Туыстары мен адвокаттары «террористік топ құрды» деп сотталғандардың азапталғанын және жазықсыз жазаланғанын айтады. Ал бас прокуратура олардан ресми арыз түспегенін хабарлады.
2011 жылғы қарашаның 12-сі күні Таразда 34 жастағы Мақсат Қариев өз-өзін жарып жіберген оқиға кезінде құқық қорғау органдарының бес қызметкері мен жергілікті екі тұрғын қаза болып, үш полицей жарақат алды.
Сол айдың соңында «тергеу кезінде тараздық лаңкестің 6 сыбайласы анықталды, қылмысқа қатысы бар адамдардың бәрі ұсталып, қамауға алынды» деп хабарланған еді.
«БАС ПРОКУРАТУРА: БҰРЫН ДА ҚЫЛМЫСТЫ БОЛҒАН...»
Арнайы брифинг өткізген бас прокуратураның ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков: «Қазіргі уақытта аталған қылмыстарды (Тараздағы «теракт» - ред.) жасауды ұйымдастырды деген күдікпен 6 адам, соның ішінде үстіміздегі жылдың басында құрылған, құрамына Мақсат Қариев кірген осы қылмыстық топтың рухани жетекшісі де ұсталды» деді.
Сүйіндіковтің сөзіне қарағанда, «Топ дүкендерге, банктерге және валюта айырбастау қосындарына тонаушылық, қарақшылық шабуыл жасауды жоспарлаған. Топтың әрбір мүшесі бұрын сотталған және пайдакүнемдік мақсаттағы зорлық-зомбылық қылмыстарын жасағаны үшін ұсталған».
Биыл сәуір айында Жамбыл облыстық қылмыстық істер жөніндегі арнайы ауданаралық соты «Таразда теракт ұйымдастыруға қатысқан террористік топтың» бес мүшесіне қатысты үкім шығарды.
Сот үкімі бойынша «террористік топты ұйымдастырушы, құрушы және жетекшісі» деп танылған Бақытжан Жаппаров өмір бойы түрмеде отыру жазасына, ал оның «көмекшілері» Ерғали Зунимов, Лесбек Дүйсенбиев және Төлеген Забираев 25, 21 және 18 жылға бас бостандықтарынан айырылып, қатаң тәртіптегі колонияда жазаларын өтейтін болды. Тағы бір «көмекші» Қадіржан Тұтқышбаев бес жылға, жалпы тәртіптегі колонияға кесілді.
Таяуда Азаттық радиосына хабарласқан Тараз қаласының тұрғыны Әсемгүл Қаңтарбаева осы қылмыстық іс бойынша сотталған інісі Лесбек Дүйсенбиевтің «жазығы жоқтығын, бірақ оны дәлелдеу мүмкін болмай отырғанын, соттың жабық өткенін, ал қамауға алынғаннан кейін інісімен бірде-бір рет кездестірмегенін» айтады.
- Әуелде бұларды жиһад жолын ұстанған террористер деп хабарлады. Бірақ менің інімнің намаз оқымайтынын жұрттың бәрі біледі. Тіпті жарылыстан екі күн өте ұстаған кезде де Лесбек жолдастарымен бірге қаперсіз сыра ішіп отырған. Сыра ішіп жүрген адам жиһад жасайды дегенге кім сенеді? - деді ол.
«СОТ: БҰРЫН СОТТАЛМАҒАН...»
Әсемгүл Қаңтарбаева:
- Бас прокуратураның ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков «топтың әрбір мүшесі бұрын сотталған және пайдакүнемдік мақсаттағы зорлық-зомбылық қылмыстарын жасағаны үшін ұсталған» деп алдын ала таратқан ақпараты да ақ-қараны ажыратпай-ақ айтыла салған сөз болды. Інім бұрын сотталмағанын өзім де білемін, ал мына сот үкімінде де осы іс бойынша сотталушылардың ешқайсысы да бұрын сотталмаған деп жазылып тұр, - деді.
Інісінің «кінәсіздігі» туралы өз пікірін баяндап берген Әсемгүл Қаңтарбаева алдын ала тергеу кезінде күдіктілерді ұрып-соғып, азаптау арқылы мойындатқанын, оны дәлелдейтін құжаттары жеткілікті екенін айтты.
Ол «Сотта ешқандай куәгер менің інімді көрсетпегенін адвокат айтып отыр» деген соң, Азаттық тілшісі Лесбек Дүйсенбиевтің адвокаты Бақытжан Турпеевпен хабарласқан еді.
- Бұл - құпия іс. «Құпияны ашуға тыйым салынады» деп бізге қол қойдырып алған. Сол себепті ашып айта алмай отырмыз. Қорғауымдағы азаматтың кінәсіз екенін дәлелдедім, бірақ сот оған қараған жоқ. Біз оларды ұрып-соққанын көрсететін құжаттарымыздың барлығын сот алдына қойдық. Бірақ ҰҚК қызметкерлері «ол жағдай күдіктіні ұстаған кезде болған» деп сытылып шықты. Тек Лесбекті ғана емес, сотталушылардың барлығын да тергеу кезінде ұрып-соққан, - дейді адвокат.
Бақытжан Турпеев телефоны тыңдалып тұрғанын айтып, өзге сауалдарымызға жауап беруден бас тартты.
ПОЛИГРАФОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУГЕ СҮЙЕНУ
«Террористік топтың жетекшісі» ретінде өмір бойы түрмеде жазасын өтеуге кесілген Бақытжан Жаппаровтың адвокаты Жәмшид Гаппаров та сотталушыларды алдын ала тергеу кезінде азаптау арқылы мойындатты деп ойлайды. Адвокат: «Соттың жабық өтуі де дұрыс емес, бұл істе ешқандай да мемлекеттік құпия ақпарат көргенім жоқ, сондықтан ашық өткізу керек еді» деп санайды.
Оның сөзінше, өз қорғауындағы Бақытжан Жаппаровтың кінәсін дәлелдейтін ешбір айғақ табылмаған және айыпталушылар сот кезінде өздерін ұрып-соққанын айтып берген.
- Алғашқыда күдіктілердің бәрі сотталған деп хабарлады ғой. «Қаратау қаласында қылмыс жасаған екен, Көкшетауда адам өлтірген екен» деді. Бәрі бос сөз болып шықты. Ештеңе дәлелденген жоқ. Алда апелляциялық сот болады, керек болса, халықаралық сотқа дейін шағымданамыз, - дейді Жәмшид Гаппаров.
Сотталушы Лесбек Дүйсенбиевтің ісін қузаушы Әсемгүл Қаңтарбаева жолдаған сот үкімінің көшірмесінде Лесбек Дүйсенбиевке қатысты полиграфологиялық зерттеу (өтірік айтқанды анықтайтын детектор - ред.) жүргізіліп, оның «Тараз қаласында орын алған террористік актілердің жоспарлануы мен өткізілуіне қатысы бар екені және зерттеліп жатқан оқиға жайлы көлемдірек мәліметтерге ие екені анықталғаны» айтылыпты.
«Бұл полиграфологиялық зерттеу нәтижелерін басты сот талқылауында маман ретінде сұралған полиграф маман А.А.Корниенко қуаттап, зерттеу барысында алған нәтижеге қалай жетіп, ол туралы қорытындыға келгенін толық түрде тұжырымдап көрсетті» деп жазылған сот үкімінде.
- Алайда Қазақстанда қылмыстық істі тергеу барысында қолданылғанымен, айғақ ретінде санала бермейтін полиграфологиялық зерттеуді дәлел деп есептеуге болмайтынын айтып, ходатайство жазғанбыз, - дейді адвокат Жәмшид Гаппаров.
БАС ПРОКУРАТУРАНЫҢ ЖАУАБЫ
Осы іс бойынша Азаттық тілшісі бас прокурордың ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіковке хабарласқанда, ол «бұл оқиға бойынша сотталушылардың туыстары тарапынан арыз-шағым түскен жоқ. Бірде-бір арыз-шағым тексерусіз қалмайды» деп жауап берді.
Тілші осы іс бойынша «Топтың әрбір мүшесі бұрын сотталған және пайдакүнемдік мақсаттағы зорлық-зомбылық қылмыстарын жасағаны үшін ұсталған» деп алдын ала айтқан кесімді сөзінің сотта анықталған мән-жайлармен не себепті сай келмегенін сұрады. «Адам құқығы бойынша кінәсіздік презумпциясына нұқсан келген жоқ па?» деген сауал қойылғанда бас прокурордың ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков:
- Дәл қазір менің қолымда нақты ақпарат, құжат немесе шешімдер болмаған соң, толыққанды жауап бере алмаймын. Бастапқыда бір адам ұсталып, кейін олар жіберіліп, орнына басқа адам қамалуы да мүмкін. Екіншіден, бұрын ұсталып, құқық қорғау органдарына жеткізіліп, кейін қандай да бір себептермен жауапкершіліктен немесе жазадан босатылуы мүмкін. Үшіншіден, бұрын соттылығы болғанымен, кейін мерзімі өткен соң алынып тасталған болуы мүмкін, - деп жауап берді.
НАЗАРБАЕВТЫҢ УӘДЕСІ
Қазақстан ҰҚК шекаралық қызметі Тараздағы террорлық актілерден кейін, яғни 2011 жылы қарашаның 13-інде Қырғызстанмен шекарадағы қауіпсіздік шараларын күшейткенін хабарлады.
«Тараздағы жарылысқа жауапкершілікті «Халифат сарбаздары» тобы мойнына алып, мұндай шабуылдар жалғаса беретінін мәлімдеді» деп DPA ақпарат агенттігі хабар таратты.
Президент Назарбаев қарашаның 14-і күні мәлімдеме жасап, терактіге айыптыларды жазалауға уәде еткен.
– Қазақстанға қарсы жасалған терроризмнің кез-келген түрімен күресуге мемлекеттің мүмкіндігі де, күші де, кәсіби қарымы да, шамасы да жетеді. Қазақстандықтарды сақ болуға шақырамын. Мұндай оқиғаны байқасаңыздар, бірден тиісті құқық қорғау орындарына хабарлаңыздар. Бұл оқиғаны анықтап, барлық бағыттағы істі күшейтеміз, – деген еді Қазақстан президенті.
Назарбаевтың осы мәлімдемесінен кейін, қарашаның 16-сы «Халифат сарбаздары» Қазақстандағы «мұсылмандарды тұтқындауды» сынап, «Назарбаевтың халық атынан сөйлеуге хақы жоқ» деп мәлімдеді. Топ Қазақстанның діни қызмет туралы заңды қабылдаудан бас тартуын талап етіп, діни қысым жалғаса беретін болса шабуылдарды үдететінін айтып қорқытты. Бұл мәлімдеме туралы SITE зерттеу ұйымының веб-сайтында жарияланды.