Шетпе кентінің сол оқиғаға орай айыпталған 12 тұрғынының соты мамырдың 21-і аяқталды. Шетпеліктердің төртеуі түрме жазасына, біреуі шартты жазаға кесілді, алтауы рақымшылыққа ілінді, біреуі ақталды.
АҢЫЗ
Аңыз-әңгімелерге қарағанда, бұрынғы заманда ел басына қауіп төнгенде халық Шетпе кентін орап жатқан Қаратаудың ең биік жотасындағы Отпан тауда алау жағып, белгі берген екен. «Отпан тауда алау көрінгенде қазақ батырлары атқа қонады екен» дейді сондай аңыздардың бірі.
Расында да Шетпе жақтан қарағанда Отпан таудың басында от жанып тұрғандай көрінеді. Кейінірек Алматыға қайтар жолда ұшақтың иллюминаторынан да дәл сол от көрінді. «От» дегеніміз – жанына Маңғыстау жұрты жыл сайын жиналып, амал мейрамын жасап көрісетін, тағзым отын жағатын күмбездің сәулесі екен.
Жергілікті ақпарат құралдарының жазуына қарағанда, Отпан таудың биыл айрықша суық болуына байланысты амал мейрамы мамырдың 9-ында бір-ақ өткізіліпті. Отпан тауда сөз сөйлеген облыс әкімі Бауыржан Мұхамеджанов «ел басына күн туғанда атойлап шыққан ерлердің Отпан тауда жатқанын» айтып, аңызды ел есіне тағы бір салып кетіпті.
«ШЕТПЕДЕГІ АСЫҒЫС КӨЛІК – ВОДОВОЗ»
Шетпедегі бас-аяғы 16 мыңға жуық жұрт ауыз суды үш-төрт шақырым жердегі жалғыз артезиан құдығынан тасиды.
– Былтыр су таситын «ГАЗ-53» маркалы 10 жаңа көлік алды. Бұрынғыдан қалғаны бар, бәрі жабылып 16 мың тұрғынға су тасиды. Оған төңіректегі ірілі-уақты ауылдарды да қосыңыз. Қыста бірдеңе етерміз. Жазда қиын. Әр водовоз күніне 15 рейстен жасайды. Шетпедегі ең асығыс көліктер – водовоздар. Рейске үлгеремін деп құйғытады, – дейді жергілікті тұрғын Қайсар Аққұлов.
Шетпенің әр үйінде бір-бір құдықтан бар. Үстірттің керішінен өріліп, шегенделген бұл құдықтардан су шықпайды – керісінше оған водовоз су құяды. Бір отбасы су таситын көлік әкелген 3 тонна суды он шақты күн ішеді екен.
– Жаздыгүні су жетпей қалғанда водовозшылардың «қолы жүреді». Қысылған шақта жүргізушілерінің қолына мың-мың жарым теңге ұстатсаң, суды кезектен тыс құйып кетеді. Үкімет бағасымен 3 тонна су, яғни 1 водовоз – 250 теңге, – дейді шетпеліктер.
Тұрғындардың айтуына қарағанда, ауыз су жүргіземіз деп Шетпенің көшелерін қопарғалы біраз болған.
– Борпылдақ топырақпен шала-шарпы көмілген құбыр орнына күз бен қыста көлік батып, миы шығып езіледі. Құбырдың ауызын әр жерден шығарып кеткенімен, ақыры аяқсыз қалды. Тиесілі қаржы әлдекімнің қалтасына түсіп, баяғыда қолды болып кеткен көрінеді, – дейді жұрт.
Ауыз суға жете алмай отырған Шетпе тұрғындарынан «Ауылдарыңда неге ағаш жоқ?» деп сұраудың өзі қисынсыз көрінді.
«ӘДЕМІ ҚЫЗДАР КЕРЕК» НЕМЕСЕ ЖОЙҒЫШ ҰШАҚ
Шетпе тұрғындары Отпан тауды оқшау шығарып жатқан Қаратаудың ішінде тау қопарып, тас уататын карьер көбейгенін айтады. Каръердегі оқтын-оқтын жарылыстардан етектегі санаулы бұлақтың көзі бітеліп, құрт-құмырсқа, бақа-шаян, жыланға дейін безіп кетіпті.
