Accessibility links

Қазақ тілі Wikipedia-дағы отыздыққа енді


Wikipedia сайтының алғашқы бетінде тұрған осы желідегі танымал тілдер. (Көрнекі сурет)
Wikipedia сайтының алғашқы бетінде тұрған осы желідегі танымал тілдер. (Көрнекі сурет)
Wikipedia (Википедия) ашық энциклопедиясының қазақша бетіндегі материалдар саны 160 мыңға жетті. Алайда оқырмандар бұл мақалаларда қате де жиі кездесетінін айтады.

«ЭНЦИКЛОПЕДИЯДА ҚАТЕЛІК БАР»

Студент Ырыс Амангелді «қазақша Wikipedia-да материалдың саны көп болғанымен, сапасы сын көтермейді» деген пікір айтты.

– Wikipedia-ның қазақ тіліндегі бөлімінің ашылғаны құптарлық іс. Жалпы, бастама дұрыс. Бірақ материалдары жүйесіз. Аудармаларында қате өте көп. Ақпараттары да ескі. Мақалаларының саны көп, сапасы төмен, – деді ол.

Географ Медет Шағырбаев деректегі қателіктерді жиі байқайтынын айтады.

– Мысалы, Сомали елі жайлы орыс тіліндегі ақпаратта елдің президенті Хассан Шейх Махмуд деп дұрыс көрсетілген. Ал қазақша бетінде Аббулахи Иусуф Ахмед
Wikipedia-ның қазақша беті. Алматы, 16 маусым 2011 жыл.
Wikipedia-ның қазақша беті. Алматы, 16 маусым 2011 жыл.
деп қате жазылған. Сенегал елінің де президенті туралы ақпарат тексерілмеген. Бұл елдің бүгінгі басшысы – Салл Маки. Ал қазақша Wikipedia-да Абдуллаи Вад деп қате тұр. Тағы бір байқаған қателік, Сауд Арабиясы мемлекеті әлемде жер көлемі бойынша 14-орында деп көрсетілген. Бұл ел негізі 12-орында, – деді ол.

Географ маман бұл қателіктерді өз бетінше түзеуге тырысқанымен, нәтиже шығара алмапты.

– Шығыс Қазақстан облысындағы Көкпекті ауылының іргесі 1780 жылы қаланған деп тұр. Ал нақты тарихи деректер бойынша, бұл ауыл 1820 жылы салынған. Міне, осы сияқты қателіктерді өз бетімше түзеу үшін «өңдеу» деген бөлімге кіргенімде біраз қиындықтарға тап болдым. Яғни материалды түзету үшін көп жұмыс істеу керек екен, – деді Медет Шағырбаев.

Ал тарих пәнінің оқытушысы Нұржан Қоңырбай қазақша Wikipedia-ның тарихи мәліметтерінде қателік аз екенін айтады.

– Қазақша Wikipedia-ның тарихи материалдарында қателік аз. Мәліметтерін пайдалануға болады. Барлығы тарихшы-ғалымдардың деректері негізінде жазылған. Сілтемелері де бар. Алайда қазақша Wikipedia-ның көп материалдары «Қазақ энциклопедиясынан» еш өзгеріссіз алынған, – деді ол.

«ҚАТЕНІ КЕЗ КЕЛГЕН ОҚЫРМАН ТҮЗЕЙ АЛАДЫ»

Қазақша Wikipedia-ға жауапты Wikibilim қоғамдық қорының төрағасы Рауан Кенжеханұлы қазақ тіліндегі Wikipedia мен «Қазақ энциклопедиясының» арасында мәлімет алмасуға екі жақты келісім-шарт жасалғанын айтты.

– Бізде материалды жазып отырған нақты редакция жоқ. Материалдарды еріктілер мен қолданушылардың өздері дайындайды. Жалпы мақсатымыз – қазақша энциклопедияларды қазақ тіліне аударып, электронды нұсқаға көшіру. Қазір
Wikibilm қоғамдық қорының төрағасы Рауан Кенжеханұлы. (Сурет Facebook желісіндегі жеке парақшасынан алынды).
Wikibilm қоғамдық қорының төрағасы Рауан Кенжеханұлы. (Сурет Facebook желісіндегі жеке парақшасынан алынды).
қолданушыларымыздың саны төрт миллионнан асады. Бір жыл бұрын ашылғанда материалымыздың саны жеті мың ғана болса, қазір 160 мыңға жетті. Қазақша Wikipedia парақшалары ай сайын бес миллион рет ашылады. «Қазақ тілді Wikipedia-ға сұраныс аз» деген – бос әңгіме. Негізі, мемлекетке қатысты ақпараттарды, тарихи мәліметтерді арнайы мамандарға тексертеміз. Ол материалдар нақты сілтемемен жарияланады, – деді Рауан Кенжеханұлы.

Оның айтуынша, «Wikipedia-ның қазақша бетінде әріптен де, мәліметтен де кеткен қателер бар – бірақ оны кез келген оқырман түзей алады».

– Жақында қазақша Wikipedia-ның парақшасына жаңа функциялар енгіздік. Енді оқырман парақшаға тіркеліп, кез келген қателікті өзі түзей алады. Материалдардың авторы – қалың бұқара. Сондықтан оқырмандар бір-бірінің қателерін түзеп жатса, ол барлығына тиімді. Қатені қалай түзету керек деген мәселеге қатысты нұсқаулықтарды алғашқы бетке орнаттық, – деді Wikibilim қоғамдық қорының жетекшісі Рауан Кенжеханұлы.

Мақалаларын кез келген адам жариялап, толықтырып, түзете алатын Wikipedia энциклопедиясындағы ең танымал тіл – ағылшын тілі (4 миллионнан астам мақала бар), ең елеусіз қалғаны – Африка құрлығындағы гереро тілі (бұл тілде бірде-бір мақала жоқ).

Wikipedia-ның қазақша беті қазір материал көлемі жөнінен (160 мың мақала) энциклопедиядағы 285 тілдің арасында 30-орында тұр.
XS
SM
MD
LG