Михаил Калашников Қазақстанға екінші дүниежүзілік соғыс басталардан бұрын келген.
Ол 17 жасында Ресейдің Алтай өлкесінде қару-жараққа қатысты полиция тергеуіне ілігеді. Бақша қазып жүрген досы браунинг тапаншасын тауып алып, оны Калашниковке әкеліп береді. Мұны біліп қойған милиция Михаилды шақырып алып, тергеп, қаруды өткізуін талап етеді. Бірақ ол өзінде қару барын мойындамайды.
Оны босатқанымен, осы оқиғадан кейін Михаил Калашниковтен күдіктенетіндер көбейеді. Күдіктен құтылудың амалын іздеген ол Алтай өлкесіндегі туған ауылы Курья ауылынан кетуді ұйғарады. Сөйтіп жанындағы жолдасының үлкен ағасы жұмыс істейтін Матай станциясына (қазіргі Алматы облысы – ред.) келеді.
1937 жылдың күзінен 1938 жылдың тамызына дейін Михаил Калашников Түркістан-Сібір темір жолы бөлімшесінде әуелі есепші, кейін техникалық хатшы болып істейді.
МАТАЙ СТАНЦИЯСЫ ДЕПОСЫНДА
1938 жылдың тамызында әскер қатарына шақырылған Михаил Калашников Киевтегі айрықша әскери округтың танк әскерінде қызмет етеді. Армияда жүргенде өнертапқыштық қабілеті байқалған Михаил Калашников танк моторесурсын есептейтін құрал ойлап тауып, округ қолбасшысы Георгий Жуков оны аты жазылған сағатпен марапаттайды.
Михаил Калашников әуелі танк командирі, кейін взвод командирі шенінде соғысады. Алайда жаумен ұзақ шайқасудың сәті түспей, 1941 жылдың тамыздың 31-і күні жараланып, контузия алады. Госпитальда жатқан ол пистолет-пулемет құрастыруды армандайды. Емделіп шыққан соң оған жарты жыл демалыс береді. Үйіне бара жатып, жол-жөнекей Матай станциясына соғады. Ойындағы пистолет-пулеметтің үлгісін әскерге шақырылғанға дейін жұмыс істеген депода құрастырып шықсам деген ой келеді. Бұл жоспарын баяндау үшін бірден темір жол депосы бастығына жолығады.
Калашников өз мемуарында «Ойымдағы қарудың үлгісін жасау туралы жоспарымды мұқият тыңдады. Сызба-нобайларымды қарап шыққан депо бастығы ең бастысы, алдында отырған адамның қойған мақсатына жетуден таймайтын табандылығы мен жауды жеңу үшін қолынан келгенді аянбауға бекінген жігерін таныған сияқты» деп жазады.
Ақыры бастық «негізгі жұмыстан тыс уақытта, көбінесе түнде ғана көмектесетін болсын» деген шартпен тәжірибе жасау тобын жасақтауға рұқсат береді.
Пистолет-пулеметті құрастыруға тынымсыз үш ай уақыт кетеді. Жеті сынып қана бітірген Михаил Калашниковтың арнайы техникалық білімінің жетіспейтіндігі сезіледі. 1947 жылы арнайы комиссия автоматты қабылдап, оған АК-47 («Автомат Калашникова-47») деген ресми ат береді.
Халық жадында да осы ресми деректер сақталған. Совет Одағы және онымен байланысты көптеген аңыздар күйреген соң кейбіреулер Калашников автоматының шығу тарихына да күмәндана бастады. «Калашниковтың сызбалары қолға түсірілген неміс құжаттарының көшірмесі екен, Совет армиясының қатардағы сержантын автоматтың авторы ете салған» деген сарындағы мақалалар жарияланды. Қалай болса да Михаил Калашников советтік қару жасау ісінің ақсақалы рөлін Удмуртия астанасы Ижевск қаласында 95-ке қараған шағында қайтыс болғанға дейін орындап кетті.
Оның генерал-лейтенант деген әскери шені, екі мәрте Совет Одағының батыры және Ресей батыры деген атағы бар, салтанатты жиындарға киген мундирінің кеудесі орден-медальға толы.
