Азаттық радиосының интернет сайты бұл сыйлықты "Ағылшын тілді емес шағын сайт" категориясында (General Excellence in Online Journalism, Small Site) алып отыр. Сыйлық сенбі күні кешкілік Сан-Франциско қаласында өткен салтанатты жиында Азаттық радиосы қазақ редакциясының директоры Едіге Мағауинге тапсырылды.
Жеңімпазды анықтау барысында Азаттық радиосының адам құқықтарын қорғау мен еркін ақпарат жеткізудегі қызметі ескеріліп, марапаттау барысында ерекше атап көрсетілді.
Азаттық радиосы «Online Journalism Awards» сыйлығының мәресіне итальяндық Centro және испандық Lainformacion сайттарымен бірге жеткен болатын.
Азаттық радиосының жаңарған веб сайты 2008 жылдың тамызынан бері қазақ және орыс тілдерінде шыға бастады. 2008 жылдың қараша айында Азаттық радиосы Қазақстандағы белгілі "Ұлттық интернет сыйлығы - Award.KZ" байқауының екі бірдей бас жүлдесін жеңіп алған болатын.
Азаттық радиосы демократия және адам құқықтарын сақтау принциптерін қолдайды. Азаттық радиосы билеуші немесе оппозициялық саяси партиялардан, эмигрант қауымдастықтарынан, коммерциялық және басқа да сипаттағы ұйымдардан, хабар тарату аймағындағы, не одан тыс жерлердегі діни ұйымдардан тәуелсіз БАҚ.
Қазіргі таңда Азаттық радиосында қырықтан астам қызметкер жұмыс істейді.