Accessibility links

Қазақстанда google.kz-тен кейін kk.wordpress.com да ашылмай қалды


Wordpress.com блог-платформасының белгісі. (Көрнекі сурет)
Wordpress.com блог-платформасының белгісі. (Көрнекі сурет)

«Қазақтелеком» тұтынушылары маусымның 10-ы күні таңертеңнен бері wordpress.com блог-тұғырының қазақстандық бөлігін аша алмай отыр.


Бұл мәселеге әсіресе қазақ тілді блогшылар қатты алаңдайды. Себебі олардың басым бөлігі осы платформаның қызметін пайдаланады.

Қазақ блогшылары бұдан қауіптенетін бірнеше себеп барын айтады. Біріншіден, мұндай жағдай осыған дейін бірнеше мәрте қайталанған. Екіншіден, кеше ғана Google компаниясы Қазақстанның интернетке шектеу қоймақ болған әрекетіне байланысты мәлімдеме жасап, .kz доменінен кеткен болатын.

«ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАТЕ»

Бұл блог-тұғырды тек «Қазақтелекомның» қызметін пайдаланып отырған интернет қолданушылар аша алмай отыруы «техникалық себептен болса, онда бұл ақау жылдам кетеді» дейді журналист-блогшы Асхат Еркімбай.

– Менің ойымша, бұл техникалық қате де болуы мүмкін. Мына интернетті реттеуге байланысты заңның қабылдануына орай google.kz доменінің
Кешеден бері google.kz өзіне бағытталған тапсырысты google.com-ның қазақша бетіне бағыттап жібереді.

google.com-ға редирект жасалуына байланысты болуы да мүмкін, – дейді Асхат Еркімбай.

«ЕРКІН ОЙ ИЕЛЕРІН ТҰНШЫҚТЫРУ»

Бірақ кейбір мамандар «Қазақтелекомның» блог-тұғыр жұмысын шектесе де, оны ашық мойындамайтынына сенімді.

«Еркін интернет үшін» қозғалысының үйлестірушісі Ұлан Шәмшеттің айтуынша, интернет-қолданушылардың ақпаратқа деген құқығын шектеу қазақстандық операторлар үшін үйреншікті жағдай болып отыр. «Бұл – еркін ой иелерін тұншықтыру» деп ой түйеді маман.

– Бүкіл қазақстандық операторларды кінәлауға болмайды. Мысалы, Билайн, KCell арқылы «Қазақтелеком» ашпайтын сайттарға кіре берем. Мына Рахат Әлиевтің сайтына да кіре беретінмін. «Қазақтелекомды» сотқа беру керек. Басқа амал жоқ, – дейді Ұлан Шәмшет.

Біз мұның жайын білу үшін «Қазақтелекомның» баспасөз қызметіне хабарласқанмен жауап ала алмадық.

Жағдайға алаңдаған бірқатар блогшылар түске дейін «Қазақтелекомның» Twitter парақшасына сұрақ қойып үлгерген еді.

– Twitter парақшасындағы ресми аккаунттарындағы кейбір мәліметтерге қарағанда, олар мұндай блог-тұғырнаманың жабылып қалғанына қатысты ешқандай ақпараты жоқ екендігін білдіріп отыр, – дейді oitobe.kz блог-тұғырының жоба жетекшісі Жалғас Ертай.

Ол қазақ блогшыларының пікір алмасу алаңына айналып үлгерген блог-тұғырдың Қазақстандағы ешқандай ережені бұзып отырмағанына
Wordpress.com блог-тұғырында шамамен 500-ден астам қазақша блог тіркелген.

сенімді.

– Менің ойымша, «Қазақтелеком» ресми жауап беруі керек, – дейді Жалғас Ертай.

Wordpress.com блог-тұғырында шамамен 500-ден астам қазақша блог тіркелген.

Қазақстанда бірнеше жылдан бері blogspot.com да жұмыс істемей тұр. Сөз бостандығын қорғайтын ұйымдар бұған қатысты арнайы орындарға талай мәрте ашық хат жолдаған. Әзірше ешқандай нәтиже жоқ.
  • 16x9 Image

    Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

    1985 жылы дүниеге келген.
    2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
    2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

    Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

XS
SM
MD
LG