Accessibility links

Солтүстіктен көшкендердің көбі Ресейге барады


Солтүстіктен көшкендердің көбі Ресейге барады
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:17 0:00

ВИДЕО: Солтүстіктен көшкендердің көбі Ресейге барады

Солтүстік Қазақстан облысында қоныс аударып келгендерден көшіп кеткендер саны басым. Көшкендердің көбі Ресейге барған.

Солтүстік Қазақстаннан көшіп кететіндер көбейді. Облыстың кейбір ауылдарында санаулы үй қалған. Ауыл мен қала тұрғындарының өзге елдерге кету себебін көшуге жиналғандар мен көшіп барғандар әртүрлі түсіндіреді.

КӨШУДІҢ СЕБЕБІ

Шал ақын ауданы Тельманово ауылының тұрғыны Ағайша Қазиева ауылда бес-ақ үй қалғанын айтады. Қазір осы елдімекендегі бес үйде бар-жоғы 12 адам өмір сүреді. Мектеп жабылып, ауыл қаңырап бос тұр. Тұрғындардың айтуынша ауылды тастап кеткендердің көбі Ресей мен Германияға көшіп кеткендер. Тұрғындар саны азая бастағандықтан ауылдағы мектеп жабылып, көбі жұмыстарынан айырылып қалған.

Петропавлдағы автовокзал
Петропавлдағы автовокзал

- Көшкендердің көбі Германия мен Ресейге кетті. Ал Қазақстанның өз ішінен көшіп келгендер бізге емес, осы маңайдағы басқа ауылдарға, мәселен, Сергеевкаға орналасып жатыр. Мал ұстайтын біздер қалдық. Енді биыл екі үй көшетін шығар. Ал түптің түбінде біз де көшетін боламыз, - дейді Азаттыққа.

Басқа елге кетуді жоспарлап қойғандардың қатарында Петропавловск қаласының тұрғыны Наталья Плахтий да бар. Ол жақын арада күйеуімен бірге Ресейдің Омбы қаласына көшпекші.

- Біз күйеуім екеуміз Ресейге көшіп, қайтып келмейміз. Күйеуім ол жақтан жұмыс табады. Қазір ол «СевКазЭнергода» жұмыс істейді. Ресейден жұмыс табуға болады. Мен де кез келген жұмыс таба аламын, - дейді.

Ол өздерінің Қазақстаннан көшу себебін қымбатшылықпен байланыстырады.

- Біздің кетуіміздің себебі - мұнда баға өте қымбат. Сол себепті өмір сүру қиын. Ертең балаларымыз болса, жағдайымыз тіпті қиындай түседі, - дейді ол.

Омбы қаласының көрінісі
Омбы қаласының көрінісі

Ал Полина Судовая екі жыл бұрын отбасымен бірге Германияға көшіп кеткен. Ол қазір жағдайларының жақсы екенін айтады. Ол Петропавлда мектепті бітірген соң ата-анасына ілесіп көшіп кеткен екен. Полина өздеріне Германиядағы өмір ұнайды дейді.

- Бізге бұл жақта тұрған ұнайды. Тұрмыстық деңгейі де жақсырақ. Көшіп кеткенімізге еш өкінбейміз, - дейді ол Азаттыққа.

КӨШКЕНДЕР МЕН КЕЛГЕНДЕР

Солтүстік Қазақстан облыстық статистика департаментінің дерегінше бұл аймақтан көшіп кетушілерді қабылдап жатқан елдердің арасында Ресей бірінші орында тұр.

- 2017 жылы облыстан 12 мың 245 адам кетті. Олардың арасында сегіз мың 800 адам - Қазақстанның басқа облыстарына, үш мың 206 адам - ТМД елдеріне және әлемнің басқа мемлекеттеріне 239 адам көшті. Біздің облыстың эмигранттарының негізгі бөлігін Ресей қабылдайды. Облыстан ТМД елдеріне кеткендердің 98,8 пайызы Ресейге барады, - дейді Солтүстік Қазақстан облыстық статистика басшысының орынбасары Жанар Кизбикенова.

Бұл мәселеге қатысты Азаттық кеңірек мәлімет алу үшін жергілікті көші-қон қызметіне хабарласып, хат жолдағанымен, ондағы мамандар қойылған сұрақтарға жауап беру қызметімізге жатпайды деп сұхбат беруден бас тартты.

Петропавлдағы теміржол вокзалы
Петропавлдағы теміржол вокзалы

Ал облыстық статистика департаментінің мәліметі бойынша, биылғы жылдың бес айы ішінде аймақтан ТМД елдеріне бір мың 133 адам көшіп кеткен. Оның 98,1 пайызын Ресейге кеткендер құрайды. Ал осы ралықта ТМД-дан өзге әлемнің басқа елдеріне 131 адам кеткен. Оның ішінде 81 адам - Польшаны, ал 45 адам Германияны таңдаған. Үш адам - Израильге, Финляндия мен Монғолияға екі адам кеткен. Ал биылғы жылдың бес айында облысқа екі мың 361 азамат көшіп келген. Былтыр облыс аумағына алты мың 782 азамат қоныс аударған. Олардың ішінде бес мың 988 адам - Қазақстанның өзге аймақтарынан, 720 адам - ТМД елдерінен және 74 адам әлемнің басқа елдерінен көшіп келген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG