Іле өзеніне заңсыз әкелінген амурлық жыланбас балық тез көбейіп барады. Алғашында Балқаш көлінің оңтүстік-батыс бөлігінде ғана байқалса, қазір айдынның кез келген тұсынан балықшылардың ауына түсіп жүр. Сазан және жайын балықпен бірдей сатылатын жыланбас балық көлдің әсіресе күнгей бетінде көп.
«ТҮРІ – АКУЛАДАН ДА ҚОРҚЫНЫШТЫ, ЕТІ – ӨТЕ ДӘМДІ»
Валерий Разумовтың Балқаш көлінен балық аулау кәсібімен айналысқанына көп жыл болыпты. Оның байқауынша, осыдан бірер жыл бұрын Іле өзені сағасының батыс жағынан балықшылардың ауына алғаш түскен жыланбас балықты қазір жұрт жиі аулайды.
– Балық аулаған сайын бірен-саран ғана кездесіп жүрген жыланбастың өрісі 2011 жылы көлдің шығысына қарай жайыла бастады. 2012 жылы олардың саны едәуір өсті. Соған қарағанда, тіршілік ортасы да кеңейіп бара жатқан сияқты. Әзірше бұл балық көлдің терістік жағында ғана кездеспейді, – дейді балықшы.
Көлдің солтүстік жағалауында Балқаш қаласы орналасқан. Балық аулаудың спорттық-әуесқойлық түрін ұйымдастыратын Алексей Гребенниковтің айтуынша, 2012 жылы осы маңдағы Бертіс мүйісінен ірі-ірі екі жыланбас ұсталған.
– Жігіттер әрқайсысының салмағы екі кило болатын екі балық ұстады. Әлгі балықтардың түрі акуладан да қорқынышты: жайын балықтыкі сияқты аузындағы қылшықты еріндерінің артындағы азу тістерінің арасында да тістері бар. Бірақ еті өте дәмді, басқа балықтарға тән иісі де болмайды. Жыланбас балықтың етін осыдан 10 жылдай бұрын, Шу алқабындағы өзеннен әкелгенде алғаш татып көргенмін. Ол жақтағы жыланбас балықтарды браконерьлер аулап құртты. Соған қарағанда, жұрт айтып жүргендей, оның жаны соншалық сірі емес-ау деймін, – дейді Алексей Гребенников.
1970 жылдары Балқаш көлінен жоғалып кеткен құнды әрі дәмді балық – әйгілі Балқаш көкбасының (маринка) тағдыры қайталана ма деп қауіптенген тұрғындарды көлдің жайы алаңдатады. Кезінде Балқаштың көкбасын құны төмен балық санын азайту мақсатында көлге жіберілген көксерке ығыстырып шығарған еді. Соның әсерінен бір көлді мекен еткен жыртқыш балықтарға қорек жетпеді. Ал Қызыл кітапқа енгізілген Балқаш алабұғасын көксерке жеп тауысты. Балықшылардың пайымдауынша, торта шабақ пен түрпі балық тәрізді кәсіби тұрғыда ауланбайтын балықтардың көбі де болашақта осының жолын құшады.
ЖЫЛАНБАС БАЛЫҚТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАСЫ
Балқаш қаласындағы табиғатты пайдаланушылар ұйымының басшысы Лаврентий Цойдың пікірінше, жыланбас балық пен сазан бір ортада тіршілік еткендіктен, жыланбас балықтың есепсіз көбеюінен ең әуелі сазан зардап шегеді.
Лаврентий Цойдың айтуынша, өзен-көлдердегі жыртқыш балықтардың пайыздық ара салмағы 20-30 пайыздан аспауы тиіс. Жыланбас балықтың пайда болуы салдарынан бұл деңгей лезде көтеріліп кеткен. Ал көлде жайын, көксерке, ақмарқа сияқты жыртқыш балықтар онсыз да жетеді.
Қазақ балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының Балқаш филиалының директоры Вячеслав Цой «балықшылардың айтуынша, кейде ауға салмағы сегіз кило болатын жыланбас балық түсіп қалады екен» дейді.
– Ғылыми мақсатта осы кезге дейін ауланған балықтардың салмағы 0,5-4,5 килограмм болды. Іле өзенінің төменгі сағасында ересек жыланбас балықтың бірен-сараны 2009 жылдан бері кездесіп қалып жүр. Бірақ Іле өзені мен Балқаш көлі қосылатын сағадан ғылыми-зерттеу мақсатында аулау кезінде балықтың бұл түрі кездеспеді. 2010 жылы әуесқой балықшылар Балқаштың күнгей бетіндегі шығанақтардан жыланбас балықты қармақпен (спиннинг) аулай бастады, – дейді Вячеслав Цой.
Вячеслав Цойдың айтуынша, көлдің күнгей жағында орналасқан Алакөл шығанағын 2011 жылы зерттеп, тәжірибелік балық аулау барысында ұзындығы 35 сантиметр (балықтың құйрығындағы жүзбеқанатын ескермегендегі ұзындығы), салмағы 550 грамм болатын, әлі толық жетілмеген бір жыланбас балық ұсталған.
– Алайда табиғатты пайдаланушылардың мәліметтері бойынша, кейін салмағы үш-төрт килограмм тартатын ірі жыланбас балықтар кездесе бастапты. 2012 жылдың көктем-жаз маусымдарында Іле өзенінің сағасына қосылатын көл жүйесін кешенді тексеріп, тәжірибе мақсатында аулау кезінде төрт жыланбас балық ұсталды. Әрқайсысының салмағы 194 грамм, 500 грамм және 1 килограмм 100 грамм болатын үш жас балық, ал ұзындығы 53 сантиметр, салмағы 2 килограмм 120 грамм болатын бір аналық балық ұсталды. Көл түбіндегі уылдырығына қарағанда, бұл жыртқыш балық Балқаш-Іле бассейнінде тез көбейіп, жыланбас балықтың уылдырық шашатын үйірі қалыптасып қалған, – дейді Вячеслав Цой.
Ғалымның есебінше, Балқаш бассейніне кіретін су айдындарында жыланбас балықтың саны көп өспейді. Ол көбінесе Іле өзені сағасындағы тоспа сулы және қамысты көлдер мен Балқаш көлінің оңтүстік-батыс жағалауы бойындағы суы таяз шығанақтарды жайлайды.
Қазақ балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының Балқаш филиалы Балқаш бассейнінен жыланбас балықты 2014 жылдан бастап ресми түрде аулай бастауға кеңес берді. Қазір ауланатын балық мөлшерінің шегін белгілеу жұмыстары жүріп жатыр.
«ШҰҒЫЛ ДАБЫЛ ҚАҒУ ҚАЖЕТ»
Жыланбас балықты бейресми түрде аулау кәсібінің дамығанына көп болды. Әсіресе Алматы қаласына апаратын автокөлік жолдары бойындағы ысталған балық сататын жерлерде жыланбас балық көп сатылады. Бұл балықтың дәмін жақсы біліп алған Балқаш тұрғындары оның сүйексіз етін қатты ұнатып, балықшылардан жиі сатып алады. Жаңа ауланған жыланбас балықтың бағасы – 300 теңгеге жуық, ал ысталған бір балық – 2 мың теңге.
Кезінде балық шаруашылығы институтын бітірген, өз мамандығы бойынша көп жылдар жұмыс істеген Вера Толмачевская да бұл жағдайға алаңдап отыр.
– Бұл балық көлдегі тіршілік иелерін жеп тауысады, оның үстіне көлдің өзін де батпаққа айналдырып жібереді. Шұғыл түрде дабыл қағу керек, – дейді Вера Толмачевская.
Ал әуесқой балық аулаушылар бұл қауіпті құптамайды.
– Менің бір танысым Балқаш тарамдарынан су астында балық аулаған кезінде гарпунмен жыланбас балықтың екеуін атып алды. Екеуміз сол күндері бірге балық аулаған едік. Оларды балық аулауға тыйым салардан бірер күн бұрын, сәуір айының аяғында ұстады, – дейді әуесқой балық аулаушы Павел Шархун.
Алматыда тұратын кәнігі балықшы Александр жыланбас балықты аулау тәжірибесімен бөлісті.
– Салмағы үш жарым килограмм болатын біреуін 2012 жылдың маусым айында қарапайым жабдықпен ұстадық. Жыланбас балықты аулау әдісі қарапайым. Күні бойы суы жылып кететін жағалауға жақын тұстағы қамысқа жуандығы 0,4 миллиметр, ұзындығы екі жарым-үш метрлік қармақ жіпке батырғы байлап, кешке қарай қамысқа байлап қояды. Жуандығы 0,25 миилиметрден асатын жіпке байланған сегізінші нөмірлі қармаққа балықтың бір кесек еті, бақа немесе ұсақ шабақ ілінеді. Сәтін салса, таңертең қармағыңа салмағы төрт килограмға дейін тартатын жыланбас балық ілініп қалады, – дейді ол.
Мешкей жыланбас басқа жыртқыш балықтарды қорексіз қалдырып қана қоймай, сонымен бірге жолында кездескен тіршілік иелерін – ғұмыры қысқа жәндіктер мен олардың құрттарын, ұсақ балықтарды, бақаларды, ұсақ су қоректі жанауарларды жеп қояды.
Жыланбас балық тамақ талғамайтын жыртқыш ретінде сипатталады. Ол құртшабақтарды ғана емес, ұзындығы 21 сантиметрге жететін торта, сазан, табан, алабұға сияқты ересек балықтармен де қоректенеді. Бұл балық әсіресе қарқынды қоректену кезеңінде – сәуір-шілде айларында негізінен сазан (43,7 пайыз) және көксеркемен (34,6 пайызға дейін) қоректенеді. Ғалымдар бұл деректерді Әмудария өзені сағасында 1970-1980 жылдары жүргізілген тәжірибе арқылы алған.