Accessibility links

Қазақстанның электронды паспортқа көше бастауы ұлт атының өше бастауы ма?


Халыққа қызмет көрсету орталығы. Алматы, 8 қаңтар, 2009 жыл.
Халыққа қызмет көрсету орталығы. Алматы, 8 қаңтар, 2009 жыл.

2009 жылдан бастап Қазақстан Республикасында жаңа биометриялық төлқұжат күшіне енді. Мамандар Қазақстан бұл жаңашылдықты ТМД елдерінің ішінде алғашқы болып енгізіп отыр дегенді алға тартса, кейбір қоғам қайраткерлері бұл қазақ ұлтын жоюға апаратын процесс деген ой айтады.

Бұдан былай шетелдерге шығатын азаматтардың қалтасында электронды паспорт болуы қажет. Үстіміздегі жылдан бастап күшіне енген жаңа биометриялық төлқұжаттың ерекшелігі – оған орнатылған миркочипте. 64 килобайттық электрондық қондырғы иесі туралы толық ақпар беретін болады.

Алматы қаласының Алмалы аудандық Әділет департаментінің бастығы Күлбибі Мұсаеваның айтуынша, құжаттың бұл түрі әлемдегі көптеген мемлекеттерде енгізілген.

- Бүгінде осындай құжатты қолдану турасында АҚШ, Австрия, Австралия, Ұлыбритания және Германия сынды мемлекеттер шешім қабылдады. Біздің де мемелекет 2008 жылы 24 желтоқсанында арнайы қаулы шығарылып, 2009 жылдың 5 қаңтарынан бастап біз оны ауыстыруға көштік.

Халықаралық нормаларға сай келетінін Еуропаның тәуелсіз зертханаларында дәлелдеген электронды биометриялық қазақстандық төлқұжат арнайы сертификатқа ие болды. Мамандардың сөзіне қарағанда, төлқұжатты қолдан жасау мүмкін емес. Оның чипінде Қазақстан азаматының өмірбаяндық мәліметі мен сандық суреті енгізіледі. Құжат берген органның сандық қолтаңбасы түрлі бөгде әрекеттерден берік қорғамақ. Лазерлік әдіспен бедерленген суретті өнеркәсіп жағдайында жасау мүмкін емес. Сонымен қатар басқа да қауіпсіздік шаралары қарастырылған дейді Күлбибі Мұсаева.

-Азаматтың фотосы желіммен жапсырылмайды, лазерлік әдіспен енгізіледі, сондықтан мұндай құжатты қолдан жасау мүмкін емес. Сонымен бірге құжаттың транспорттық коды болды. Құжатты жоғалтқан жағдайда иесі дер уақытта хабарласа, оның бойындағы мағлұматтар оқылмайтын болады.

Мамандар аталмыш төлқұжаттың енгізілуін, жуық арада алыс - жақын шет елдерге осындай құжатсыз бара алмайтындықпен түсіндіреді. Өткені 2009 жылдың жазында көптеген мелекеттерге өзінің иесі туралы биометриялық деректерді ұстайтын арнайы чипі бар құжатсыз кіру мүмкін болмай қалады екен.

Алайда ақын Мұхтар Шахановтың пайымдауынша, бұл құжаттарды енгізу үлкен қателік.

- Билік бізді Қазақстандық ұлтқа енгізіп жіберді. Қазақстандық ұлт өз бастауын американдық ұлттан алады. Кезінде Америкаға Англиядан, Франциядан, Канада сынды басқа да елдерден барған басқыншылар американдық ұлтты қалыптастырды. Яғни, барлығы бір тілде сөйлеп, бір ұлт болып есептелінген. Енді біздің басшылардың ойынша сол дұрыс. Біздің билік екі елге бірдей ұнамақшы, бірі олардың бастамасын алып Америкаға ұнаса, екіншісі Ресейге ұнаймыз, Себебі біз бәріміз орыс боламыз.

Сонымен қатар ол бұл қазақ ұлтын жоятын процестің басы деген пікірде.

- Мына барлығымызға берілетін жаңа төлқұжатта ұлтын көрсететін баған болмайды. Сондықтан, енді бәріміз бір ұлт боламыз. Менің ойымша, бұл тұгелдей қазақ ұлтын жоюға алып баратын процесс. Дегенмен де Әділет департаментінің мамандары алғашқы бетте азаматтың ұлты көрсетілмегенімен, чипте көрсетіледі дегенді айтып отыр.
Халыққа қызмет көрсету орталығында қашан да кезек. Алматы, 8 қаңтар, 2009ж.


Жаңа биометриялық төлқұжатты беру 5 қантардан басталды. Осы күнге дейін қала бойынша 100-ге шақты азамат электронды төлқұжатқа тапсырыс берген. Айта кету керек, жаңа төқұжатты кез келген халыққа қызмет көрсету орталығына алуға болады. Төлқұжат құны 5092 теңге. Қазақстан бұл жаңашылдықты ТМД елдерінің ішінде алғашқы болып енгізген екен. Алматы қаласының Алмалы аудандық Әділет департаментінің бастығы Күлбибі Мұсаеваның айытуынша, жаңа төлқұжаттың тиімді жақтары аз емес.

- Бұл құжатпен шекараны жеңіл кесіп өтуге, паспорттық бақылаудың уақытын қасқартуға, жүктерін алуды тездетуге болады. Сонымен бірге, биометриялық төлқұжаттың енгізілуі консулдық қызметке де тиімді. Осындағы бар мәлімет арқылы кез келген азамат керекті визасын тезарада ала алады.

Айта кету керек, қолдарында шетелдік паспорттары бар кез келген Қазақстан азаматы, құжатының мерзімі өтпеген болса, оны биометриялық паспортқа міндетті түрде ауыстыруы қажет емес. Тек ескі паспорттардың мерзімі біткен кезде ғана ауыстыруға болады. Ал жаңа паспорттардың жарамды уақыты 10 жыл. Бұған қоса мамандар болашақта осы төлқұжаттарға адам саусағының ізі мен көз шатыршасының қабығы да енгізілетінін айтады.

XS
SM
MD
LG