Accessibility links

Парфенов кітабында Желтоқсан оқиғасы одақтас елдердегі толқулардың басы болды деп түйіндейді


Журналист Леонид Парфенов өз кітабын Желтоқсанға арналған бетін көрсетіп тұр. Алматы, 4 наурыз, 2010 жыл.
Журналист Леонид Парфенов өз кітабын Желтоқсанға арналған бетін көрсетіп тұр. Алматы, 4 наурыз, 2010 жыл.

Алматыда ресейлік танымал журналист Леонид Парфеновтың «Намедни. Біздің заман.1981–1990» атты кітабының тұсаукесері өтті. Бұл журналистің телевизиялық жобасының негізінде жазылған үшінші туындысы. Журналист онда Алматыдағы Желтоқсан оқиғасына да аз-кем тоқталады.

Алматыда тұсауы кесілген кітап «Намедни» жобасының үшінші томы. "Намедни. Біздің заман. 1981-1990" деп аталатын кітапта өткен ғасырдың 80-ші жылдарының елеулі оқиғалары атап көрсетілген. Дәуір бас хатшылардың өліміне байланысты қаралы жиындармен басталып, жойқын төңкерістермен жалғасты.

Азық-түлік бағдарламасы, Германияның бірігуі, алғашқы телекөпірлер, Чернобылдегі жарылыс, алғашқы наразылық шаралары, телетоптамалар мен стадиондағы рок концерттер сынды атаулы оқиғалардың тізбегі баяндалған.

Осы айтылғандардың ішінде қазақстандықтар үшін назар аударарлық бір бөлім бар. Ол «Қонаев орнынан алынды. «Желтоқсан» Қазақстандағы бас көтеру» деп аталған тарауға бір беттің жартысы бұйырған екен. Мұрағаттан алынған сол кездегі видеопленка кадрлерінен бірнеше сурет орналастырылған.
Журналист Леонид Парфенов оқырмандаға қолтаңба беріп жатыр. Алматы, 4 наурыз, 2010 жыл.


«Алматыда, алғашқы рет «ұлттық мәселе негізінде толқулар» болып, желтоқсанның 16-17 күндері тәртіпсіздік орын алды. Жастар бірінші хатшы қызметіне орыс ұлтының өкілі тағайындалғанына наразылық білдірді. Бұл – одақтық республикалардағы басқа да толқулардың басы болатын», - деп түйіндейді өз ойын ресейлік тележурналист Леонид Парфенов.

Автордың сөзіне қарағанда, таңбаланып, тасқа басылып шыққан кітап – телевизиялық эфирге қарағанда көптеген мүмкіндіктерге жол ашады.

- Мәселен, мәтіннің көлемі бес есе үлкен. Сондай-ақ қағаз нұсқа өміршең келеді. Бұл кітап – алыс болып көрінгендігіне қарамастан біздің барлығымызға өте жақын совет өркениетінің негізгі сипатына зер салып, тереңірек үңілудің талпынысы, - дейді журналист.

Леонид Парфеновтың айтуынша, «Намедни» кітабы оның осы аттас жобасының екінші рет баспадан шығарылуы.

2009 жылдың қыркүйегінде «Намедни. Біздің заман. 1961-1970, 1971-1980» атты кітабы «Жылдың үздік кітабы» болып танылып. Парфенов ұлттық байқаудың бас жүлдесін жеңіп алды. «Намедни» жобасы оның авторына танымалдылықпен бірге пен «ТЭФИ» жүлдесін алып берді.

Соған қарамастан журналист өзінің «Намедни» бағдарламасының бірде бір сәтін қайта көруге зауқы жоқ екендігін айтты Алматыда оқырмандармен кездесу барысында.
XS
SM
MD
LG