Сарапшылардың пікірінше, 17 қаңтарда Мәскеуде Ресей газын Еуропаға жеткізуді қамтамасыз етуге байланысты өткен халықаралық кездесу нақты нәтиже бермеді. Дағдарыстың шешімі мен Украина аймағы арқылы тасымалдауды қайт жаңғырту туралы айтудың да әзірше жөні жоқ. Бірақ тіпті тасымалдауды жаңғыртқан жағдайда да еуропалықтарға баламалы шикізат көзін іздеуге тура келеді.
Еуропа Ресей газына тәуелділіктен арыла ала ма деген сұрақ мазалаған Deutsche Welle-нің шолушысы Бенджамин Вюрст мәселенің саяси деңгейінің жоғарылығы туралы жазады: «Газдың көзі болып табылатын Ресейге әлемдегі табиғи газдың үштен бірі тиесілі. Энергетикалық ресурстардың ірі және ең ықпалды тасымалдаушысы — «Газпром». Бұл монополист Кремлдің толық бақылауында, сондықтан да Ресейдің газ бизнесі тым саясиланған. «Газпромның» тұтынушылары Кремль мен Ресейде бұрынғыша ең ықпалды адам ретінде қалып отырған Владимир Путиннің оң көзқарасын пайдаландан үміттенеді».
Мақала авторы Балтық теңізінің (Nord Stream) түбінен жүргізілетін құбыр желісінің Ресей газына тәуелділікті азайтпайтынына сенімді. Сондықтан ЕуроОдақ Каспий аумағынан Ресейді айналып өтіп, Еуропаға жеткізілуі мүмкін табиғи газды тасымалдаушы Nabucco құбырының болашағын ойлауы керек. Бірақ бағыттың болашағы бұлыңғыр.
«Жобаға сәтсіздік қаупі төніп тұр, өйткені Әзірбайжан, Қазақстан, Түркіменстан, Иран сияқты әлеуетті тасымалдаушылар бұл жобаға қатысудан және Еуропаға газ жеткізуден бас тартып отыр. Себебі: Ресей өзінің ықпалдылығын пайдаланып, сахнадан тыс ойындар жүргізуде», — делінген жарияланымда.
Германиядан шығатын Frankfurter Rundschau басылымы да Nord Stream және South Stream жобаларының Еуропаны құтқармайтынын жазады. Керісінше, Мәскеудің қолында Еуропаның солтүстігінен оңтүстігіне дейін жететін «газды шымшуыр» пайда болады. Екі жобаның әсерінен Украинаның тасымал мәселелерінен құтылғанмен Батыс Еуропаның Ресейге газ беруші ретіндегі Батыс Еуропаның тәуелділігі мейлінше артпақ.
Бұл жағдайда еуропалықтарға Nabucco жобасы тиімді болуы мүмкін. Оның құрылысымен айналысушы OMV австриялық энергетикалық концерні басқарып отырған консорциумға Венгрия, Румыния, Болгария мен Түркияның серіктестері, сондай-ақ немістің RWE концерні де кіреді. Консорциум Түркияның шығыс шекарасын Балқан арқылы Австриямен байланыстыратын ұзындығы 3300 шақырымдық газ құбырын салуды жоспарлап отыр. «ЕуроОдақ Nabucco жобасына саяси және қаржылық қолдау көрсетуге ниетті, сондықтан ол Еуропаға газ тасымалын диверсификациялауға мүмкіндік туғызады», — делінген жарияланымда. —Бірақ ниет бұрынғыша жүзеге асқан жоқ.
Неміс газеттері бұл жобаның кемшіліктері туралы жазуда. Онда тараптардың арасында анықталмаған тұстар бар. Әзірше осы бағыттағы газды сатуға тек Әзірбайжан дайын екенін айтқанымен, оларда құбырды толтыратындай газ мөлшері жоқ деп жазады басылым.
