Accessibility links

Сириядан оралғандардың құқығы алаңдатады


Сириядағы босқындар лагеріндегі адамдар. 2017 жыл. (Көрнекі сурет)
Сириядағы босқындар лагеріндегі адамдар. 2017 жыл. (Көрнекі сурет)

Сирияға кетті делінген кейбір адамдардың бала-шағасы соғыс аймағынан шығарылып жатыр. Адвокат Қазақстанда жеткізілгенде оларды зардап шегуші ретінде танып, қоғамға бейімдеу керегін айтады.

Қарағанды облысы Сәтбаев қаласының тұрғыны Орынкүл Қаратаева Сирияда жүрген немерелерін елге қайтара алмай алаңдап жүр. Өзінің 68 жаста екенін айтқан Орынкүл апаның келіні мен төрт немересінен бір хабар алмағалы да көп болған.

ВИДЕО: Сириядан оралған қазақстандықтар

Сириядан оралған қазақстандықтар
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:47 0:00

Орынкүл Қаратаеваның айтуынша, 2015 жылы маусым айында «Түркияға демалып келеміз» деп баласы отбасын алып кеткен. Кейін қайта оралмаған. Айтуынша, ұлы сол жылы күзде соғыста қаза тауыпты. Келіні әуелде жиі хабарласып тұрғанымен, біртіндеп байланыс үзілген. Орынкүл Қаратаева енді өзінің биліктен көмек күтетінін айтады.

- Енді үкіметтен сұрайтыным, кінәсіз балаларды елге қайтарса дейміз. Балалардың кінәсі жоқ қой. Олар қайда бара жатқанын, қайда тұрып жатқанын да білмейді ғой, - дейді Азаттыққа.

Орынкүл Қаратаеваның сөзінше, Сириядағы соғысқа кеткен балаларын күтіп жүрген он бес шақты танысы бар. Ал кеше Шешенстан астанасы Грозныйға соғыс аймақтарынан 41 адамның жеткізілгені, олардың бесеуі қазақстандық екені хабарланды. Бүгін бұл мәселеге байланысты Қазақстан сыртқы істер министрлігінің өкілі «Грозныйдағы қазақстандықтар отандарына жақын арада жеткізіледі» деді.

Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Әнуар Жайнақов бұл туралы бүгін журналистерге мәлімет берген. Айтуынша, Грозныйға жеткізілген әйел 1988 жылы туған, Орал қаласының тұрғыны.

- Оның төрт камелетке толмаған баласы бар. Оларды Грозный қаласының әуежайында Қазақстанның Ресейдегі елшілігі қызметкерлері күтіп алды. Жақын арада олар Қазақстанға жеткізілетін болады, - деді Қазақстан сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі.

АУДИОПОДКАСТ: Қазақстандықтар Сириядан Грозныйға жеткізілді

Қазақстандықтар Сириядан Грозныйға жеткізілді
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:37 0:00



​Адвокат Айман Омарова Қазақстанда терроризм айыбы тағылған адамдардың әйелдері мен балаларының құқығы жиі бұзылады дейді. Ол Сириядан жеткізілген әрбір әйел, бала-шағамен құзырлы органдар да, психолог мамандар да жеке жұмыс жүргізіп, жазалаудан гөрі қоғамға бейімдеу шараларын жасау керек деп санайды. Адвокат еркінен емес, жетелеумен Сирияға барғандарды зардап шегуші ретінде таныған дұрыс дейді.

- Сирияға барған әйелдер мен балаларды терроризм мен экстремизм кесірінен зардап шеккен десе болады. Неге десеңіз көбі алданып қалған. Күйеулері біз мұсылманбыз, біз осындай керемет өмір сүреміз деп алдап апарады. Ал әйелдердің оған қарсы сөйлегісі келмейді. Сол үшін әр жағдайды жеке талқылау керек деп ойлаймын, - деген Айман Омарова әрбір жағдайды дербес қарастырылуы керек екенін айтады.

Сириядағы соғыс аймақтарынан құтқарылған қазақстандықтар туралы әлеуметтік желіде Шешенстан президенті Рамзан Қадыров бұған дейін де бірнеше рет айтқан. Ал 2014 жылы Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитеті Ирак пен Сирияда өздерін «Ислам мемлекеті» деп атайтын террорлық ұйымның құрамында 300-дей қазақстандықтың бар екенін, олардың тең жартысы әйелдер екенін мәлімдеген. "Ислам мемлекептін" Қазақстан тек 2015 жылы ғана террористік ұйым деп танып тыйым салған. Сарапшылар Қазақстанның оны террористік топ деп ресми мойындауға асықпағанын жазған.

XS
SM
MD
LG