– Үйден жылан ұстайтын болдық. Бәрінен де жарылыстан кейінгі қою шаңның қара бұлттай басып, кетпей тұрып алатынын айтсаңшы, – дейді Шетпе халқы.
Әңгімені карьерден бастаған Шетпе тұрғындары «Мұнан көтерілетін шаңға енді цемент заводының шаңы қосылып, қолқаны қабатын болды» деп, тағы бір уайымдарын айтты.
– Таудың етегіне, Шетпеден алты шақырым жерге цемент заводын салайын деп жатыр. Шетелдегідей жабық күйде жасаса, үндемес едік. Бірақ мұржа салғанына қарағанда ашық өндіретін түрі бар. Бізді «қырылсын» дегені ғой бұл, – деді Шетпе оқиғасында оқ тиген көршісінің көңілін сұрап келіп отырған Сардарбек Дарқабаев.
Шетпенің бір топ тұрғынының айтуына қарағанда, осы цемент заводын салып жатқан қытайлар әуелден өз жұмысшыларын әкелген. Тек өткен жылы еңбек биржасына «бізге аспаздық ететін 18 бен 25 жас аралығындағы әдемі қыздар керек» деп тапсырыс берген. Талапқа сәйкес келмеген екі-үш әйелді кері қайтарған.
– Осыны естіген Шетпе жұрты бір күнде көтеріліп кетті. Онсыз да ереуілде жүрген «Қаражанбасмұнайдың» мұнайшыларына ауыл адамдары қосылып, жиыны үш-төрт жүз адамға жетті. Айғай-шу күшейген соң көші-қон полициясы дереу тексеріп, 56 қытайдың құжатсыз жүргенін анықтады. Тоғызының құжатының мерзімі өтіп кеткен, қалғанының мүлде құжаты жоқ екен, – дейді мұнайшы Берік Атабаев.
2011 жылы 20 маусымда болған сол оқиғадан кейін екі күн өте облыстың сол кездегі әкімі Қырымбек Көшербаев Шетпеге келіп, жаңа балабақшаны ашыпты.
– «Әкім келеді» дегенді естіген халық «жағдайымызды айтамыз» деп жиналатын болды. Бірақ Шетпеге аяқ астынан әскери жойғыш ұшақ – истребитель ұшып келіп, төбемізде жарты сағат ойнады. Неше түрлі маневр жасады. Үйлердің үстіне шүйілгенде, мұржаға тиіп кете жаздады. Жерге қатты жақындағаны соншалық, тіпті ұшқышына дейін көрінді. Нән ұшақ екен – ондайды көрмеген бала-шаға шулап, шал-кемпір шошып, лездің арасында ойран-топырымыз шықты. Ұшақ кеткен соң көп ұзамай бір автобус ОМОН-ымен облыс әкімі келді. Халықты жақындатқан да жоқ – артқы есіктен кіріп, сол есігінен шығып кетті, – дейді Шетпе тұрғындары.
Кент тұрғындары «Бейбiт заманда елдi мекеннiң үстiнен әскери истребитель ұшырып, сынақ жасауы – халықты басыну. Мұны Маңғыстаудағы ереуiлдер үшiн, Шетпедегi маусымның 20-сы күнгi митингi үшiн (Қытайлардың жұмысқа «18 бен 25 жас аралығындағы әдемі қыздарды» шақыруына байланысты жоғарыда жазылған наразылық шарасы - ред.) билiктiң халыққа көрсетiп отырған қыры деп есептеймiз» деп наразылық білдірген. Шетпенің 1 мың 124 тұрғыны Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа да хат жазып, «жауына жасар айбарын халқына көрсетуге қарсы екендерін» айтқан. Шетпе тұрғындарының айтуына қарағанда, былтыры президентке жазған ол хатқа жауап болмаған.