Қазақстан мен Түркіменстанға келсек, олардың "Газпроммен" ұзақ мерзімге жасаған шарттары бар. Соның негізінде олардан бүкіл Орта Азия отынын сатып алып, өз магистралдары арқылы Батысқа жөнелтуге дайын. Онымен қоса,- деп жазады,- басылым-Nabucco консорциумының ішкі қайшылықтары бар. Түркия өз территориясы арқылы өтетін газдың біраз бөлігін өзіне жеңілдіктер арқылы сатып алып, оны қайтара сатпақ ойы бар. Бірқатар мамандардың Nabucco жобасы салынатынына күмәні бар, себебі оның қаржыландырылатынына ешқандай кепілдік жоқ. Жобаны жақтаушылар ЕО жағынан нақты саяси қолдау болмай отырғанын айтуда. Алайда, қаржы дағдарысы жағдайында Украина арқылы Ресей газын тасымалдау мәселесінде бірқатар өзгерістер болуы мүмкін,-деп жазады Frankfurter Rundschau газеті.
Nabucco жобасы іске асатын болса, Еуропа Түркияға тәуелді болуы мүмкін,- деп жазады америка журналы Forbes. Анкараның энергетикалық ресурстарға қажеттілігі өтелмесе, даулы мәселелер орын алуы, сөйтіп, Еуропа түгелімен Түркияның саяси құйтырқыларына бағынышты болуы ғажап емес. «Егер газ тасымалын Түркия бақылайтын мүмкіндік туатын болса, осы жағдай Еуропа үшін Украинадағы жағдайдан нақты қай жағымен ерекшеленетінін көре алмай тұрмын,- деп пікірін білдіреді америкалық Forbes журналына берген сұхбатында IHS Global Insight агенттігінің энергетика мәселелері жөніндегі сарапшысы Эндрю Нефф.
Еуропаның газ тәуелсіздігі тақырыбын көтерген Tagesspiegel басылымының беттерінде жарияланған мақалалар Nabucco газ құбыры жобасы әлі де тек қағаз жүзінде қалып отырғанын айтады. «Балама газ көзі туралы мәселенің мәні - оны бір түнде шеше алмайтынымызда жатыр,-дейді осы басылымдағы сұхбатында European Policy Centre талдау агенттігінің жетекшісі Антонио Миссироли— Еуропалық Одақтастықтың Ресей газына тәуелсіздігін қамтамасыз ететін Nabucco сияқты жобаларды жүзеге асыру алдымыздағы онжылдықтың еншісіндегі мәселелер болып табылады».
Tagesspiegel басылымы Ресей Nabucco газ құбырының салынбауына бар күшін салады деп жазады: «Барлық жерде, Еуропа келісімгерлері есік қаққан жердің бәрінде «Газпромның» өкілдері өздерінің ұсыныстарымен пайда бола кетеді». Бұрын «Газпромның» бақылаушылар кеңесін басқарған Ресей президенті Дмитрий Медведев үстіміздегі жылдың жаз айында Әзірбайжан, Түркіменстан және Қазақстанға барып, олардан газды неғұрлым жоғары бағамен сатып алуларын өтінгені де кездейсоқтық емес. Энергетика мәселелері жөніндегі сарапшы Флориан Хаслауэрдің пікірінше, Медведев сапарының басты мақсаты еуропалық Nabucco газ құбыры жобасын жоққа шығарып, Орта Азиядан келетін газ ағынына бақылауды сақтап қалу.
Frankfurter Allgemeine Zeitung деп аталатын тағы бір неміс газеті жақында RWE концернінің басшысы Юрген Гроссманның Ашхабадқа барған сапары жайында жазады.
Мақаланың барысында айтылғандай,Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердымұхамедов Гроссманмен кездесу барысында пәлендей уәде бере қоймаған, «болашақта жаңа ірі жобаларға апаратын сенімді пікірлесуден» аспаған.
Nabucco жобасының болашағы қаңтар айының соңында Будапештте өтетін арнаулы конференцияда талқыланбақ. Егер мәселе оңды шешілетін болса, онда жобаны жүзеге асыру 2010 жылдан басталмақ. Сөйтіп, бұл шетке шығатын бағыт 2013 жылдан кеш қалмай іске кіріспек, алайда бұл әріптес елдер мен Еуропа Одағының саяси еркіндігін, сонымен бірге, ірі-ірі қаржылық көздерді талап етеді. RWE өкілі Штефан Юдиш мәлімдегеніндей, қазіргі кезде 8 миллиард еуроға бағаланып отырған бұл жоба қаржылық дағдарыстан жапа шекпейді. Халықаралық қаржы институттары жақында өткізген кездесулерінде жобаны қолдауға дайын екендіктерін мәлімдеді.