«Журналистер қауіп-қатерде» құқық қорғау қорының директоры Розлана Таукина Азаттыққа берген сұхбатында Қазақстанда билікті сынайтын бұқаралық ақпарат құралдарын (БАҚ-ты) ақпарат кеңістігінен ығыстыру күшейгенін айтады. Былтыр елде 10 оппозициялық басылым болса, қазір соның санаулысы ғана қалған.
«БИЫЛ ЖАҒДАЙ ТІПТІ МҮШКІЛ»
Азаттық: – Қазақстанда қанша оппозициялық және тәуелсіз БАҚ қалды?
Розлана Таукина: – Әсіресе соңғы жылда Қазақстанда билікке қарсылық білдіретін БАҚ күрт азайып кетті. Ал баспасөздің негізгі міндеті – халықтың мүддесі үшін биліктің жақсы жұмыс істеуін, іс-қимылын қадағалап, үнемі сынап отыру емес пе. Бірақ Қазақстанда мұндай ақпарат құралдары үздіксіз азайып келеді. Былтыр Қазақстанда жұмыс істейтін 3 мың БАҚ-тың 10-ы ғана оппозициялық басылымдар еді. Мен жазба басылымдарды ғана айтып отырмын. Қазір «Общественная позиция», «Трибуна»/«Саясат алаңы», батыс аймақтарда шығатын «Алтын ғасыр», оқырманы ең көп «Жас алаш» сияқты 3-4 газет қана бар. Бүгінге дейін аман қалғандары осылар ғана.
Азаттық: – Билік баспасөзге қарсы қандай ескілі-жаңалы тәсілдер қолданады?
Розлана Таукина: – Билік әдетте оңай тәсілдерімен күреседі. Заңдарды күшейтіп, баспасөзді қатаң реттеп, бақылайтын санкциялар енгізіп жатыр. Соңғы кезде шығу деректеріндегі ұсақ-түйек техникалық кемшіліктерді сылтауратып басылымдарды жазалау жиілеп барады. Тіпті газеттің таралымы сәл азайып, бұдан мемлекетке ешбір зиян келмесе де, газетті жабуы мүмкін.
Азаттық: – Интернеттің дамуына байланысты енді ғана пайда болған жаңа тәсілдер бар ма? Аты ұқсас сайттар ашуды, жалдамалы комментатор мен блогерлердің пайда болуын қандай тәсілге қосуға болады?
Розлана Таукина: – Бұл тәсілдер баяғыдан бар. Ұлттық қауіпсіздік комитетінде (ҰҚК) баспасөз, интернет, телевизия, радиоға мониторинг жүргізетін арнайы бөлім барын бұрыннан білеміз. Олар ақпаратты бейтараптандырумен айналысады. Түрлі никпен жазатын кәсіпқой комментаторлар былапыт сөздерді әдейі қолдану, зорлық-зомбылыққа немесе конституциялық құрылымды құлатуға шақыру арқылы сайтты жабуға дейін жеткізуі мүмкін. Халық арасында да мұндайлар бар болуы мүмкін. Мұның бәрі – адамның ой еркіндігін жойып, пікір білдіруіне тыйым салуға бағытталған амалдар.
Азаттық: – Жыл басынан бері сөз еркіндігі ахуалына қандай оқиғалардың әсері болды?
Розлана Таукина: – Соңғы кездегі оқиғалар туралы айтайын. Біріншісі – Жаңаөзен оқиғасы. Екіншісі – Украинадағы, оның ішінде Ресейдегі жағдайлар. Мысалы, әлеуметтік желі арқылы Болотный алаңына жүздеген мың адамның оп- оңай жиналуы, Майдан оқиғасы, қазір Шығыс Украинада болып жатқан оқиғалар.
Мұны көріп отырған қазіргі билік бұл оқиғалардың Қазақстанда қайталануынан сескенеді. Олар бір басталса тоқтату қиын болатын халық наразылығына, ұйымдасқан әрекеттерге, адам көп жиналатын оқиғаларды ұйымдастыру мүмкіндігіне жол бермеуге тырысады. Сондықтан билік жиын өткізуге, жиналуға, ақпарат құралдарында сыбыс таратуға тыйым салатын санкциялар енгізу арқылы заңдарды күшейтіп жатыр. Олар билікке бүйрегі бұрмайтын түрлі қоғамдық ұйымдарды, діни секталарды, ақпарат құралдарын жауып, билікті сынап, қарсылық танытуға тырысатын жандарға қатысты жазалау шараларын енгізіп отыр.
«ЕРКІНДІКТІҢ АЯСЫ ТАРЫЛЫП БАРАДЫ»
Азаттық: – Билік баспасөзді мүлде тұншықтыра ала ма?
Розлана Таукина: – Бізде көптеген демократиялық сайттар пайда болды. Интернетте ақпарат алатын сайттар өте көп. Олардың бәрін биліктің қарсыластары деп айта алмаймын, бірақ анда-санда билікті сынаған мақалалар жариялап тұрады. Сайттар қоғамымыздағы плюрализмді дамытуға аздап болса да үлесін қосып жатыр.
Азаттық: – Қазақстан қоғамы сөз еркіндігі құндылығын сезіне ме?
Розлана Таукина: – Бір жақсысы, Қазақстанда балама ақпарат алғысы келетін оқырмандардың ғажап аудиториясы қалыптасты. Оған өзінің сыни ой-санасына сай ақпарат қажет. Дәл сондықтан билікке қарсылық білдіретін баспасөз тапшылығы қазір анық сезіледі.
Өкініштісі сол – халық та, журналистика саласы да газеттерді жұмылып қорғайтындай ынтымақтастық деңгейіне жеткен жоқ. «Ең бастысы - тыныштық керек, ешқандай толқу керек емес, үндемеңдер» дегенді қайталай берген соң бәріне үнсіз көніп келеміз. Жұрт үнсіз шыдап келеді. Бұл үнсіздік қанша уақытқа созылатынын білмеймін, бірақ қазір қоғам бүкіл елдегі сөз еркіндігінің аясы тарылып бара жатқанына елең етпей отыр.
Азаттық: – Сұхбат бергеніңізге рахмет!