Accessibility links

Үшінші күш немесе «сайлау оппозицияның ішіндегі қайшылықтарды көрсетті»


Саясаткер Уәлихан Қайсар
Саясаткер Уәлихан Қайсар

Саясаткер Уәлихан Қайсар жаңа партия құру ойы бар екенін айтады. Қазақстанда билік пен оппозициядан бөлек саяси күштердің пайда болу мүмкіндігін «Нұр Отанның» хатшысы да мойындайды.


Оппозициялық «Азат» партиясынан мүшеліктен шығып кеткен саясаткер Уәлихан Қайсар «қоғамда билікке де, оппозицияға да сенбейтін азаматтар көп» дейді.

«ҚОЛДАУ, СҰРАНЫС, ҰСЫНЫС...»

Уәлихан Қайсардың пікірінше, елде жаңа саяси күш тууы үшін: 1) билік пен оппозицияға балама бола алатын, халықты маңына топтастыра алатын, қоғамда салмағы бар адамдар керек; 2) сол адамдардың саяси, рухани ерік-жігері мен қаржылай мүмкіндігінің болғаны жөн.

– Саяси партия құру туралы ойым бар. Интернетті қазір көп оқимын. Халық жағынан қолдау бар, сұраныс та бар, ұсыныс та бар. Сондықтан да осының бәрін назардан тыс қалдырмай, жүйелі түрде реттеп, сараптап, белгілі бір қорытынды шығару керек, – деді Уәлихан Қайсар сәуірдің 22-сі күні Азаттық тілшісіне.

Саясаткер бұл үлкен жауапкершілік болғандықтан әзірге тек жоспар екенін ескертіп, қашан нақты шешім қабылдайтынын айтқан жоқ.

ҮШІНШІ КҮШ

Үшінші саяси күштердің пайда болу мүмкіндігі – Қазақстан қоғамында соңғы бірнеше жылда қызу талқыланып келе жатқан тақырыптардың бірі.

Бұл жайында сәуірдің 22-сі күні Алматыда Қазақ журналистерінің клубында да айтылды. Клуб қонағы, «Нұр Отан» партиясының хатшысы Ерлан Қарин
«Нұр Отан» партиясының хатшысы Ерлан Қарин. Алматы, 22 сәуір 2011 жыл.
Қазақстанда жаңа саяси күштердің пайда болуына алғышарттар қалыптаса бастағанын мойындайды. Ол бұл құбылыстың әсіресе соңғы саяси оқиғалар кезінде айқын көрінгенін айтты.

– Өткен сайлау оппозицияның ішіндегі белгілі бір қарама-қайшылықтарды көрсетті. Жаңа пікірталас алаңы пайда болды. Мысалы, «сайлауға қатысу керек пе, жоқ па?», «жалпы оппозициялық бағыттағы саяси партиялардың елде болып жатқан саяси процестерге қатысты тактикасы қандай болуы керек?», т.б. сұрақтар төңірегінде әртүрлі дискуссиялар өтті. Бұл белгілі бір түрде жаңа оппозицияның, мүмкін, жаңа лидерлердің келуіне деген сұранысты туғызып отырған сияқты, – деді журналистердің сұрақтарына жауап берген Ерлан Қарин.

«ОППОЗИЦИЯНЫҢ ПОТЕНЦИАЛЫ»

Бұған дейін бірнеше мәрте сөз болған болжамға – «Атамекен» одағының саяси партияға айналуына – күмән келтірген Ерлан Қарин мазмұндық өзгерістер мәселесі билікпен қатар оппозициялық партияларға да қатысты екенін айтады.

– Қазір кейбір билік партиялары қосылуы мүмкін деп айтып жатыр. Менің пікірімше, мұндай мәселе – бірігу, қосылу немесе басқа формаларды іздестіру бірінші кезекте оппозициялық партиялардың да алдында тұр. Сондықтан жаңа оппозициялық күштердің пайда болуын жоққа шығара алмаймыз, – дейді Ерлан Қарин.

Ал «Азат» жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының хатшысы Әміржан Қосанов мұндай күштердің жақын арада пайда болатынына күмән
«Азат» социал-демократиялық партиясының бас хатшысы Әміржан Қосанов. Алматы, 5 желтоқсан 2010 жыл.
келтіреді. Оның пікірінше, «Қазақстан оппозицияның ықпалы басым, әзірше потенциалын сарқыған жоқ».

– Жаңадан оппозициялық партиялар дүниеге келіп жатса, оны қолдаймыз. Бірақ қазір Қазақстанның саяcи аренасында оппозициялық бағыт ұстанып отырған біз, яғни «Азат» ЖСДП, Коммунистік партия және тіркелмеген «Алға» партиясы бар. «Оппозицияның потенциалы сарқылды» деген пікірмен келіспеймін. 20 жылдан бері өзгермей келе жатқан саяси режимді өзгерту мақсатын қойған бұл партиялардың мақсаты орындалмай, дегеніне жетпей, бұлардың потенциалы сарқылады деп ойламаймын, – деді Әміржан Қосанов.

«Нұр Отан» партиясының хатшысы Ерлан Қарин
Қазақстанның ішкі, сыртқы саясаты туралы


«Нұр Отан» партиясының хатшысы Ерлан Қарин
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:32 0:00
  • 16x9 Image

    Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

    1985 жылы дүниеге келген.
    2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
    2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

    Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

XS
SM
MD
LG