Мұндай шарада оқылған баяндамада Қазақстанда «тұрақсыздық орнатқысы келетін сыртқы күштер» жайында да айтылады. Жергілікті құқық қорғаушы бұл шаралардың мақсаты мен мазмұны үйлеспей тұр деп санайды.
Діни экстремизм мен терроризмге қарсы шаралардың басталғанын министрлік жанында философия және саясаттану институтына сілтеме жасаған «Қазақпарат» агенттігі хабарлап отыр.
Сәуірдің 4-і күні Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметінің өкілі Майра Қайыргелдіқызы бұл шаралар әрбір оқу орнына міндеттелмегенін, тек ұсыныс ретінде айтылғанын хабарлады.
Майра Қайыргелдіқызы сәуірдің 4-і күні Азаттық тілшісіне:
- Әрбір жоғары оқу орны оның форматын өзі таңдайды. Қашан өткізуді де өздері анықтайды. Бірінші болып қазақ ұлттық педагогикалық университеті өткізді. Енді қай жоғары оқу орнының өткізетіні белгісіз, - деді.
Министрлік өкілі айтқан Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінде бұл шара өткен аптаның басында өткен.
"БҰЛ - ӨТЕ ҚАУІПТІ!"
Бұл шарадан шағын репортаж жасаған «Московский комсомолец» басылымы баяндама оқыған Философия және саясаттану факультетінің аға ғылыми қызметкері Анатолий Косиченконың мынадай сөзін келтіреді:
«Неге қоғамның күшін осы бағытқа қарай жұмылдыру керек? Себебі елімізде басқарылатын хаос орнатқысы келетін сыртқы күштер бар. Мұндай жағдайды Солтүстік Америка мен Таяу Шығыстан көріп отырмыз. Режимдер ауысқан кезде тұрақсыздық орнайды. Бұл - өте қауіпті. Қараңыз, араб көктемінен бері міне, бір жыл уақыт өтті, ал көтерілген елдер ештеңе де ұтқан жоқ.
Дін деген бұл қуатты фактор және кейбір батыс елдері мұны өздерінің геосаяси мақсаттарына қолданып жатыр. Мысалы, АҚШ-ты алыңыз. Олар адам құқығының сақталуын, кез-келген дінді еркін насихаттауға шақырады. Бірақ егер қаласаң, діни теңсіздік бойынша кез-келген елді айыптауға болады. Тіпті демократияшылдығы арқылы әйгіленген Еуропаның өзінде мемлекеттік және артықшылық берілген діндер болады. Сондықтан біздің студентік қауым мұндай құбылыстарды біліп, оған қарсы тұра алуы тиіс».
Басылымның жазуынша, баяндамашы «террористер мен экстремистер негізінен Құраннан жекелеген аяттарды алып алып, оларды дұрыс түсіндірмейді. Осылайша діни сауатсыз адамдарды адастырады» деген.
Бұл жиында болған студенттердің бірі дөңгелек үстел жайында Азаттық радиосының тілшісіне:
- Көптеген сұрақтар қойылды. Бұл сұрақтарға жауап берген баяндамашылар тек қана мүфтият рұқсат етілген кітаптарды оқу керек деді. Күмәнді интернет сайттар, дискілерді алып оқудың дұрыс емес екенін айтты. Жалпы бұған тек білім арқылы қарсы тұруға болатыны туралы айтылды, - деп пікір білдірді.
"ЫҚПАЛҒА ТҮСУГЕ БЕЙІМ БАЛАЛАРДЫ АНЫҚТАУ"
Мұндай шаралар жөнінде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің өкілдерінен де сұрап көрген едік. Университеттің тәрбие департаментінің директоры Меңдігүл Сағатқызы оқу орнында тек жыл басынан ғана емес, бұрыннан бері экстремизм, терроризмге қарсы шаралар көп өтіп жатқанын, оларды бөле-жара қарастыра алмайтынын айтты. Ол осындай шара ретінде келесі аптада оқу орнында мүфтият өкілдерінің студенттермен кездесетінін де ескертіп өтті.
Атырау, Тараз қалаларындағы "жарылысты кілең жастар жасап жатыр" деген университет өкілі «семинар, тренинг, дөңгелек үстелден бөлек әр топтағы балалармен жеке-жеке жұмыстарға да қатты көңіл бөлетіндіктерін» айтты.
