«ҚАЗАҚСТАН – АЙМАҚ ЛИДЕРІ»
Әлемнің 180 мемлекетін қамтитын рейтингте Қазақстан 120-шы орынға тұрақтаған. Бұл – бұрынғы Совет одағы мемлекеттерінің қатарында болған Балтық елдері – Эстония, Литва және Латвия, сондай-ақ Грузия, Молдова және Армениядан кейінгі үздік көрсеткіш. Орталық Азияның басқа мемлекеттері тізімде Қазақстаннан кейінгі сатылардан табылғандығын айтып өткен жөн.
Рейтингте Қазақстанға 2,7 индексі берілген. Яғни, бұл нәтиже өткен жылғы 2,2 индексінен жоғары, соған сәйкес республиканың сыбайласқан жемқорлыққа қарсы күрес қабілетінің де артқандығы атап көрсетіледі. Салыстыру үшін келтіре кетсек, рейтингті бастаған Жаңа Зеландия 9,4 индексіне, тізімнің ең соңындағы Сомали 1,1 көрсеткішіне ие.
«Трансперенси Интернешнл» өз баяндамасында Қазақстанның осы бағыттағы жетістігін ерекше атап көрсете отырып, республиканың бір жылдың ішіндегі жоғарылауын үкіметтің коррупцияға қарсы шараларымен, сондай-ақ 2010 жылы ЕҚЫҰ-на төрағалық ету қарсаңындағы ұмтылыстарымен байланыстырады.
«Қазақстан - бұрынғы совет елдері ішінде ұйымға төрағалық ету тізгініне ие болғалы отырған алғашқы мемлекет және аймақтағы экономикасы мықты ел» делінген баяндамада.
Дей тұрғанмен, Қазақстанның 2009 жылғы рейтингте алып отырған осы орнын «Трансперенси» ұйымы төмен деп есептейді.
«Соған қарамастан, Қазақстанның сыбайласқан жемқорлық бойынша индексі төмен. Бұл жағдай республикада коррупция жүйелі сипатқа ие екендігін, сондай-ақ оның сот органдарына, полицияға, кеден қызметіне, мүлік құқығы мен жерді тіркеу ісіне, сондай-ақ құрылыс жобаларына ықпалы бар» делінген «Трансперенсидің» баяндамасында.
«ЗЕРТТЕУДЕ ХАЛЫҚТЫҢ ПІКІРІ ЕСКЕРІЛМЕЙДІ»
«Трансперенси Қазақстан» қорының атқарушы директоры Сергей Злотников өзі басқаратын ұйымның Қазақстанда жүргізілген ауқымды зерттеуге қатыстырылмағандығын айтады. Оның пікірінше, халықаралық ұйым ұсынып отырған мәліметтер, яғни Қазақстанның коррупциямен күресі біршама ілгерілеген дегені шындыққа сай келеді.
- Бұрындары коррупцияға байланысты айыптар аудандық деңгейде тағылады деп айыптайтын. Кейін министрлерге айып тағыла бастағанда кейбіреулер «37-ші жыл қайта келді» деп айтатын болды. Қазіргі күні лауазымына қарамастан жауапқа тарта бастады.
Екіншіден, Қазақстан коррупцияға қарсы екі конвенцияны мақұлдады. Қазіргі кезде мемлекет ақшаны заңдастыруға тыйым салуды қарастыратын Страсбург конвенциясын мақұлдауды қарастырып жатыр. Үкіметтің осындай әрекеттері бүгінгідей нәтиже шығарып отыр, - деді мемлекеттік «Құрмет» орденінің иегері Злотников.
Бұл уақытта «Трансперенси Қазақстан» қорының басшысын «мемлекеттік органдармен байланысы бар» деп айыптап, «сол себепті елде коррупция тыйылмай отыр» дегенді мәлімдеген «Сандж» зерттеу орталығының жетекшісі Жанар Жандосова басқаша пікір білдіріп отыр.
- Үкімет қандай да бір әрекеттер жасап жатқан да болар. Бірақ мұндай әрекеттердің теріс жақтарын да көріп отырмыз. Мәселен, Қаржы полициясы мен Ішкі істер министрлігі арасындағы бәсекелестік дегендей... Мүмкін бұл «жаңқалар ұшқанымен орман оталады» дегеннің кері шығар.
Оның үстіне бұл зерттеу әртүрлі ұйымдар мен сарапшылардың арасында жүргізілген сауалнама нәтижесіне сүйенеді. Яғни, халықтың пікірі ескерілмейді, - деді Жандосова.
Халықаралық ұйым өзінің зерттеуінде әлем елдерінің мемлекеттік секторларының коррупцияны қабылдау деңгейін қарастыратындығын атап көрсеткен. Ал индексті анықтау барысында әртүрлі деңгейдегі 13 сараптамалық сауалнама мен зерттеулер пайдаланылған.