Ұялы байланыс саласын реттейтін заңдарға өзгеріс енгізу мәселелері бойынша қыркүйектің 17-і күні Алматыда өткен дөңгелек үстелде ұялы байланыс операторлары мен сарапшылар ішкі істер министрлігінің (ІІМ) түрме мен оның маңайында ұялы байланысқа тыйым салу туралы ұсынысын сынады. Олар «азаматтар мен кәсіпкерлерге зардап келтірмей, бұл идеяны іске асыру мүмкін емес» дейді.
Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті өкілдерінің айтуынша, тұтқындардың ұялы байланысты заңсыз пайдалануы қауіпті.
БАЙЛАНЫС ОПЕРАТОРЛАРЫНЫҢ ПІКІРІ
Түрме мен оған жақын маңда ұялы байланысқа тыйым салу туралы ұсыныс «Tele2-Қазақстан» ұялы байланыс компаниясының басқармасын қайран қалдырды.
– Ұялы байланыс радиотолқындарды пайдаланады емес пе? Енді бізге ұялы байланысты мына ауданда пайдалануға болады, мына ауданда болмайды деп заң жүзінде шектеу қоймақ, – дейді осы компания басқармасы төрағасының орынбасары Бексұлтан Мейірбеков.
Kcell компаниясы заң департаментінің сарапшысы Болат Нұрғожинның айтуынша, ұялы байланысты базалық станциялар желісінің жұмысы қамтамасыз етеді. Егер түрме төңірегінде осындай алты станция жұмыс істейтін болса, түзету мекемесі мен оның маңында ұялы байланыстың сигналын өшіруге қатысты мына талапты орындау үшін шамамен бес станцияны өшіру керек. Ал қалған жалғыз станция бұрын алты станция қамтып отырған кеңістікте сапалы ұялы байланысты қамтамасыз ете алмайды.
Операторлар мұндай тыйым салуды орынсыз деп санайды. Парламент депутаты Рауан Шаекиннің деректері бойынша, қылмыстық-атқару жүйесі комитеті қамау орнындағы ұялы байланысты бәсеңдеткіш құралдар орнатуға бір миллиардтан аса теңге (6,7 миллионға жуық доллар) жұмсаған. Кейбір түрмеге жақын маңдағы үйлердің тұрғындары ұялы байланыстың сапасына шағымданып, ал тұтқындар ұялы байланысты бұрынғысынша еркін пайдаланып жүр.
ҚЫЛМЫСТЫҚ-АТҚАРУ ЖҮЙЕСІ КОМИТЕТІНІҢ УӘЖДЕРІ
Бұрын орнатылған бәсеңдеткіш құрылғылар тұтқындардың ұялы телефонмен заңсыз сөйлесуімен жүргізілген күресте онша тиімді болмағанын комитет басшылығы да мойындайды. Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті тәртіп және қадағалау басқармасының бастығы Бауыржан Оразалиннің айтуынша, тұтқындардың 94 пайыздан көбі ауыр және ерекше ауыр қылмыс жасағаны үшін жазасын өтеп жатқан адамдар болғандықтан, оларға ұялы байланысты қолдандырмау қажет.
– Көбінің мерзімінен бұрын шартты босауға және жазасының өтелмеген бөлігін жеңіл жазаға ауыстыруға құқығы жоқ. Сотталғандардың бір бөлігі ұялы байланыстың көмегімен түрме тәртібін бұзып, колонияны бақылауына алуға тырысады, – дейді Бауыржан Оразалин.
Оның айтуынша, қазір сырттан – радикалдық діни ағымдарды ұстанатын адамдар тарапынан төнетін қауіптер пайда болды. Жаза өтеу мекемелерінде қылмыстық тұлғалардың жағымсыз ықпалы күшейді.
– Бұған соңғы жылдары болған, үлкен қоғамдық пікір тудырған төтенше жағдайлардың өсуі дәлел. Ақтау қаласы, Ақмола облысы, Қарағанды облысының Балқаш қаласындағы түрмелердегі оқиғаларды еске түсіріңіздерші, – дейді Бауыржан Оразалин.
Оның айтуынша, қылмыстық-атқару жүйесі комитеті ұялы байланыс операторларын өздерінің базалық станцияларын ұялы байланыс сигналдары түрме аумағына түспейтіндей, бұдан абоненттер зардап шекпейтіндей етіп орналастыруға заң жүзінде міндеттеуді ұсынады.
ӘРЕКЕТ ЕТУ ЗОНАСЫ
Қазақстан түрмелеріндегі тұтқындардың түрме әкімшілігі мен арнайы прокуратураның рұқсатынсыз ұялы телефонның көмегімен қоғамға түрмелердегі зорлық-зомбылық пен тұтқындарды азаптау туралы хабарлаған оқиғалар жайлы Азаттық радиосы бұрын жазған. 18 жылға сотталған ақын әрі диссидент Арон Атабек 2012 жылдың желтоқсан айында, түрмеге этаппен айдау кезінде Азаттық тілшісіне ұялы телефон арқылы сұхбат берген болатын.
2010 жылдың жазында Қарағанды облысындағы түрмелерде отырған тұтқындар ұялы телефон арқылы тұтқындарға қарсы зорлық-зомбылық, қатыгездік туралы хабарлап қана қоймай, сол жайлы өздері түсірген видеоларды да жіберген. Әсіресе, тұтқын Евгений Карауштың ісі жұртқа мәлім болып, Азаттық бұл жайында бірнеше мақала жазған.
Өзін Марат Нұрымов деп атаған тұтқындардың бірі ұялы телефоннан жіберілген интернет-хабарлама арқылы Азаттық радиосының белсенді блогерінің біріне айналды.
ІІМ қылмыстық-атқару жүйесі комитеті күзет және тәртіпті қадағалау басқармасының бастығы Бауыржан Оразалин тұтқындар құқығы бұзылғанын ұялы телефонсыз, басқа құралдар арқылы хабарлауына болады деп санайды. Ол «түрмедегі таксофонмен еркін пайдалануға жағдай жасалады» дейді.
– Жалпы, хабарласқысы келген тұтқынға ешқандай тосқауыл жоқ. Оның үстіне бүкіл республика аумағында арнайы прокуратура жұмыс істейді. Мекеменің шалғайлығына қарай, арнайы прокурор түзету мекемелерін күн сайын болмаса да, күн аралата аралап тұрады. Кез келген тұтқын әкімшілік қызметкерлері тарапынан болған заңсыз әрекеттерге шағымдана алады, – деді комитет өкілі Азаттық тілшісіне.