Он жеті жасынан бастап саяси қызметтерге белсене араласқан Смағұл Сәдуақасұлы өмірінің соңында Донбасс–Мәскеу темір жолы құрылысының инженері қызметін атқарып жүріп көз жұмды.
1917 жылы Омбыдағы қазақ жастарының «Бірлік» ұйымының белсенді мүшесі болған ол 1920 жылы қазан айында Қазақ автономиясының Құрылтай съезінде Қазақ АКСР Кеңестері ОАК мүшелігіне сайланды, Қазақ ОАК саяси хатшысы қызметін атқарды. 1922-1925 жылдары Қазақ ОАК-нің Түркістан Республикасындағы өкілетті өкілі, Қазақ АКСР Жер халық комиссарының орынбасары, Қазақ АКСР Жоспарлау комиссиясы төрағасының орынбасары, төрағасы болды.
Голещекиннің «Кіші Қазан» бағытына қарсы шығып, ауылдың бейбіт эволюциялық дамуын қалады, байлар мен орташаларды орынсыз тәркілеуге, елдің еуропалық бөлігінен Қазақстанға шаруаларды әкеліп қоныстандыруға қарсы шықты. Осыған байланысты буржуазияшыл ниеттегі жан ретінде қуғын-сүргінге ұшырады.
Қазақстаннан қуылған Смағұл Сәдуақасұлы 1927-1928 жылдары Ташкентте Қазақ педагогикалық институтының ректоры болды. 1934 жылы Мәскеу ауруханасында көз жұмған Алаштың арыс ұлының мәйітін өртеп, күлін «Дон зираты» бас ғимаратының қабырғасына арнайы ыдысқа салынған күйінде қойған болатын.
СҮЙЕКТІҢ КҮЛІН АЛУҒА МӘСКЕУ РҰҚСАТ ЕТТІ
– Смағұл Сәдуақасұлының сүйегінің күлін әкелу Қазақстан үкіметінің шешіміне байланысты. Егер үкімет ресми түрде шешім қабылдаса, жүзеге асады. Әзірге тек қоғамдық тұрғыдан ұйымдастырулар жүргізіліп жатыр, – дегенді айтты тарихшы Талас Омарбеков.
Ал алаштанушы Дихан Қамзабекұлының айтуынша, бұл – шешілген мәселе. Мәскеу басшылығы Смағұлдың сүйегінің күлін Қазақстанға алып кетугерұхсат берген.
– Бүгінгі талқылаулар соны қалай, қандай жағдайда, қайтіп әкелеміз дегенге байланысты қозғалды, – дейді Дихан Қамзабекұлы.
– Смағұл Сәдуақасұлын ғалымдар арасында ғана болмаса, былайғы қарапайым жұрт түгілі үкімет басында отырған шенеуніктер де танымайды, – деді тарихшы Талас Омарбеков Азаттық радиосының тілшісіне берген сұхбатында. Оның айтуынша қоғам қайраткерінің шығармашылығы әлі күнге дейін кеңінен жарияланбаған. – Еңбектері аз таралыммен жарық көрді. Оның өзі қарапайым жұрт түгілі ғалымдарға жетпей қалды.
РЕСМИ ТҮРДЕ АҚТАЛМАҒАН ҚАЙРАТКЕР
– Смағұл Сәдуақасұлы жұмбақ жағдайда қайтыс болуы себепті репрессия құрбаны ретінде ресми түрде әлі ақталған жоқ. Ақталмақ түгілі, әлі екіұдай күйде. Өйткені ол жиырма жасынан бастап бір деммен коммунистік қозғалыста қызмет етті. Оның Сталинмен, Голощекинмен дауласуы қуғынға жатпайды, – дейді тарихшы Талас Омарбеков.
Ол Смағұл Сәдуақасұлының Қазақстандағы Коммунистік қозғалыстың басында тұрған, бірақ дамудың дұрыс жолын көрсете алған жалғыз адам екендігін айтады.
– Сәдуақасұлы «алашордашылардың идеясын коммунистік қоғамда іске асыруға болады деп ойлады», – дейді тарихшы Омарбеков
Ал Дихан Қамзабекұлының пікірінше, Смағұл Сәдуақасовты «елге қызмет еткен саяси тұлға ретінде қабылдау керек. Өйткені жиырмасыншы жылдары чекистердің жеңгеніне көзі жеткен алаш зиялыларының барлығы коммунистік партияның қатарына өткен болатын».
– Жүз пайыз репрессия құрбаны болды. Өйткені ол 1927 жылы саяси тұлға ретінде қазақ қоғамынан шеттетілді. Онан кейін амалсыз Мәскеудегі жол құрылысы инженерлік институтында оқыды, – деген Дихан Қамзабекұлы 1931 жылдан бастап саяси сенімсіз адамдарды газбен тұншықтырып, болмаса басқа бір амалдармен өлтіргенін айтады.
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚАЗІРГІ ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУ САЯСАТЫ – СӘДУАҚАСОВТЫҢ ИДЕЯСЫ
«Алаш қайраткерлерінің архивтік мұраларын қаншалықты тапқанымызбен мәселе өлшенбейді. Парасатын қаншалықты зерттей алдық – сол дәрежемен өлшенеді» дейді алаштанушы ғалымдар. Олар Смағұл Сәдуақасұлының ерекше бағалануға тиіс еңбектері ретінде ұлтқа теңдік және сол теңдікке қатысты принциптерді ұстанғаны, сондай-ақ саясатта жүрседе руханимәселелерді қағыс қалдырмағанын айтады.
– Қазақ Смағұл Сәдуақасұлының жолымен жүргенде 1931-32 жылдары аштыққа ұрынбайтын еді, – дейді тарихшы Талас Омарбеков.
Оның айтуынша, Қазақстанның қазіргі индустрияландыру туралы саясатын қоғам қайраткері өткен ғасырдың басында қозғаған екен.
– Бүгінгі біз айтып жүрген экономикалық реформаны бейбіт түрде жасау, байларды салықпен туралау туралы құнды пікірлерінің бәрі маңызын осы күнге дейін жойған жоқ, – дейді Талас Омарбеков
Смағұл Сәдуақасұлы – Алаш көсемі Әлихан Бөкейханның күйеу баласы. Смағұлдың өз кіндігінен тараған ұлы Ескендір екінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқан. Аталас туыстары Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданында тұрады.
1917 жылы Омбыдағы қазақ жастарының «Бірлік» ұйымының белсенді мүшесі болған ол 1920 жылы қазан айында Қазақ автономиясының Құрылтай съезінде Қазақ АКСР Кеңестері ОАК мүшелігіне сайланды, Қазақ ОАК саяси хатшысы қызметін атқарды. 1922-1925 жылдары Қазақ ОАК-нің Түркістан Республикасындағы өкілетті өкілі, Қазақ АКСР Жер халық комиссарының орынбасары, Қазақ АКСР Жоспарлау комиссиясы төрағасының орынбасары, төрағасы болды.
Голещекиннің «Кіші Қазан» бағытына қарсы шығып, ауылдың бейбіт эволюциялық дамуын қалады, байлар мен орташаларды орынсыз тәркілеуге, елдің еуропалық бөлігінен Қазақстанға шаруаларды әкеліп қоныстандыруға қарсы шықты. Осыған байланысты буржуазияшыл ниеттегі жан ретінде қуғын-сүргінге ұшырады.
Қазақстаннан қуылған Смағұл Сәдуақасұлы 1927-1928 жылдары Ташкентте Қазақ педагогикалық институтының ректоры болды. 1934 жылы Мәскеу ауруханасында көз жұмған Алаштың арыс ұлының мәйітін өртеп, күлін «Дон зираты» бас ғимаратының қабырғасына арнайы ыдысқа салынған күйінде қойған болатын.
