«Жедел желі – 114» телефоны тәулік бойы жұмыс істейтін болып шықты. Телефон тұтқасын көтерген желі қызметкері есімі Ғалымжан екенін айтты. Өзін әуелі Алматының 65 жастағы қарапайым тұрғыны ретінде атаған Азаттық тілшісі «көшеде екі әйел тоқтатып, діни әдебиеттер ұсынғанын» хабарлады. Қалалықтар үшін бұл – үйреншікті көрініс.
ШАҒЫН ЭКСПЕРИМЕНТ
«Жедел желі – 114» қызметкері «Оларды қай көшенің бойынан, қай қиылыстан кездестірдіңіз? Әлгі әйелдер қандай діни ұйымның агенттері екен?» деп сұрады.
– Сізге нақты қандай кітаптарды ұсынды? Мүмкін, олар «Иегова куәгерлері» ұйымынан шығар. Ол әйелдер сізге қысым жасап, өз діндеріне тартқан ғой, – деді ол.
Өзінің ешқандай қысымды сезбегенін айтқан Азаттық тілшісіне желі қызметкері қысымның психологиялық, діни және физикалық түрлері болатынын айтты.
Желі қызметкері діни қызмет пен діни бірлестіктер туралы заңға сілтеме жасап, «әлгі әйелдер діни кітаптарды заңсыз таратқан» дейді.
Тұтқаның ар жағынан «Азамат ретінде оларға заңға қайшы қызметпен айналысып жүргенін ескертуіңізге болады. Егер жақын маңда милиционер тұрса, әлгі адамдар туралы хабарлаңыз. Оларды тұтқындауға милиционердің толық құқығы бар» деген кеңес берілді.
ДІН ІСТЕРІ АГЕНТТІГІНІҢ БАСТАМАСЫ
Мақала авторы Азаттық тілшісімін деп жөнін айтқан соң, «Жедел желі – 114» қызметкері бұл ұйым жайында толығырақ айтып беруге келісті.
«Жедел желі – 114» республикалық ақпараттық-кеңес орталығы «Үлес – 2020» қоғамдық қорының жанынан осыдан бір аптадай бұрын ашылыпты. «Жедел желі – 114» жыл бойы демалыс және мереке күндері де, тәулігіне үзіліссіз 24 сағат тегін жұмыс істейді. Телефон қоңырауларын заңгерлер, теологтар, психологтар, саясаттанушылар мен әлеуметтанушылар қабылдайды деп жоспарланған. Ғалымжан «менің заң білімім бар, араб елдері мен Түркияда болғанмын, діни мәселелер мен ұйымдар туралы жақсы білемін» дейді.
Ғалымжанның айтуынша, «Үлес – 2020» қоры мен «Жедел желі – 114» ұйымының орталық кеңсесі Астанада орналасқан. Ұйым дін істері жөніндегі мемлекеттік агенттіктің бастамасымен ашылғанымен, «Үлес – 2020» қоры екеуі де агенттіктің құрамына кірмейді. Оның айтуынша, тәуелсіз яғни коммерциялық емес қоғамдық ұйым – қордың президенті Мұхтар Қадыров деген кісі екен.
– Бұрын спортшы, боксшы болған кісі, өте жақсы адам. Отанының патриоты, – дейді Ғалымжан.
ЖЕР-ЖЕРДЕГІ «ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КӨМЕК»
«Үлес – 2020» қорының жанынан ашылған «Жедел желі – 114» республикалық ақпараттық-кеңес орталығы басқа аймақтардағы осындай ұйымдармен өзара келісімге отырғаны айтылады.
– Жер-жерде психологиялық көмек көрсетеміз. Облыстардағы барлық орталықтармен өзара келісіміміз бар. Мысалы, дінді зерттеу орталығы немесе қоғамға жат деструктивті діни қызметтерден жапа шеккендерге көмек көрсету орталықтары сияқты. Әлдебір деструктивті діни қызметтен жапа шегіп келген адамға психологиялық көмек көрсетеміз, – дейді желі қызметкері Ғалымжан.
Ғалымжанның айтуынша, Алматыда профессор Елена Бурова басқаратын «Перспектива» ұйымымен келісім бар.
Бірақ «Перспектива» ақпараттық-кеңестік топ» ұйымының президенті Елена Бурова Азаттық тілшісіне «Жедел желі – 114» ұйымымен де, «Үлес – 2020» қорымен де бірлесіп жұмыс істемейтінін айтады.
