Accessibility links

Оразада тәжік кәсіпкері бағаны арзандатты


"Саховат" базары. Душанбе.
"Саховат" базары. Душанбе.

Тәжікстанда жыл сайын Рамазан айында тамақ өнімдерінің қымбаттауы дәстүрге айналған. Бірақ биыл Душанбедегі базардың бірінде тауар бағасын 20-30 пайызға дейін арзандады.

Душанбедегі «Саховат» базарында халық көп тұтынатын өнімдерді сатумен айналысатын 400-ден аса саудагер жұмыс істейді. Тәжікстанда халық көп тұтынатын тамақ өнімдері бағасы бірден қымбаттайтын Рамазан айы туған кезде 38 жастағы кәсіпкер Иброхим Маджидов тауарын жеңілдікпен сатуды ұйғарған.

Ол Рамазан айы басталғанға дейін қам жасап, ораза кезінде жұрт сұранысы күрт артатын өсімдік майы, күріш сияқты дақылдарды алдын ала сатып алғанын айтады. Қазір кәсіпкер бұл тауарларды өзге сауда нүктелерімен салыстырғанда екі сомониға (шамамен 32 цент) арзан сатып жатыр.

Азаттықтың Тәжік қызметіне берген сұхбатында ол «Рамазан айында бағаны арнайы арзандаттым. Өзгелерде шаруамыз жоқ, бірақ бағаны арзандатқаннан шығынға батып жатқан жоқпыз» дейді.

- Әдетте ораза айында бағаны қымбаттатып жіберетін кәсіпкерлердің қыруар шығынға батқанын бұрын талай көргенмін, - деген Иброхим Маджидовтың айтуынша, ол Рамазан айында бағаны арзандатқаннан көп ұтылмайды.

Рамазан айының алғашқы күндері Душанбеде жеміс-жидек, бақша өнімдері, қант-кәмпит және ет өнімдерінің бағасы қымбаттай бастайтын тұста кәсіпкер сататын тауарына жеңілдік жасауды ұйғарған.

Алай «Саховат» базарындағы жағдай тұтастай бірдей деуге келмейді. Базардағы тағы бір саудагер Дильшод Рахмонов еттің бір килограмын 35 сомониден сатады. Ол еттің өзіндік құны қымбатқа түсетіндіктен, тауарын арзандатуға мүмкіндігі жоғын айтады.

- Біз сататын еттің сапасы жақсы, сондықтан бізге де қымбатқа түседі. Малшылар етін қымбатқа сатады, амал жоқ аламыз. Олар қымбаттатса, еріксіз біз де қымбаттатамыз, олар жеңілдікпен берсе, біз де тауардың бағасын түсіреміз. Бұдан былай баға қымбаттамайтынына сенімдімін, - дейді ол.

Өсімдік майы мен күріш сияқты өзге дақылдардың бағасын 20-30 пайызға арзандатқан кәсіпкер Маджидовтың шешімі - бұрын-соңды болмаған оқиға.

Азаттық тілшілері әңгімелескен Душанбе қаласындағы базар тұтынушылар тамақ өнімдері қымбаттап кеткенін айтып шағынады. Олар «өнім піскен жиын-терім тұсында бағаның бұлай қымбаттауын түсінбейміз» дейді.

Базардан енді ғана сауда жасап шыққан Тәжікстан астанасы тұрғыны Савриннисо тамақ өнімдерінің бағасын орынсыз қымбаттатып жатыр деп санайды.

- Қазір бағаны 1-2 сомониге қымбаттатты, бірақ мереке алдында 10 күн бұрын баға тіпті шарықтап кетеді. Ұяттары білсін, жұртқа арзан болғаны жақсы ғой, - дейді ол.

Душанбенің тағы бір тұрғыны Табарали бағаның өзгергенін байқамағанын айтады.

- Қарбызды 10 сомониге алдым. Рамазан айы басталарда да осындай баға болған. Ешқандай өзгерісті байқамадым, - дейді ол.

Душанбедегі «Саховат» базары әкімшілігі Рамазан айында тамақ өнімдері бағасын қымбаттатпаудың қосымша амалдарын қарастырғанын айтады. Базар директорының орынбасары Нусратулло Рахматшоев «бұрын баға дәл осы айда қымбаттап кететін, бірақ биыл жұрттың баға қымбаттады дегені - бос қауесет» дейді.

- Биылға Рамазан жеміс-жидек піскен жайлы уақытқа тура келді. Бағасы қымбаттамау үшін жеміс-көкөніс пен етті арзанырақ сатып, біз де тиісті амалдар жасадық. Тауар бағасынан хабары бар сатып алушы оны қымбатқа ешқашан алмайды. Сондықтан алыпсатарлар тауарын еріксіз арзандатады, - дейді ол.

Тәжікстанда жыл сайын Рамазан айында тамақ өнімдерінің қымбаттауы дәстүрге айналған. Сондықтан өсімдік майы мен күріш сияқты өзге дақылдардың бағасын 20-30 пайызға арзандатқан кәсіпкер Маджидовтың шешімі - бұрын-соңды болмаған оқиға.

XS
SM
MD
LG