- Мысалы, бір топта 15 бала бар ма, олар кім, ата-анасы кім, қайдан шыққан, оның қаншасы жатақханада тұрады, қаншасы орын тимей қалып, қаланың шет аймақтарында криминалды аудандарда арзан пәтер жалдап жатыр? Қасында жүрген адамдары кім? Кімдермен араласады? Өмірге деген көзқарастары қандай? Осындай зерттеу жүреді. Сосын «группа риска» дейміз ғой. Қандай да бір ықпалға түсіп кетуге бейім-ау, осы баланың көзқарасында ауытқушылық бар-ау деген балалар анықталады. Содан кейін сол балалармен тұрақты түрде жұмыс жасалады. Былайша айтқанда, оларды сырттай бақылап жүреміз. Қайда барады? Кіммен сөйлеседі дегендей, - деді Меңдігүл Сағатқызы.
"СЫРТҚЫ ДҰШПАННЫҢ ОБРАЗЫН ЖАСАУ"
Әйтсе де, Алматы Хельсинки комитетінің төрайымы, құқық қорғаушы Нинель Фокина мұндай шаралар тікелей Қазақстанның конституциясына қайшы келетінін айтады.
- Егер нақты бұл шараларды қарастырсақ, онда әрине, бұл конституция мен заңдарға, халықаралық құжаттарға қайшы келеді. Олар тікелей діни алауыздықты тудыруға бағытталған, - дейді Нинель Фокина.
«Шараның мақсаты мен мазмұны бір-біріне сәйкеспейді» деп атап өткен құқық қорғаушы «мемлекет жасанды түрде сыртқы дұшпанның образын жасап, соны көпке таңуға тырысып отыр» дейді.
Фокинаның ойынша, мемлекет шын мәнінде экстремизм және терроризммен күрескісі келсе, әуелі қоғамның радикалдануына жетелейтін әлеуметтік әділетсіздікпен күресуі керек.
- Бұл - жастардың назарын елде болып жатқан өте маңызды жағдайлардан аулақ етудің амалы. Бұл амалдар қатарында сонымен бірге ақпаратты шектеу шаралары да тұр. Жастар өздігінен ойлап, қорытынды жасамас үшін. Совет кезіндегідей «әлемдегі ең бақытты елді мекен - бұл Совет Одағы. Ал айналадағының бәрі - оны жеп қойғысы келетін дұшпандар» ғып көрсеткісі келеді, - дейді Нинель Фокина.
Нинель Фокина оқу орындарында экстремизм, терроризмге қарсы шаралар жүріп жатқан кезде Мұхтар Әблязов есімінің жарылыс сөзімен бір контексте қолданылып жатқанын да кездейсоқтық деп санамайды.
- Бұл екі жайтты да бір-бірімен байланыстырам. Алғашында жарылыс туралы естігенде күлкім келді. Бұл сұраққа Бақытжан Кетебаев өте жақсы жауап берген: «Әблязовқа 25 мың доллар төлеп, балалар саябағын жарғаннан гөрі бірнеше ракета ұшырған оңайырық еді» деп. Бұл жабайылық қой, - дейді Нинель Фокина.
Өткен аптада Қазақстанның бас прокуратурасы оппозициялық саясаткер Мұхтар Әблязовтың серіктері Алматыда «бірнеше жарылыс ұйымдастырмақ болғаны», ұлттық қауіпсіздік комитетінің дер кезінде «жарылыстың алдын-алып үлгергені» туралы мәлімдеген еді.
Діни экстремизм мен терроризмге қарсы шаралардың басталғанын министрлік жанында философия және саясаттану институтына сілтеме жасаған «Қазақпарат» агенттігі хабарлап отыр.
Сәуірдің 4-і күні Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметінің өкілі Майра Қайыргелдіқызы бұл шаралар әрбір оқу орнына міндеттелмегенін, тек ұсыныс ретінде айтылғанын хабарлады.
Майра Қайыргелдіқызы сәуірдің 4-і күні Азаттық тілшісіне:
- Әрбір жоғары оқу орны оның форматын өзі таңдайды. Қашан өткізуді де өздері анықтайды. Бірінші болып қазақ ұлттық педагогикалық университеті өткізді. Енді қай жоғары оқу орнының өткізетіні белгісіз, - деді.
