Accessibility links

Астананың атын өзгерту ұсынысы ненің белгісі?


Астанадағы «Бәйтерек» монументі.
Астанадағы «Бәйтерек» монументі.

Астана қаласының атын өзгертуді ұсынуға не себеп болды? Бұл уақыты жеткен қажеттілік пе, әлде «жеке басқа табыну» көрінісі ме? AzattyqLIVE бұл туралы саясаттанушы Айдос Сарыммен талқылады.

Қарашаның 23-і күні парламент мәжілісінің депутаттары тәуелсіздіктің 25 жылдығына арнайы қабылдаған декларацияда президент Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекет қалыптастырудағы рөліне ерекше мән беріліп, біршама стратегиялық нысандарға, оның ішінде Астана қаласына президент есімін беруді Конституцияда бекіту туралы ұсыныс бар.

Қарашаның 24-і күні Назарбаев бұл мәселе бойынша пікір білдірді. Мұндай ұсыныстардың өзіне «өте жағымды» екенін айтқан ол, мемлекетті құруда айналасындағы серіктерінің де орны үлкен екенін жеткізді. Президент парламентті биліктің «тәуелсіз тармағы» деп атап, депутаттар шешіміне нақты қарсылық жасамады. Астана атауының өзгеруі туралы ұсынысты жан-жақты салмақтап барып шешу керектігін айтты.

Астананың атауын өзгерту ұсынысы интернетте әртүрлі әзіл-әжуаға ұласты. Сонымен қатар, нақты сұрақтар да туындады. Парламент мәжілісінің депутаты Қуаныш Сұлтанов жасаған бұл ұсыныс «жеке басқа табыну» ма? Егер шынымен де Астана аты Назарбаев есімімен аталып жатса бұл құбылыс халықаралық қауымдастыққа қалай түсіндірілуі мүмкін?

AzattyqLIVE тақырыпты сарапшы Айдос Сарыммен талқылады.​ Орыс тіліндегі хабардың видеосын мына жерден көре аласыздар.

XS
SM
MD
LG