Accessibility links

Полицейлерге шерушілерді өлтіріп алмауды үйретеді


Жаңаөзендегі орталық алаңда тұрған полиция жасағы. Маңыстау облысы, 18 желтоқсан 2011 жыл.
Жаңаөзендегі орталық алаңда тұрған полиция жасағы. Маңыстау облысы, 18 желтоқсан 2011 жыл.

Жаңаөзендегі шеруге оқ атуға байланысты сынға қалған билік «полицияда кісі өлтірмейтін қару болмады» деп ақталған еді. Екі жылдан соң полицейлерге шеруді таратқанда кісі өлтіріп алмауды үйрету қажеттігі айтылып отыр.

2011 жылы 16 желтоқсан күні Жаңаөзен оқиғасы кезінде полиция кісі өлтірмейтін қарудың ешбір түрін қолданбай, бірден атыс қаруынан оқ атты. Салдарынан оннан аса адам қаза тауып, ондаған адам жараланды. Қазір, Жаңаөзендегі қырғыннан соң екі жыл өткенде, биліктің полиция басшылары үшін өткізіп жатқан семинарларында полицейлерді шеру-жиындарды адам өлтірмейтін қарумен қуып таратуға үйрету қажеттілігі айтылды. «Адам өлтірмейтін қару» деп қолданған кезде кісі өліміне соқтырмайтын қаруды айтады.

ЖАҢАӨЗЕНДЕГІ ҚАРУ

Жуырда Алматы қаласында өткен семинарда Қазақстан аймақтарының әкімшілік полиция басшыларына «манифестанттарға қарсы Жаңаөзендегі сияқты атыс қаруы емес, кісі өлтірмейтін қару қолданылуы тиіс» деп түсіндірді. Семинарға елдің әр аймағынан келген шенді полицейлер қатысты.

Ішкі істер министрінің бұрынғы орынбасары, запастағы полиция полковнигі
Ішкі істер министрінің бұрынғы орынбасары Александр Саванков. Алматы, 14 мамыр 2014 жыл.
Ішкі істер министрінің бұрынғы орынбасары Александр Саванков. Алматы, 14 мамыр 2014 жыл.
Александр Саванковтың дерегі бойынша, 2011 жылы 17 желтоқсан күні төтенше жағдай енгізілгеннен кейін Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласына полиция мен ішкі істер әскерінің алты мыңға жуық қызметкері жіберілген. Оның айтуынша, олар негізінен тапанша, автоматтармен қаруланған.

– Менің есебім бойынша, 300-ге жуық қызметкер жарық түсіріп, шу шығаратын гранатамен, 150 адам электршокермен қаруланған. Яғни алты мың қызметкердің небәрі 450-і ғана қарусыз топқа қарсы қолдануға тиімді кісі өлтірмейтін қарумен қаруланған еді, - дейді Александр Саванков.

Оның айтуынша, Жаңаөзендегі оқиға кезінде полицияда резеңке оғы бар қару, сұйықтық шашқыш, залалсыз граната сияқты кісі өлтірмейтін арнайы құралдар мүлде болмаған.

Сарапшы Саванков мұның себебін аймақтық ішкі істер департаменттерінде (ІІД)
Жаңаөзен оқиғасы кезінде полиция жағынан қарудан атып жатқандар. Видеодан скриншот.
Жаңаөзен оқиғасы кезінде полиция жағынан қарудан атып жатқандар. Видеодан скриншот.
кісі өлтірмейтін қару сатып алуға мән берілмеуімен байланыстырады.

– Көбінесе өткір жарық түсіріп, шу шығаратын, көзден жас ағызатын гранаталар, аэрозольді бүріккіш сияқты заң бұзған азаматтарды бөгеп, ұстау үшін тиімділігі шамалы қару түрлері сатып алынған, - дейді Саванков.

Оның дерегінше, Жаңаөзен оқиғасы болатын күні Маңғыстау облыстық ІІД-де бір мың патроны бар небәрі тоғыз помпалық қару, бір мыңдай көз шағылыстырып, шу шығаратын және аэрозольді граната мен 300 электрошокер-пистолет болған.

YouTube-те жарияланған Жаңаөзен оқиғасы туралы видео
Жаңаөзен оқиғасы туралы видео
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:49 0:00
Жүктеп алу


«САСЫҚ ҚАРУ»

Сарапшы Александр Саванков жаппай тәртіпсіздіктің белсенді мүшелерін алыстан тор тастау арқылы бөгеп, уақытша ұстап тұру үшін полиция кісі өлтірмейтін қарудың қазіргі заманға сай «Штурм» сияқты тор лақтырғышымен қаруланғаны жөн деп есептейді.

