяқталған.
Қазақстандағы бірқатар оппозициялық БАҚ-тың сот шешімі бойынша жабылғаны сәуірдің 18-і күні Еуропарламент қабылдаған қарарда да сынға ілінген.
Заң шығарушы ұйым Қазақстан сотының оппозициялық партияларды (оның ішінде тіркелмеген "Алға" партиясы да бар) экстремистік ұйым ретінде жабу туралы шешімін қатты сынайтынын мәлім еткен. Бұл әрекеттің сөз бостандығы мен жиналу еркін шектейтініне баса назар аударған. Еуропарламент Қазақстандағы тәуелсіз БАҚ пен оппозицияның "болашақта да қуғындала беру қаупі бар" деген алаңдаушылық танытқан.
«ҚАТЕ ЖОЛ» МЕН «АҚПАРАТТЫҚ ОЙЫНШЫЛАР»
Еуропарламенттің алаңдаушылығына үндес ойды қазақстандық саясаттанушы Досым Сәтпаев та айтады. Оның пікірінше, Қазақстан тәуелсіз я оппозициялық БАҚ пен ұйымдарды шектеуге қатысты соңғы уақытта Өзбекстанға ұқсас саясат ұстана бастаған. Оның ойынша, Ислам Каримов ел ішіндегі демократиялық оппозицияны жанши түскен сайын саяси-идеологиялық вакуум пайда болған. Бұл вакуумды радикалдық құрылымдар толтыра бастаған. «Қазақстан да дәл осындай қате жолмен келеді» дейді ол.
- Ал ақпараттық кеңістікке келсек, оны тарылтып, тыйым салған сайын ақпараттық ойыншылар өзге платформаға көше береді. Қазір интернетте өз алаңыңды құру мүмкіндігі бар. Бірақ бұл амал Қазақстан интернеті қатты бақыланатын Қытай не Иран секілді елдердің моделіне көшкенге дейін жалғасады, - дейді саясаттанушы.
Досым Сәтпаев Қазақстанда кез-келген веб-ресурс биліктің қалаған уақытына дейін ғана жұмыс істей алатынына назар аударады.
- Қазір билік сыни көзқарастағы жекелеген веб-ресурстарға «.kz» доменінде жұмыс істеуге рұқсат береді. Мұның өзі билікке қажет екенін ескерген жөн. Сол арқылы интернет пайдаланушылардың қарсылық көңіл күйі мен олардың ой-пікірлерін бақыланып отырады. Әрине, бұл ресурстардың да аса алмайтын шегі бар. Одан шықпауы міндетті. Осы тұрғыдан алғанда радикалдық оппозицияның да ұзаққа бармайтыны анық, - дейді Сәтпаев.
Саясаттанушы «R-студия» жобасының қаншаға созылатыны тек билікке емес, оның қаржы көзіне де тікелей байланысты деп біледі.
ТЕНДЕНЦИЯ
Тәуелсіз басылымдарды ішкі интернет кеңістігінен ығыстыру процесі Қазақстаннан өзге мемлекеттерде де бар құбылыс.
Мәселен, 2005 жылы мамыр айында болған Әндіжан оқиғасынан соң Өзбекстан үкіметі тәуелсіз БАҚ-ты барынша қыспаққа алды. Оқиғадан соң іле-шала бірқатар журналистер қудалауға ұшырап, президент Ислам Каримовтың саясатын сынаған БАҚ-тар жабылды.
Өзбекстандағы жаңалықтарды әлемге таратып, көп қуғын-сүргін көрген бірнеше сайт шетелдік домен арқылы жұмыс істеуге мәжбүр. Олардың өзі қазір қаржыдан тапшылық көріп отыр. Мысалы, Ташкенттегі танымал Uzmetronom.com сайтын қазір бас редакторы жалғыз өзі шығарады. Қаржылық тапшылықтың кесірінен harakat.net пен Ресейде тіркелген ferghana.ru порталдары да көмекке зәру екендерін мәлімдеді. Uznews.net сайты да таяуда жұмысты уақытша тоқтата тұратынын хабарлады.
Өзбекстаннан сырт жерде тіркелген аталмыш вебсайттар үкіметтің қолдан жасаған кедергілерін, тіркелмеген БАҚ ретінде жұмыс жасаудың қиыншылықтарын жеңе отырып, елдегі саяси және әлеуметтік ахуал жайында мәлімет беріп келді. Олар көбіне адам құқықтарының тапталуы, тұтқындардың нашар жағдайы және үкіметтегі сыбайлас-жемқорлық жайында ақпараттар таратты.
2010 жылғы президент сайлауынан кейін Беларусьте де тәуелсіз басылымдар мен журналистерге қатысты қысым күрт күшейді. Экономикалық дискриминация, әкімшілік қысым мен ақпарат алуға кедергі жасау сияқты шектеулерден бөлек, журналистердің үстінен қылмыстық істер жиі ашылып жатыр. Осы апта Беларусь соты жергілікті бір топ фотожурналистің суреттерін экстремистік деп таныған.