Ал билік орындары «әскери ұшақтардың жоспарлы әскери дайындығы Қырымбек Көшербаевтың iссапарымен сай келуі – кездейсоқтық» екенін айтып, «Ешқандай ұшақ әкiмнiң қауiпсiздiгiн қорғауға, елдi қорқытып, үркiту мақсатында әуеге көтерiлмеген. Жаттығу кезiнде ешқандай ұшақ 200 метр биiктiктен төмендемеген» деп жауап берген еді.
«КАМАЗ» АЗДАП ШЫДАЙТЫН» ЖОЛ
Азаттық тілшісімен әңгімелескен жергілікті тұрғындар «қазір Шетпеге газ келіп, бұрынғыдан тәуір болып қалғанын» да айтты.
– Бірақ Жетібай арқылы мына тұрған Жаңаөзеннен келетін газды үйге кіргізу үшін 86 мың теңге төлейміз. Онда да құбыры мен есептегішін өзің сатып алуың керек, – дейді шетпеліктер.
Шетпенің орталық базарына барғанымызда Каспий теңізі арқылы кемемен келген Әзербайжан мен Аргентинаның алмасы толып тұрды. «Алматының алмасы Шетпе мен Бейнеудің арасында шашылып жатыр» деп күледі сатушылар.
Кент тұрғындары «азық-түлік, жеміс-жидек қымбаттағанын, бұрынғы мыңғырған малдан түк қалмағанын, қазір Ақтөбе, Оралдан келетін мұздаған сиыр етіне тәуелді» екендерін айтты.
– Талапқа сай жасалса, үш сағатта басып өтуге болатын республикалық маңызы бар жол совет өкіметі ыдырағалы жөндеу көрмеген. Осы жол дұрысталса, азық-түлік те арзандар еді, – дейді шетпеліктер.
Тұрғындар басқа қалалар түгілі Маңғыстау облысындағы тағы бір аудан орталығы Бейнеуге дейінгі жол азабы да оңай емес екенін айтты.
Ақтау-Шетпе-Бейнеу арқылы өтіп, одан әрі Құлсары, Доссор, Атырауға ұласатын республикалық дәрежедегі жалғыз жолмен Азаттық тілшісі 2010 жылы желтоқсанның 2-сі жүріп көрген еді. Шетпе мен Бейнеу арасындағы ұзындығы 250 шақырымдық жолда сағатына 20 шақырымдық жылдамдықпен жүріп келе жатқанымызда Астана қаласында ЕҚЫҰ саммиті өтіп, «Қазақстанның жетістіктері әлемге паш етіліп» жатқан.
Шетпеден Бейнеуге қарай 40-50 шақырым ұзай бере бұзылатын жолды осы жолы тағы көрдік – сол баяғы күйі екен. Маңғыстау облысын Қазақстанның өзге өңірлерімен жалғайтын жалғыз трассада анда-санда бір көлік өтеді.
Жүрісі кібіртік «Газельдің» иесі Ақтаудан Астраханға кетіп бара жатқан Ресей азаматы болып шықты. Ақтауға екінші рет келіп, қайтып барады екен. Айдалада кездескен Азаттық тілшісіне тосырқай қарағанымен, жол жайын сұраған соң шешіліп қоя берді. «Ақтауға жеткенше көлігі шашылып қала жаздағанын» да, «бұл - адам төзгісіз ажалды жол» екенін де, «осы жүріспен 12-13 сағат дегенде Бейнеуге жетіп жығылатынын» да – бәрін айтты.
Азаттық тілшісі тоқтатқан екінші көлік «КамАЗ» жүк машинасы болды. Көлік иесі Ермек Досалиев - Жаңаөзен, Ақтау, Орал арасында тұрақты жүк таситын жүргізушілердің бірі екен. Қазір Оралдан Ақтауға сойыс малын апарып келе жатқан беті.
– Бір сағатта 20 шақырым жүреміз. Бейнеуге дейін осылай. Жол деген аты ғана. «КамАЗ» аздап шыдайды, басқаларын білмеймін, – дейді ол да.
Шетпеге баратын республикалық маңызы бар Ақтау-Атырау жолының қазіргі жағдайын мына видеодан көре аласыз: