ХХІІ қысқы олимпиада 2014 жылы ақпанның 7-і мен 23-і аралығында Ресейдің Сочи қаласында өтеді.
«ҚАЗАҚСТАН УКРАИНАДАН ОЗАДЫ»
«Спорт-Экспресс» газетінің болжамынша, Сочи олимпиадасында барлығы 25 ел медаль алады. Ал Қазақстан бір алтынмен, жалпы командалық есепте 21-орынды иеленуі мүмкін.
«Қазақстан медаль жағынан Украина мен Беларусьтен озады» деп болжайды «Спорт-Экспресс».
Ресейлік басылым «Қазақстаннан бөлек, Хорватия мен Латвия да бір алтыннан үмітті» екенін жазған.
Газеттің болжамы бойынша, «Қазақстанға бір алтынды шаңғышы Алексей Полторанин алып береді».
Полторанин 2013 жылы Италияда өткен «Тур де Ски» халықаралық жарысында екі алтын алды. Бұдан бөлек, ақпан айында Францияның Ла-Клюза қаласында өткен әлем кубогы кезеңінде де жеңіске жетті. Бұл спортшы 2010 жылғы Ванкувер олимпиадасында бесінші орын алған.
«ХРУСТАЛЕВА МЕДАЛЬ АЛА АЛМАЙДЫ»
2010 жылы Ванкуверде (Канада) өткен қысқы олимпиада ойындарында күміс медаль алған биатлоншы Елена Хрусталева «Спорт-Экспресс» жариялаған медальдан үміткерлер тізімінде жоқ.
Ресейлік басылымның болжамы бойынша, фристайлдан 2011 жылғы Азия ойындарының чемпионы қазақстандық Юлия Галышева Сочи олимпиадасында оныншы орын алады.
Басылым «қазақстандық конькишілер Дмитрий Бабенко 3000 метрге жүгіруден - сегізінші, 5000 метрге жүгіруден - оныншы, ал Денис Кузин мың метрге жүгіруден 16-орын иеленеді» дейді.
«ГЕРМАНИЯ – БІРІНШІ, АҚШ ЕКІНШІ ОРЫН АЛАДЫ»
Ресейлік газеттің болжамы бойынша, Cочи олимпиадасында жалпыкомандалық есепте Германия 12 алтын, 14 күміс, 15 қола медальмен бірінші орын алады. АҚШ 12 алтын, 13 күміс, 3 қоламен екінші орынды иеленеді. Ал үздік үштікке Норвегия енеді – 10 алтын, 10 күміс, 9 қола.
«Спорт-Экспресс» «Азиядан Корея (5 алтын, 4 күміс, 2 қола), Қытай (4 алтын, 4 күміс, 3 қола), Жапония (4 алтын, 2 күміс, 4 қола) Сочиде үздіктер қатарына енуі мүмкін» деген болжам айтады.