Жастардың сөз қорында әдеби тілмен сөйлейтін адамға түсініксіз сөздер мен сөйлемдер көп. Олар сленг сөздерін ауызекі тілде ғана қолданбай, әлеуметтік желілерге де енгізіп жатыр.
Жастардың жазбаша «жаңа тілі» мен әлеуметтік желілердегі постарында қаптап жүрген қателерге филолог мамандар ғана алаңдамайтын тәрізді. Жуырда парламент депутаты Алмас Тортаев «елдегі сауаттылықты жақсарту үшін» жұртқа жаппай диктант жаздыруды ұсынды. Алматы қаласындағы филолог мұғалімдердің айтуынша, тілді сленг сөздермен шұбарлау проблемасын әкімшілік амалдармен шешу мүмкін емес.
ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДІҢ ТІЛІ
Әлима Әбдіхалық Алматы қаласындағы №139 мектеп-гимназияның 11-сыныбында оқиды. Мектеп бітіретін бойжеткеннің айтуынша, интернет жазбалары мен SMS-хабарламалар тілді өрескел шұбарлайды.
– Қазір кез келген адам әлеуметтік желі мен ұялы телефонға тәуелді болып қалған заман. Олар жасөспірімдердің психологиясына кері әсер етеді. Бір-бірімізбен ауызша сөйлесуді ұмыттық. Twitter, Facebook, «Агент», «ВКонтакте» желілерінде сағаттап отырамыз. «Тірі» сөздердің орнына смайлик арқылы сөйлесуді әдетке айналдырып алдық, – дейді оқушы Азаттық тілшісіне.
Оның айтуынша, қазір жасөспірімдер жаргон сөздерді көп қолданады әрі бір тілде таза сөйлей алмайды. Орыс тілінде сөйлесе қазақ сөздерін, ал қазақ тілінде сөйлесе керісінше орыс сөздерін араластырады.
– Мәңгүртке айналып барамыз. Әлеуметтік желіге бес минута кіресің, бірақ шыға алмай байланып қаласың да, сағаттап отырасың. ҰБТ тапсырар алдында барлық желідегі аккаунттарымды өшіріп тастадым, – дейді Индира Жүндібаева.
ТІЛ ТАЗАЛЫҒЫН ҚАЛАЙ САҚТАУҒА БОЛАДЫ?
Алматы қаласындағы орыс және қазақ тілі пәні мұғалімдері жастардың жазба тілі мәдениетіне оқулықтардың сапасы да әсер етіп жатыр деп алаңдайды. Мектепте әдебиет пәніне сағат аз бөлінеді, оқушылар көркем әдебиетті аз оқиды.
– Көбі ауызекі тілде қолданылатын сөздермен сөйлейді. Әдеби тілді білмейді, сөздердің айтылу ережесін сақтамайды. Филолог мамандардың негізгі міндеті – тілдегі жаргонды жою. Мектеп оқушыларының тілі шұбар, сөз қоры жұтаң, – дейді Алматыдағы №139 мектеп-гимназиясының орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Дәрігүл Арзыбекова.
Оның айтуынша, «Балалар көбінесе интернет пен телефон арқылы сөйлеседі. Әлем классиктерінің шығармаларын білмейді. Биыл шыққан оқулықтарда классиктердің шығармалары қысқартылып берілген, мектеп бағдарламасында бұрын болған шығармалардың көбі енбей қалған. Соның кесірінен балалар орфография мен жалпы грамматиканы нашар меңгереді».
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Гүлшат Болатбекова кәсіби қазақ тілі жойылып кетуі мүмкін деп қауіптенеді. Өйткені әлеуметтік желілер адамды мәдениетті сөйлеу ғана емес, мәдениетті ойлау мүмкіндігінен де айырады.
– Шығарма, диктант жазамыз. Жастардың тілін шұбаландырып бара жатқан сленг сөздермен күресеміз. Тілдің көркемдік стилі жоғалып барады. Үкіметте отырғандар мұнымен жұмыс істеуі тиіс. Тілді сақтау қалу үшін қазақ тілінде көптеген телевизиялық хабарлар, жастарға арналған көркем әдебиет шығару керек, – дейді Гүлшат Болатбекова Азаттық тілшісіне.
Ал кейбіреулер тіл тазалығына қатысты «әлеуметтік желілердегі сленг сөздердің тілімізге енуі заңдылық, тіл пайда болған әлеуметтік құбылыстарға үнемі бейімделіп отырады, бірақ жаңа сөздердің бәрі бірдей қолданысқа ене бермейді» деген уәж айтады.
Мектеп оқушылары жиі қолданатын орысша жаргон сөздер: кореш (дос), кент (сәнқой жігіт), мареха (қыз бала), дранка (жеңіл жүрісті қыз), синяк (маскүнем), нарик (наркоман), кладовка (сөз тасушы), тыркаться (сенделіп бос жүру), ботать (сәнді жаргон тілінде сөйлеу), чайники (әке-шеше).