Министрлік өкілі айтқан Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінде бұл шара өткен аптаның басында өткен.
"БҰЛ - ӨТЕ ҚАУІПТІ!"
Бұл шарадан шағын репортаж жасаған «Московский комсомолец» басылымы баяндама оқыған Философия және саясаттану факультетінің аға ғылыми қызметкері Анатолий Косиченконың мынадай сөзін келтіреді:
«Неге қоғамның күшін осы бағытқа қарай жұмылдыру керек? Себебі елімізде басқарылатын хаос орнатқысы келетін сыртқы күштер бар. Мұндай жағдайды Солтүстік Америка мен Таяу Шығыстан көріп отырмыз. Режимдер ауысқан кезде тұрақсыздық орнайды. Бұл - өте қауіпті. Қараңыз, араб көктемінен бері міне, бір жыл уақыт өтті, ал көтерілген елдер ештеңе де ұтқан жоқ.
Елімізде басқарылатын хаос орнатқысы келетін сыртқы күштер бар.
Басылымның жазуынша, баяндамашы «террористер мен экстремистер негізінен Құраннан жекелеген аяттарды алып алып, оларды дұрыс түсіндірмейді. Осылайша діни сауатсыз адамдарды адастырады» деген.
Бұл жиында болған студенттердің бірі дөңгелек үстел жайында Азаттық радиосының тілшісіне:
Баяндамашылар тек қана мүфтият рұқсат етілген кітаптарды оқу керек деді.
"ЫҚПАЛҒА ТҮСУГЕ БЕЙІМ БАЛАЛАРДЫ АНЫҚТАУ"
Мұндай шаралар жөнінде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің өкілдерінен де сұрап көрген едік. Университеттің тәрбие департаментінің директоры Меңдігүл Сағатқызы оқу орнында тек жыл басынан ғана емес, бұрыннан бері экстремизм, терроризмге қарсы шаралар көп өтіп жатқанын, оларды бөле-жара қарастыра алмайтынын айтты. Ол осындай шара ретінде келесі аптада оқу орнында мүфтият өкілдерінің студенттермен кездесетінін де ескертіп өтті.
Атырау, Тараз қалаларындағы "жарылысты кілең жастар жасап жатыр" деген университет өкілі «семинар, тренинг, дөңгелек үстелден бөлек әр топтағы балалармен жеке-жеке жұмыстарға да қатты көңіл бөлетіндіктерін» айтты.
- Мысалы, бір топта 15 бала бар ма, олар кім, ата-анасы кім, қайдан шыққан, оның қаншасы жатақханада тұрады, қаншасы орын тимей қалып, қаланың шет аймақтарында криминалды аудандарда арзан пәтер жалдап жатыр? Қасында жүрген адамдары кім? Кімдермен араласады? Өмірге деген көзқарастары қандай? Осындай зерттеу жүреді. Сосын «группа риска» дейміз ғой. Қандай да бір ықпалға түсіп кетуге бейім-ау, осы баланың көзқарасында ауытқушылық бар-ау деген балалар анықталады. Содан кейін сол балалармен тұрақты түрде жұмыс жасалады. Былайша айтқанда, оларды сырттай бақылап жүреміз. Қайда барады? Кіммен сөйлеседі дегендей, - деді Меңдігүл Сағатқызы.
"СЫРТҚЫ ДҰШПАННЫҢ ОБРАЗЫН ЖАСАУ"
Әйтсе де, Алматы Хельсинки комитетінің төрайымы, құқық қорғаушы Нинель Фокина мұндай шаралар тікелей Қазақстанның конституциясына қайшы келетінін айтады.
- Егер нақты бұл шараларды қарастырсақ, онда әрине, бұл конституция мен заңдарға, халықаралық құжаттарға қайшы келеді. Олар тікелей діни алауыздықты тудыруға бағытталған, - дейді Нинель Фокина.
«Шараның мақсаты мен мазмұны бір-біріне сәйкеспейді» деп атап өткен құқық қорғаушы «мемлекет жасанды түрде сыртқы дұшпанның образын жасап, соны көпке таңуға тырысып отыр» дейді.
Мемлекет шын мәнінде экстремизм және терроризммен күрескісі келсе, әуелі қоғамның радикалдануына жетелейтін әлеуметтік әділетсіздікпен күресуі керек.