Халықаралық «Environmental Performance Index» агенттігі мемлекеттердің экологиялық рейтингін жариялады.
Агенттік рейтинг түзер кезінде 22 талапты негізге алған. Олардың ішінде елдегі ауыз су және ауа тазалығы, қоршаған ортаның адам денсаулығына әсері тәрізді өлшемдер бар.
АУЫЗ СУ МЕН АУА ТАЗАЛЫҒЫНАН – 129-ОРЫН
Экологиясы лас мемлекеттердің бірі ретінде аталған Қазақстан 129-орында, Өзбекстан, Түркіменстан және Ирактың ғана алдында тұр.
Бұл рейтингтің басында Швейцария тұр. Бұл ел - әлемдегі экологиясы ең таза мемлекет.
Одан кейінгі орындарға Латвия, Норвегия, Люксембург, Коста-Рика, Франция, Австрия, Италия, Ұлыбритания және Швеция орналасқан.
Қазақстан рейтингте Никарагуа (35), Габон (40), Уругвай (46), Замбия (57), Перу (81), Сенегал (98), Қырғызстан (101), Тәжікстаннан (121-орын) төмен орналасқан.
Рейтингке барлығы 132 ел енген.
ҒЫЛЫМИ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ РЕЙТИНГТЕ – 83-ОРЫН
Ал «INSEAD» еуропалық бизнес-мектебі мен дүниежүзілік зияткерлік меншік қауымдастығы әлем бойынша инновациялық рейтинг жариялады.
Ғылыми жаңалықтардың ашылуы, адам капиталы, бизнестің дамуы сынды индекстер бойынша дайындалған тізімде Қазақстан 83-орында тұр.
Қазақстанның алдында Литва (38), Чили (39), Оман (47), Маврикий (49), Ливан (61), Моңғолия (68), Белиз (80) орналасқан.
Инновациялық рейтингтің алғашқы ондығына Швейцария, Швеция, Сингапур, Финляндия, Ұлыбритания, Голландия, Дания, Гонконг, Ирлания, АҚШ кірді.
Тәжікстан мен Қырғызстан 107 және 109-орындарда тұр, Өзбекстан 127-сатыға орналасыпты.
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САУДА ЖАСАУДА – 105-ОРЫН
Дүниежүзілік экономикалық форум әлем елдерінің халықаралық саудаға араласу рейтингін түзді. Экспорт пен импорт, инфраструктура, кеден қызметі индекстері
бойынша құрылған рейтингте Қазақстан 105-орын алыпты.
Қазақстан бұл тізімде Мадагаскар (107), Тәжікстан (110), Қырғызстан (111), Мали (121), Непалдың (124) алдында тұрғанымен, Руанда (51), Панама (60), Вьетнам (68), Сальвадор (70), Малави (81) елдерінен төмен сатыға орналасқан.
Дүниежүзілік экономикалық форум «рейтингі төмен елдерде экспорт пен импорттың ара салмағы тең емес» дейді.
Сауда бойынша жасалған рейтингтің басында Сингапур, Гонконг, Дания, Швеция, Жаңа Зеландия, Финляндия тұр.
БАСПАСӨЗ БОСТАНДЫҒЫ БОЙЫНША – 177-ОРЫН
Freedom House халықаралық ұйымы баспасөз бостандығы рейтингін жариялады. Қазақстан бұл тізімдегі 197 елдің арасында 177-орында тұр.
Ұйым Қазақстанды баспасөз бостандығы өте әлсіз дамыған елдердің қатарына қосқан. Рейтингте бұл елмен Эфиопия, Сирия, Сомали, Лаос, Эритериямен елдері көрші тұр.
Қырғызстан (155), Өзбекстан (196), Түркіменстанда (196) да баспасөз еркіндігі жоқ.
Freedom House «Баспасөз бостандығы Финляндия, Норвегия, Швеция, Бельгия, Дания, Люксембург, Голландия, Швейцария елдерінде бар» деп есептейді.
ҚАУІПТІ ЕЛДЕР ҚАТАРЫНДА ЖОҚ
Ал британдық «Maplecroft» зерттеу компаниясы әлемдегі саяси жағдайы аса қауіпті елдердің рейтингін жариялады. Компания «Сомали, Пәкістан, Ирак, Ауғанстан, Судан, Йемен, Палестина, Конгоға турист ретінде баруға болмайды» деп ескертті. Бұл тізімде Қазақстан жоқ.