Астана, әлде Нұрсұлтан?
Қазақстан депутаттары Астананың атауын Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне өзгертуді ұсынды. Парламенттің қос палатасының біріккен отырысында мәжіліс депутаты Қуаныш Сұлтанов Астана мен басқа да маңызды нысандар атауында Назарбаевтың есімі болуы тиіс деген пікір айтты. Бұл жаңалық Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығы декларациясын қабылдау оқиғасын көлеңкеде қалдырып, күн тақырыбына айналды. Бұдан өзге, Қуаныш Сұлтанов Назарбаевтың еңбегін конституцияда көрсетуді де ұсынды. Енді жұрт Нұрсұлтан Назарбаевтың не дейтінін күтіп отыр. (Видеосюжет- орыс тілінде)