Қарағандыдағы жергілікті ақпарат құралдарының жазуынша, облыс бойынша 26 діни бірлестік тіркеуден өте алмай қалған. Бірлестік өкілдері тіркеу шарты жұмсарғанын қалайды.
Қарағандыдағы жергілікті әділет департаменті осы аптада діни ұйымдарды жабу туралы сотқа шағым түсірген. Қайта тіркеуден өте алмай қалған діни бірлестіктердің арасында Топар, Абай ауданының мешіттері, Бахаи қауымдастығы, «Ислам нұры» ағартушылық қоғамы, т.б. ұйымдар бар.
Қарағанды экономикалық сотының арнайы сайтындағы мәліметтерге сүйенсек, діни ұйымдарды жабу туралы сот отырыстары қарашаның 8-і күні басталған.
Діни бірлестіктерді қайта тіркеу мәселесіне байланысты Қарағанды облыстық діни істер департаментінің бастығы Серік Тілекбаевқа хабарласқанымызда, әуелі «сәлден кейін телефон соғыңыз» деді, қайта соққанымызда орнында жоқ болып шықты.
«ДІНИ БАСҚАРМАНЫҢ БӨЛІМШЕСІ БОЛЫП ҚАЛДЫҚ»
Қарағанды облысы Октябрь ауданы Қарағанды сұрыптау станциясында орналасқан «Ақыт қажы» мешіті жеке діни бірлестік ретінде «жойылып», Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының бөлімшесіне айналғанын айтады.
«Мешіттің жеке діни бірлестік ретінде қала бергені жақсы еді» деген бас имам Мамбар Жанарбек «заң талабы сондай болғаннан кейін келісуге тура келгенін» айтты.
- «Діни басқармаға кірсеңіздер, мемлекет тарапынан көмек көрсетеміз. Мешіттеріңізді күрделі жөндеуден өткіземіз» деп әкімшілік шақырып алып, осылай уәде етті. Оның үстіне жеке діни бірлестік ретінде тіркелу үшін көптеген құжат керек. Оны апарған күннің өзінде тіркей ме, тіркемей ме, ол да күмәнді. Бұдан бөлек ұйымда 50 адам болуы керек екен. 50 адамды қайдан аласың? Сондықтан келістік. Қазір мешітіміз заңды тұлға ретінде жабылып, діни басқарманың бөлімшесі болып қалды, - дейді Мамбар Жанарбек Азаттық тілшісіне.
Оның айтуынша, Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы бөлімшесінің жарғысына сәйкес, әрбір мешіт кірісінен 30 пайыз ақшаны басқармаға беріп отырады. Басқарма имамдарды тағайындап, уағыз-насихат айту бойынша да нұсқаулық беріп отырады екен.
- Бұрынғымыз жақсы еді. Өйткені мешіттің ішіне келген діни топтармен еркін түрде сөйлесе аламыз. Біз оларды білгендіктен үнемі ұсыныс айтып, тосқауыл жасап отырамыз. Діни жағдайды бір қалыпта ұстап отырмыз. Енді қазір ештеңе істей алмаймыз. Өйткені басқармадан келген уағызды айту керек, талапты орындау қажет. Діни басқарма жіберген имамдар үнемі арыз жаза береді. Бір жыл, екі жыл тұрады да, кетіп қалады. Мысалы, қазір Қарағанды облысы бойынша, 12 имам ауысып отыр. Ешқандай байып жоқ. Діни басқарма алып тастайды. Қайтадан алып келеді, - дейді Мамбар Жанарбек.
«ЖАРЛЫҚ СОНДАЙ БОЛДЫ – ШУ КӨТЕРГІМІЗ КЕЛМЕЙДІ»
Тіркеуден өтпей қалған діни бірлестіктердің арасында Балқаштағы «Кришна санасы қауымдастығы» да бар. «Кришна санасы» ұйымының аймақтық хатшысы Сатья Кидастың айтуынша, Қазақстан бойынша тек кейбір ғана аймақтардағы бөлімшелері тіркеуден өте алған.
- Қостанай, Қарағанды, Алматыдағы бөлімшелеріміз тіркелді. Өскеменде өте алмай қалды. Ақтөбеде әзірге белгісіз, - дейді Сатья Кидас.
«Діни ұйымдарды сұрыптау дұрыс» екенін айтқан Кидас тіркеу шарттары сәл жұмсарғанын жөн көреді.
- Тіркеу шарттары шамалы жеңілдеу болса деймін. Мысалы, діни бірлестікке мүше адамдар саны "миллионер қалалар" үшін – 50 адам, кішігірім елді мекендерде одан да азырақ болса жақсы болар еді. Тіркелуімізге жеңілдеу болушы еді, - дейді Сатья Кидас.
«Кришна санасы» ілімінде «экстремистік идеялар» жоғын айтқан Сатья Кидас «мықты дінтанушылар тобынан құралған сараптау тобы елдегі ағымдарды «қауіпті-қауіпсіздігіне» қарай сұрыптап көрсе де болады» деген пікір айтты.
Қарағандыдағы «Майқұдық» евангелистік қоғамының өкілі Мейрам Балмағамбетов ұйым мүшелерінің саны межеге жетпей қалғандықтан тіркеуден өте алмағанын айтты.
Ал жабылған «Свет Мира» діни бірлестігінің есімін айтпаған өкілі «жарлық сондай болғанын, бірақ сол үшін шу көтергілері келмейтінін» айтты.
2011 жылы қазанның 25-інде күшіне енген «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңның 24-бабына сәйкес елдегі діни бірлестіктер қайта тіркеуден өтуі тиіс болды. Бұл шараға берілген бір жыл уақыт 2012 жылы қазанның 25-інде аяқталған еді.
Дін істері агенттігінің басшысы Қайрат Лама Шариф тіркеуден өте алмай қалған діни ұйымдар сот тәртібі бойынша жойылатынын хабарлаған.
Қазан айының аяғында қайта тіркеуге алу процедурасына қорытынды жасаған Қайрат Лама Шәріп елдегі діни ұйымдар саны 32 пайызға кемігенін мәлімдеді.
Бұған дейін халықаралық Forum 18 құқық қорғау ұйымы Қазақстанның діни бірлестікерін қайта тіркеуден өткізу әрекетін сынап, діни ұйымдарға қысым көрсетіп отыр деп мәлімдеген еді. Ал билік өкілдері бұл айыпты жоққа шығарған.