Алматы қаласындағы №1 балалар үйінің 24 жастағы түлегі Нұрлан Исатаев – жаңа жыл қарсаңында муниципалды пәтерді жалға алғандардың бірі. Жасөспірімдер үйі қызметкерлері 2007 жылы балалар үйінен ауысып келген Нұрланға әлеуметтік баспана кезегіне тұруға көмектескен. Бір бөлмелі пәтердің құжатын былтыр желтоқсан айында алған. Ал кілтін «кейін береміз» деп уәде еткен.
– Мен үшін бұл үлкен әрі күтпеген қуаныш, – дейді Нұрлан Исатаев Азаттық тілшісіне.
Құрылыс жұмыстары бітпегендіктен, пәтердің кілтін әлі бермеген. Шенеуніктер жас жігітке «қоныс тойын көктемнен қалмай тойлайсың» деп уәде беріпті.
Нұрлан Исатаевқа жалға берілген пәтер Алматыдағы Алғабас ықшам ауданында орналасқан. Оны тұрғын үй-құрылыс жинақ банкі арқылы «қызметтік жалдамалы пәтер» ретінде ресімдеген. Пәтердің әр шаршы метрінің жалдау ақысы – 100 теңге. Енді Нұрлан бір бөлмелі пәтерге ай сайын 3 мың теңге мен коммуналдық қызмет ақысын төлеуі тиіс.
БАСПАНА КЕЗЕГІ
Балалар үйінің бұрынғы тәрбиеленушілеріне осындай әлеуметтік баспана беру практикасы жуырда енгізілген. Бірақ баспана кезегін жылдап күтуге тура келеді. Жасөспірімдер үйі директоры Қанат Отыншиевтің айтуынша, 2013 жылы пәтер алғандар баспана кезегіне 2007 жылы тұрған.
– Тәуелсіздік күніне орай Алматы қаласы әкімінің шешімімен 20 жетім бала пәтер алды. 2013 жылдың жазында балалар үйінің тағы үш баласына пәтер берілді. Алматының әр түрлі ауданынан үйлі-баранды жастар екі бөлмелі, отбасы жоқтар бір бөлмелі пәтер алды, – дейді Қанат Отыншиев.
Қазір баспана кезегінде кәмелетке толғанымен, жасөспірімдер үйінде тұрып жатқан 225 жас жігіт пен қыз тұр. Балалар үйінің 247 түлегі қазір осында тұрып жатыр. Мекеме басшылығының айтуынша, жасөспірімдер үйі тәрбиеленушілерінің 80 пайызы – ата-ана құқығынан айырылған жандардың балалары.
Қазір Алматыда «жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар» тобына жататын бір мың 200 адам пәтер кезегінде тұр. 2013 жылы Алматы қаласы тұрғын үй-коммуналдық қорынан оларға 50 жалдамалы пәтер бөлінген.
ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУ ҮМІТІ
Алматы қаласы тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының бөлінген пәтерлерді тіркеу және меншік құжаттарын ресімдеу бөлімінің бастығы Елена Гавринаның Азаттық тілшісіне айтуынша, келесі жылы балалар үйі түлектеріне тағы 50 пәтер бөлу жоспарланған.
– Жетім балалар баспаналы болу құқығын басқа әлеуметтік топтармен бірдей пайдаланды. Былтыр шілде айында баспана туралы заңға өзгерістер енгізіп, жетім балаларға бірінші кезекте баспана алу құқығы берілді, – дейді әкімдік қызметкері.
Қазақстан үкіметінің бұл бағдарламасы жуырда қабылданған «Жетім, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың баспаналы болу құқығын қамтамасыз ету мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға сәйкес іске асырылып жатыр. Банк борышкерлерінің «Халыққа баспанасын қалдырайық» қозғалысы белсендісі Әлия Тұрдиева муниципалдық пәтерлер жалға ғана берілетінін, жеке меншік мүлік еместігін ескертеді.
– Шын мәнінде, бұл пәтер әлгі жетім баланың меншігі емес, ол – пәтер жалдаушы ғана. Пәтер әкімдіктің меншігінде. Құдай сақтасын, бірақ жетім бала бірдеңеге ұшыраса, әкімдік пәтерді бірден алып қояды. Қарыз ақша ала қоятын туыстары да жоқ, – дейді Әлия Тұрдиева.
Баспана дауына байланысты билікпен араз азаматтық белсенділердің бұл пессимизмімен билік келіспейді. Тұрғын үй-құрылыс жинақ банкі сайтында «жалға алушы пәтерді сатып алып, қожайыны бола алады» деп жазылған. Ережеге сәйкес, жалдамалы пәтерде бес жыл тұрғаннан кейін және келісім-шарт талаптарын орындаса, пәтерді қалдық құнын төлеп, жекешелендіруге болады.
Былтыр Қазақстанның білім және ғылым министрлігі «елде 34 мың жетім бала бар, оның 11 мыңы балалар үйінде» деген статистика жариялады. Жыл сайын балалар үйінен кәмелетке толған 2 мыңға жуық жас жігіт пен қыз шығады.