Қазақстан қорғаныс министрлігінің қару-жарақ бас басқармасының бұрынғы бастығы генерал Алмаз Әсенов шілденің 24-і күні 11 жылға сотталып, дүние-мүлкі тәркіленіп, генерал атағынан айырылды.
Оған Украина азаматтары «Укрспецэкспорт» компаниясының әскери өнім экспорты бойынша мамандары Александр Школяренко мен Александр Хрулевтен 200 мың АҚШ доллары көлемінде пара алды деген айып тағылған.
Ал украиналық компания өкілдерінің әрқайсысы 6 жылдан түрме жазасына кесілді. Олардың да мүлкін тәркілеу туралы шешім шыққан. «Укрспецэкспорт» компаниясында Александр Школяренко аймақтық департамент бастығы қызметін атқарған, ал Александр Хрулев оның орынбасары болған.
Қазақстанның әскери соты бұл үшеуіне қатысты үкімді шілденің 24-і күні Алматыда шығарды.
Ірі көлемдегі жемқорлық ісі бойынша сотталған Алмаз Әсенов пен екі украиналық азамат биылғы қаңтардың 26-сы күні ұсталған болатын. Әуелі Александр Школяренко мен Александр Хрулев екі-ақ ай қамауда болады деген хабар тараған. Бірақ сәуір айында Қазақстан украиналықтарды босатудан бас тартқан.
Сол уақытта кейбір қазақстандық БАҚ бұл қылмыстық істің былтыр Шымкент түбінде апатқа ұшыраған әскери Ан-72 ұшағына қатысы бар деген мәлімет таратқан. Бұл туралы Қазақстанның бас прокуроры Асхат Дауылбаев та айтқан. Шымкенттегі апат кезінде шекара қызметінің басшысы Тұрғанбек Стамбеков пен оның әйелі және 25 басқа шекара қызметкері (көпшілігі - аймақтық басшылар) қаза тапқан.
Отставкадағы КГБ/ҰҚК полковнигі Арат Нарманбетовтің Азаттыққа айтуынша, Қазақстанның қарулы күштеріне қарасты қару-жарақ пен техниканы күрделі жөндеуден өткізу саласындағы жемқорлық үлкен мәселеге айналған.
- Бұл ұшақ (Ан-72 - ред.) Украинада да жөндеуден өтті ғой. Күрделі жөндеу жасалған ұшақ әуеге көтеріле сала бір-біріне қатысы жоқ үш бірдей құрылғысы істен шығады. Демек, я күрделі жөндеу мүлдем жасалған жоқ, я шала-шарпы жасалды деген сөз. Бірақ күрделі жөндеудің ақшасы төленген. Міне, әскери мекемедегі ахуалдың сиқы, басқа азаматтық мекемелерге қарағанда бұларды бақылау қиын ғой, - дейді ол.
Школяренко мен Хрулев Қазақстанның әскери басшылығына Украинада жөндеуден өткен Ан-72 ұшақтарын қабылдап алу кезінде пара берген деп айыпталды. Генерал Алмаз Әсенов сол уақытта Қазақстанның қорғаныс министрлігінде қару-жарақты сатып алу, жаңарту және пайдалану ісіне жауапты болған.