ТАБЫСҚА ЖЕТУ ЖОЛЫНДАҒЫ СӘТСІЗДІКТЕР
Екінші дүниежүзілік соғыстың аяғына дейін Орта Азия әскери округінде болған Михаил Калашников қол пулеметі мен өзі оқталатын карабин де құрастырды. Ол Матай станциясы – Алматы – Ташкент – Самарқанд – Мәскеу– сынақ полигоны арасын талай шарлады. Бірақ бәсекелестерінің конструкциясынан оза алмаған Михаил Калашниковтың қол пулеметін де, карабинін де қабылдамады.
Бірақ талай сынақтан өтіп ысылып, білімін жетілдірген соң АК-47 автоматы 1947 жылы сынақта бәсекелестерін басып озды. Қазақстан мен Өзбекстанда жасаған кейбір конструкциялары мен тетіктерін Калашников өзінің даңқты автоматын құрастыруға пайдаланады.
1944 жылдың күзінен бастап Михаил Калашников Орта Азиядан тыс жерлерде – Мәскеу түбіндегі полигонда, Ковров, Ижевск қалаларында жұмыс істеді. Қазақстанға да келіп-кетіп жүрді. Бірде Алматыға бір топ оператормен бірге Калашников өзінің шекарашылармен достығы туралы фильм түсіруге келді. Сол кезде оны Қазақстан компартиясы орталық комитетінің бірінші хатшысы Дінмұхамед Қонаев қабылдаған.
Михаил Калашников Нұрсұлтан Назарбаевтың екінші президенттік мерзімге сайлануына орай жолдаған құттықтау телеграммасында «Өмірімдегі ең маңызды, үлкен конструкторлық өмірге жолдама берген алғашқы тапанша-пулеметті құрастыру оқиғасы Қазақстанмен байланысты. Мұны ешқашан ұмытпаймын» деп жазды.
КАЛАШНИКОВ АВТОМАТЫ ТУРАЛЫ АҢЫЗДАР
Михаил Калашников құрастырған түрлі үлгідегі автоматтар қазір әлемде ең көп тараған атыс қаруына айналып, оның ондаған миллион данасы шығарылды. Әлемнің 50-ден аса елінің қарулы күштері Калашников автоматын пайдаланады. Автоматтың негізгі қасиеттері - қарапайым конструкциясы мен мықтылығы жоғары бағаланады.
Кейбір елдер Калашников автоматын тәуелсіздік белгісі ретінде өз туы (Мозамбик) мен елтаңбасында (Мозамбик, Шығыс Тимор) бейнелейді.
2006 жылы соңғы жүз жылдағы ең үздік атыс қаруының америкалық Military Channel телеарнасы құрастырған рейтингінде АК-47 автоматы бірінші орында тұр.
«Адам өлтіретін қаруды құрастырды» деген айыптауларға Михаил Калашников «Әйтеуір, ақталуға тиіс болмасам да, үнемі ақталуыма тура келеді. Мен мұны өзімнің отанымның даңқын шығару үшін жасадым. Автоматты террористер үшін емес, отанды, оның мүддесі мен шекарасын қорғау үшін шығардым. Оның ақиқаты мен күші де осында. Осы мақсат үшін әлі де қызмет еткенін қалаймын. Мен үшін бұл бейбітшілік қаруы, сондықтан бейбіт заманда ол құлыптаулы тұруы тиіс. Ал бұл - саясаткерлердің ісі» деп жауап берген.
Калашников Ижевск қаласына 1949 жылы көшіп келген. Калашников автоматын шығаратын негізгі өндіріс орны да осында орналасқан. Ол даңқты автоматты құрастырғаны үшін ешқандай дивиденд алмаған. Негізгі кіріс көзі ретінде ол зейнетақысын және есімін арақ түрлеріне, қолшатыр мен пышақ үлгілері атауына пайдаланғаны үшін төленетін дивидендтерді атайды. Калашников Ижевск қаласында жерленеді.
Очеркті жазу барысында Михаил Калашниковтың «Записки конструктора-оружейника» мемуары мен Александр Ужановтың «Михаил Калашников» деген кітабы пайдаланылды.