– Өздерімен бір коалицияға кіру туралы ұсыныс жасаған. Бірақ біз жеке жұмыс істейміз, өзіміздің жедел желі телефонымыз бар. Ол ұйымды жақсы білмеймін, жақында ғана пайда болды ғой. Олар электронды поштамызға ақысыз негізде бірлесіп жұмыс істеу жөніндегі әлдебір келісім-шарттың жобасын жіберген. Бірақ мен олармен келісім-шартқа отырған жоқпын, электронды хабарламасына да жауап қайтарған жоқпын, – дейді Елена Бурова.
КІМНІҢ ЕСЕБІНЕН АЙЛЫҚ АЛАДЫ?
Хельсинки комитеті Алматы өкілдігінің басшысы Нинель Фокинаның айтуынша, Қазақстанда деструктивті деп танылған діни ұйымдарға қатысты шағымдарға байланысты 20-дан аса ұйым жұмыс істейді. Оның пікірінше, дін істері жөніндегі агенттік құрылғаннан бері Қазақстанда антисекталық жұмыс күшейе түскен. Ол «мұндай ұйымдар мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылады» дейді.
– Бұл адамдарға еңбекақыны мемлекет төлейтініне шүбәм жоқ. Тәулік бойы жұмыс істеу дегеннің не екенін өзіңіз ойлаңызшы. Демек, үш адам сегіз сағаттан тәулік бойы кезектесіп жұмыс істейді деген сөз. Оларға кем дегенде үш жалақы төлеу керек. Ал Қазақстан бойынша орташа жалақы – 120 мың теңге (800 долларға жуық), – дейді Нинель Фокина.
Оның айтуынша, «антисекталық шаруамен мемлекеттік органдар емес, қоғамдық ұйымдар айналысады» дегенге алданбаған жөн.
– Әлгі 21 антисекталық ұйымның бәрі мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс есебінен, мемлекет бюджетінен, біз төлейтін салық есебінен күн көреді. Оларды облыстық және қалалық деңгей әкімдері де қосымша қаржыландырады. Ал мемлекет өзінің конституциялық және халықаралық діни сенім еркіндігі құқығын пайдаланған адамдардың үстінен шағымдануға мәжбүрлейтін ұйымдарға салық төлеушілердің ақшасын жұмсайды, – деп тұжырады Нинель Фокина.
ШАҒЫМ МЕН ЖАЗА
Секталармен күрес жөніндегі ұйымның сенім телефонына жұрт көбінесе көшеде тоқтатып, діни кітаптар ұсынатын жандардың үстінен шағымданатын тәрізді. Ғалымжанның айтуынша, «Жедел желі – 114» ұйымы жақында ғана ашылғанына қарамастан, діни кітаптар таратып, заңсыз діни қызметпен айналысқандарға қатысты шағым көп түскен.
«Перспектива» ұйымының президенті Елена Бурова діни кітаптарды таратып жүргендер туралы полицияға хабарлауға, суретке түсіріп алуға немесе оларға діни қызмет туралы заңды бұзғаны жөнін ескерту жасауға кеңес береді.
«Мұндай заң бұзуға қандай жаза қолданылады?» деген сауалдың жауабы да табыла кетті. Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі жуырда «Бурабай ауданының әкімшілік соты рұқсат етілмеген орындарда діни кітаптарды таратқаны үшін Щучинск кентінің екі тұрғыны, Евангелия христиан-баптистердің шіркеуінің мүшелеріне айыппұл салды» деп хабарлады. Олардан «Иса қайта тірілді» деген маңдайша жазу мен діни мазмұндағы 16 кітапша табылғаны хабарланды.
Діни сараптамалық ұйғарым бойынша, олар тартқан кітаптарға Қазақстанда тыйым салынбаған болып шықты. Бірақ сот қаулысында «екеуі рұқсат етілмеген орында діни кітаптар таратуға салынған тыйымды бұзған» деп көрсетілген. Жауапқа тартылғандардың біріне заңсыз миссионерлік қызметі үшін бұдан бұрын әкімшілік айыппұл салынғаны айтылады.
Сот айыптаушылардың біріне 346 мың 200 теңге (шамамен 2 мың 260 доллар), екіншісіне 86 мың 550 теңге (шамамен 560 доллар) айыппұл салды.