Маусымның 11-і күні Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) Парламенттік ассамблеясының (ПАСЕ) демократия, адам құқықтары және гуманитарлық мәселелер комитеті төрайымы Изабель Сантос Алматы облысындағы колонияда жазасын өтеп жатқан оппозиционер Владимир Козловпен кездесті.
Тіркелмеген «Алға» оппозициялық партиясының жетекшісі Владимир Козлов 2012 жылдың қазан айында «мемлекеттің конституциялық құрылымын құлатуға шақырды, Жаңаөзен мұнайшыларының талай айға созылып, 2011 жылдың желтоқсанында қару қолданумен аяқталған жаппай ереуілін ұйымдастырды» деген айыппен жеті жарым жылға сотталған. Құқық қорғау ұйымдары мен Батыс елдерінің үкіметтері Козловтың өзіне қарсы істің «саяси астары бар» деген уәжін қолдайды.
Исабель Сантос ақпарат құралдарына Қазақстанның ресми тұлғаларымен кездескен кезде Козловтың ісі мен саяси астары бар басқа істерге қатысты проблеманы қозғағанын мәлімдеді. Оған билік «жуырда кейбір тұтқындарды еркіндікке шығарамыз» деп уәде еткен. Мұны құптаған Исабель Сантос Владимир Козлов та босап шығады деп үміттенеді. Азаттық тілшісі қамаудағы оппозициялық саясаткермен кездескен Исабель Сантоспен сұхбаттасты.
Азаттық: - Сантос ханым, Заречный кентіндегі түрмеде отырған Владимир Козловпен кездесу қалай өтті?
Исабель Сантос: - Владимир Козловпен жеке, аудармашымның қатысуымен ғана кездескім келетінімді айтқан соң кездесу құпия жағдайда өтті. Бұл кездесуге рұқсатты ішкі істер министрі орынбасары берді, бас прокурор да қарсы болған жоқ.
Азаттық: - Кездесу барысында қандай тақырыптар талқыланды?
Исабель Сантос: - Козловпен оның түрмеге түскенге дейінгі саяси қызметі, «Алға» партиясы мен оны тіркеуден өткізу процесі туралы әңгімелестік. Әрине, түрмедегі жағдайы туралы, болашақ жоспарлары туралы да сұрадым.
Азаттық: - Сіз Қазақстанның батысындағы колонияда отырған, Жаңаөзен оқиғаларына байланысты сотталған азаматтық белсенді Роза Төлетаевамен де кездесуді жоспарлаған едіңіз. Онымен неліктен кездесе алмадыңыз?
Исабель Сантос: - Ақпан айында Роза Төлетаевамен кездесу туралы өтініш жолдағанымда, рұқсат берген. Бірақ Қазақстанға келер алдында бізге «Владимир Козловпен ғана кездесе аласыздар, ал Роза Төлетаевамен кездесе алмайсыздар» деп хабарлады. Бірақ себебін түсіндірген жоқ. Бірақ осында болған екі күнде сұрастырып, Роза Төлетаевамен неліктен кездесуге болмайтынын анықтауға тырыстым.
Маған «Қазір ол қоныс-колонияға ауыстырылған. Күні бойы жұмыс істеп, түрмеге кешкісін ғана келеді әрі ол жер өте алыс. Оның үстіне, Роза Төлетаевамен кездесуге рұқсат алу үшін талап бойынша белгілі бір әкімшілік, бюрократиялық процестерден өтуге де уақыт кетеді» деп айтты. Ол процедуралардың қанша уақытқа созылатынын сұрап едім, «бұл сұрақтың жауабын бір аптадан кешіктірмей беруге тырысамыз» деп хабарлады.
Бірақ Қазақстаннан кетуім керек, Роза Төлетаевамен кездесе алмаймын. Кездесу туралы өтініш ақпан айында жолданған, биліктің бұл мәселені шешуге уақыты жеткілікті болды. Роза Төлетаевамен сөйлесе алмағаныма қатты өкінемін, бірақ көп ұзамай билік Владимир Козлов екеуін де босатады деп үміттенемін. Бәлкім олар бостандыққа шыққан кезде сөйлесермін.
Азаттық: - Ресми Астана өкілдерімен кездесу барысында қандай мәселелерді қозғадыңыз?
Исабель Сантос: - Мен Қазақстан түрмелеріндегі тұтқындардың жағдайына алаңдаймын, әрі бірнеше іске қатысты жайттарды білгім келген, билікпен осы мәселелер жайлы сөйлестім.
Менің сапарым Қазақстан үшін маңызды кезеңмен тұспа-тұс келді. Қазір үкімет пен азаматтық қоғам қылмыстық, қылмыстық-процессуалдық кодекстер мен әкімшілік заң бұзушылық туралы кодексті талқылап жатыр. Азаматтық қоғамның қылмыстық кодексті сынағанынан хабардармын, жаңа кодексті талқылап, қабылдар кезде билік мұны ескереді деп үміттенемін. Азаматтық қоғамның арқасында заңдарды жақсартуға, әділеттірек етуге болады деп үміттенемін.
Биліктің айтуынша, елде азаматтық қоғамның қатысуымен түрмедегі тұтқындардың жағдайын бақылауды көздейтін жаңа ұлттық превентивтік механизм құрылған екен. Бұл механизмнің іске қосылғанына екі ай болыпты. Оның барысын бақылап отыруға тырысамын. Үкімет азаматтық қоғамның бұл механизмге белсенді қатысуына мүмкіндік береді әрі оны іске асыру үшін тиісті әкімшілік және қаржы ресурстарымен қамтамасыз етеді деп үміттенемін.
Бізде ЕҚЫҰ орталығы деген өте мықты құралымыз бар. Мен ел билігімен тығыз ынтымақтастық орнату арқылы орталық өз міндеттерін жетілдіре түседі әрі Қазақстан да халықаралық міндеттемелерін орындау деңгейін жақсартады деп үміттенемін.
Қазақстан үкіметі ЕҚЫҰ орталығымен тығыз байланыс орнатып, оны реформаларды талқылауға және бұл реформалардың нәтиже, өзгерістерін бақылауға қатысуға шақырады деп үміттенемін.
Азаттық: - Сұхбат бергеніңіз үшін рахмет.