СҮЙЕКТІҢ КҮЛІН АЛУҒА МӘСКЕУ РҰҚСАТ ЕТТІ
– Смағұл Сәдуақасұлының сүйегінің күлін әкелу Қазақстан үкіметінің шешіміне байланысты. Егер үкімет ресми түрде шешім қабылдаса, жүзеге асады. Әзірге тек қоғамдық тұрғыдан ұйымдастырулар жүргізіліп жатыр, – дегенді айтты тарихшы Талас Омарбеков.
Ал алаштанушы Дихан Қамзабекұлының айтуынша, бұл – шешілген мәселе. Мәскеу басшылығы Смағұлдың сүйегінің күлін Қазақстанға алып кетуге
Смағұл Сәдуақасұлын... қарапайым жұрт түгілі үкімет басында отырған шенеуніктер де танымайды
– Бүгінгі талқылаулар соны қалай, қандай жағдайда, қайтіп әкелеміз дегенге байланысты қозғалды, – дейді Дихан Қамзабекұлы.
– Смағұл Сәдуақасұлын ғалымдар арасында ғана болмаса, былайғы қарапайым жұрт түгілі үкімет басында отырған шенеуніктер де танымайды, – деді тарихшы Талас Омарбеков Азаттық радиосының тілшісіне берген сұхбатында. Оның айтуынша қоғам қайраткерінің шығармашылығы әлі күнге дейін кеңінен жарияланбаған. – Еңбектері аз таралыммен жарық көрді. Оның өзі қарапайым жұрт түгілі ғалымдарға жетпей қалды.
РЕСМИ ТҮРДЕ АҚТАЛМАҒАН ҚАЙРАТКЕР
– Смағұл Сәдуақасұлы жұмбақ жағдайда қайтыс болуы себепті репрессия құрбаны ретінде ресми түрде әлі ақталған жоқ. Ақталмақ түгілі, әлі екіұдай күйде. Өйткені ол жиырма жасынан бастап бір деммен коммунистік қозғалыста қызмет етті. Оның Сталинмен, Голощекинмен дауласуы қуғынға жатпайды, – дейді тарихшы Талас Омарбеков.
Ол Смағұл Сәдуақасұлының Қазақстандағы Коммунистік қозғалыстың басында тұрған, бірақ дамудың дұрыс жолын көрсете алған жалғыз адам екендігін айтады.
– Сәдуақасұлы «алашордашылардың идеясын коммунистік қоғамда іске асыруға болады деп ойлады», – дейді тарихшы Омарбеков
Ал Дихан Қамзабекұлының пікірінше, Смағұл Сәдуақасовты «елге қызмет еткен саяси тұлға ретінде қабылдау керек. Өйткені жиырмасыншы жылдары чекистердің жеңгеніне көзі жеткен алаш зиялыларының барлығы коммунистік партияның қатарына өткен болатын».
– Жүз пайыз репрессия құрбаны болды. Өйткені ол 1927 жылы саяси тұлға ретінде қазақ қоғамынан шеттетілді. Онан кейін амалсыз Мәскеудегі жол құрылысы инженерлік институтында оқыды, – деген Дихан Қамзабекұлы 1931 жылдан бастап саяси сенімсіз адамдарды газбен тұншықтырып, болмаса басқа бір амалдармен өлтіргенін айтады.
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚАЗІРГІ ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУ САЯСАТЫ – СӘДУАҚАСОВТЫҢ ИДЕЯСЫ
«Алаш қайраткерлерінің архивтік мұраларын қаншалықты тапқанымызбен мәселе өлшенбейді. Парасатын қаншалықты зерттей алдық – сол дәрежемен өлшенеді» дейді алаштанушы ғалымдар. Олар Смағұл Сәдуақасұлының ерекше бағалануға тиіс еңбектері ретінде ұлтқа теңдік және сол теңдікке қатысты принциптерді ұстанғаны, сондай-ақ саясатта жүрседе рухани
Қазақ Смағұл Сәдуақасұлының жолымен жүргенде 1931-32 жылдары аштыққа ұрынбайтын еді