Қазақстан-әлем бойынша уранға бай екінші ел. Өткен жылы уран өндіру мұнда 30 пайызға өскен болатын.
Ал Үндістан болса ядролық реакторларының саны жағынан әлем бойынша 10-орында тұр. Алайда, оған уран отыны ауадай қажет.
Сенбіде қол қойылған қазақ-үнді азаматтық ядролық келісімшартына байланысты Қазақстан әлем бойынша үнді зауытын уранмен қамтамасыз етуші төртінші ел болғалы тұр. Оның алдында АҚШ, Франция, Ресей елдері бар.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ Нью-Делиде дүйсенбіде болатын республика күніне арналған парадтың құрметті қонағы болды. Үндістан Конституциясы 1950 жылы 26 қаңтарда қабылданған-ды.
Сондай-ақ Үндістанның азаматтық ядролық бағдарламасын уранмен қамтамасыз ету ісіне Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан елдері де қатыспақшы.
Осылайша Орта Азия Үндістан үшін аса маңызды әріптестік аймағына айналғалы отыр.
Әлем бойынша 2030 жылға қарай кем дегенде 300-дей жаңа ядролық қуат бекеттері салынбақшы. Оның 30-ы қазірдің өзінде салынып қойды.
Сарапшылардың айтуынша, 2030 жылға қарай аталған бекеттердің бәрі іске қосылатын болса, онда уран өндіру ісі 3 есеге көбеймекші.
Совет үкіметі жылдарында Орталық Азия елдерінде уран өндіру ісіне қарабайыр технологиялар қолданылатын болған.
Алайда ол елдер өз тәуелсіздігін алғалы бері шетелдік инвесторлар аталған кеніштерді заманауи техникалармен жабдықтап, соның нәтижесінде өнім көлемі де арта түскен еді.
Ескі жабдықтардың да қолданылатын тұстары бар.
Британияда жарық көретін Energo атты апталық басылымның редакторы Ричард Локхарттың айтуынша: “Қазатомпром" уран өндіру компаниясының мәліметіне қарағанда, Қазақстан уран өндіруді 2010 жылға қарай 15000 тоннаға жеткізгісі келеді. Мұның өзі Қазақстанды уран өндіру мен экспорттау бойынша әлемдегі басты елге айналдырады. Және уранды өндіруші әрі экспорттаушы ретінде "Қазатомпром" даралыққа жетеді”,- деді Локхарт.
Мемлекет билігіндегі бұл компания биылдың өзінде 11900 тонна уран өндірмекші. Өткен жылы бұл көрсеткіш 8500 тонна болған еді.
Болашаққа жасаған жоспары бойынша "Қазатомпром" 2018 жылға қарай 30000 тонна уран өндіруді көздеуде.
Қараша айында "Қазатомпром" мен Қытайдың қос компаниясы келісмшартқа қол қойған болатын. Оның нәтижесінде "Қазатомпром" Қытай жерінде ядролық қуат бекеттерін салмақшы.
Оның есесіне Қазақстан жаңа уран кеніштерін игеру үшін Қытай фирмаларына 49 пайыздық акцияны бермекші дейді Локхарт.
Қазірше Орталық Азия ураны Шығыс Азия елдеріне: Қытай, Жапония және Оңтүстік Кореяға ағылуда. Егер Әлемдік ядролық қауымдастық есебі дұрыс болса, онда Орта Азия ураны алдағы уақытта Еуропаға, содан кейін Құрама Штаттарға экспортталуы мүмкін.
Осы қауымдастықтың дәлелдеуінше, қазір Франция мен Литва елдері өздеріне қажетті электр қуатының төрттен үш бөлігін ядролық энергия арқылы қамтамасыз етіп отыр.
Халықаралық Атом энергиялық агенттігінің айтуынша, Орта Азияның бес мемлекеті де Ядролық қаруды таратпау жөніндегі келісімге қатысы бар.
Ол елдер 2006 жылы Орта Азия ядролық қарудан ада аймақ деген келісімге қол қойған болатын.