Сарапшы мұндай торлардың ішінен С-3 (тор) гранатаны атайды. Тор нысананың үстінен 3-4 метр биіктен автоматты түрде ашылады. Оның көп элементтері резина мен соққыға төзімді пластиктен жасалғандықтан адамның денесін жарақаттамайды.

Сарапшы полицейлерге өздігінен ашылатын торы бар Сеть2М деп аталатын
Түркия полициясы үкіметке наразылық шеруіне шыққандарға жас ағызатын газ бен су шашып жатыр. Стамбул, 1 мамыр 2014 жыл.
Түркия полициясы үкіметке наразылық шеруіне шыққандарға жас ағызатын газ бен су шашып жатыр. Стамбул, 1 мамыр 2014 жыл.
минамен де қарулануға кеңес береді. Ол кәдімгі мина сияқты – жарғышты басқан кезде ұшып шыққан тор адамды жауып қалады. Жарылған кездегі дүмпуінен 30-40 секунд бойы адамның көзі көрмей, бес сағатқа дейін құлағы естімей қалатын пиротехникалық гранаталары бар. Сарапшы полиция қатты дыбыс қаруын да сатып алуы тиіс деп есептейді. Ондай зеңбіректер шерушілердің мінез-құлқына әсер ету үшін немесе жеке бір адамға, мысалы ұйымдастырушыға қарсы қолданылады.

Кісі өлтірмейтін құралдардың «СВЧ-қару» деп аталатын түрінің 500 метр жерге дейінгі аумақтағы адамдарды аз уақытқа есеңгіретіп тастауға қауқары жетеді.

– Тараған толқын ми мен орталық жүйке жүйесіне әсер еткен кезде адамның құлағында ысқырған үн мен шу пайда болып, бойын үрей билейді. Мұндай күйге түскен адам әлгі жерден аулаққа қашып кетіп, тығылып қалғысы келеді, - дейді сарапшы.

Кісі өлтірмейтін қарудың «Атқыш мегафон», «Қыздыратын тапанша», «Көбік бүріккіш» сияқты түрлері де бар. «Қазақстан полицейлері әсіресе Израиль полициясының жаппай тәртіпсіздіктермен күресу тәжірибесін үйренгені жөн» деп санайтын Саванков «сасық заряд» деп аталатын кісі өлтірмейтін «Скунс» қаруын мысалға келтірді.

– «Сасық заряд» деген – күлімсі иісі бар оқ-дәрі. Оларды әдетте күкірт, хлор, күкірт қышқылы және аммиак негізінде жасайды. «Сасық зарядты» қолданған кезде оның иісі тиген адамның бойында үрей туып, зәре-құты қашады, - дейді сарапшы.

ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК

Сарапшылардың айтуынша, Қазақстан заңдарында полицияның арнайы құралдарды қолдану ережелері нақтыланбаған. Бұл бір жағынан бейбіт халық арасында жазықсыз адам өліміне соқтырып, екінші жағынан полицейлерді қылмыстық қудалауға ұшыратуы мүмкін.

Билік «полицияның кісі өлтірмейтін қаруды қолдану ережелерін заң жүзінде
ЕҚЫҰ-ның полиция қызметінің стратегиялық мәселелері жөніндегі сарапшысы Роман Макуха. Алматы, 14 мамыр 2014 жыл.
ЕҚЫҰ-ның полиция қызметінің стратегиялық мәселелері жөніндегі сарапшысы Роман Макуха. Алматы, 14 мамыр 2014 жыл.
реттеу жолдары қарастырылып жатыр» деп мәлімдейді.

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) полиция қызметінің стратегиялық мәселелері жөніндегі сарапшысы Роман Макуха жаппай тәртіпсіздіктер кезінде нақты полицейлерді адамдардың зардап шегуіне немесе кісі өліміне соқтырған заңсыз әрекеттері үшін жауапкершілікке тарту мәселесі жиі қозғалатынын айтады.

Оның сөзінше, батыс елдерінде бұл мәселеге қатысты мынадай тәртіп бар: полиция басшылығының бұйрық-пәрмендерінің бәрі таспаға жазылады, ал полицейлердің әр қимылы видеоға түсіріліп тіркеледі. Полицейлердің кім екенін анықтау үшін олардың формасы мен каскасының артына әр полицейдің жеке нөмірі жазылады.
  • 16x9 Image

    Қазис ТОҒЫЗБАЕВ

    Қазис Тоғызбаев 2008 жылғы қыркүйектен бастап өмірінің соңына, яғни 2021 жылғы 28 ақпанға дейін Азаттықтың Алматыдағы тілшісі ретінде еңбек етті. Азаттыққа дейін оппозициялық "Сөз" және "Азат" газеттерінде, kub.info сайтында тілші болған.

XS
SM
MD
LG