Accessibility links

Батыс Қазақстандағы Тыналиев ауылы тұрғындары бар малынан айрылды


Батыс Қазақстан облысындағы шаруашылықтардың біріндегі ірі қара малы.
Батыс Қазақстан облысындағы шаруашылықтардың біріндегі ірі қара малы.

Батыс Қазақстан облысындағы Тыналиев ауылында малдың үні өшкелі бір айдан асты. Үрерге ит те қалмады. Аусыл шығуына байланысты барлық үй жануарларын жойып жіберді.


Ерлі-зайыпты Нұрлыбек пен Гүлім Жарылғасовтар Ақжайық ауданының Тыналиев ауылында тұрады. Олардың жалғыз күнкөріс көзі – ірі қара мен ұсақ мал өсіру. Шаруашылық қосалқы, үлкен емес десек те, отағасының бар кәсібі осы. Ол азын-аулақ мал басының әкесінен қалғанын айтады.

МАЛДЫҢ БӘРІ ЖОЙЫЛДЫ

– Сол себепті де мен ешқайда жұмысқа шықпадым. Оның үстіне, ауылда қандай жұмыс? Мектеп пен медпунктен басқа бізде мұнда ештеңе жоқ, – дейді Нұрлыбек Жарылғасов. – Еңбекпен қамтылған 20 адам бар шығар, ал қалғандары қора-қопсысында мал өсірумен күн көреді. Бүтін бір отбасы
Бүтін бір отбасы үшін бір сиырдың, әсіресе қазақ халқында, қандай маңызы барын өзіңіз де білесіз. «Мал бақсаң – сиыр бақ» деген сөз бар ғой. Бұл дегенің сүт те, ет те, май да, кілегей де, ірімшік те үзілмейді деген сөз.

үшін бір сиырдың, әсіресе қазақ халқында, қандай маңызы барын өзіңіз де білесіз. «Мал бақсаң, сиыр бақ» деген сөз бар ғой. Бұл сүт те, ет те, май да, кілегей де, ірімшік те үзілмейді деген сөз. Балалардың тамағы тоқ деген осы. Ал бізде үш бала бар. Әкем де кәрі. Отбасымды асырауым керек. Сондықтан әйелім екеуіміз барымызды салып жұмыс істегенбіз, малымызды көбейттік, бар дәулетіміз сол болатын. Енді, міне, ол да жоқ.

Гүлім Жарылғасованың айтуынша, олар малдың санын 48 басқа жеткізген екен, оның 20-сы – ірі қара болатын. Сол малдан біраз күннің ішінде тігерге тұяқ қалмады.

Нұрлыбек Жарылғасовта, басқа ауылдастары сияқты, бар малынан айырылып қалды. Оның себебі – бар малға жұққан аса қауіпті індет ошағы пайда болған. Республикалық мал дәрігерлік зертхана Батыс Қазақстан облысы бойынша зерттеу жүргізіп, «аусыл» диагнозын қойды. Мамыр айының аяғында мал атаулы түгел жойылды.

КАРАНТИННЕН КӨМЕК БОЛМАДЫ

Батыс Қазақстан облысының бас мемлекеттік малдәрігерлік-санитарлық инспекторы Болат Айтуғановтың сөзіне қарағанда, мынандай шара қолданылған:

– Ошақ өз алдына жекеленген кішігірім ауылда тіркелгендіктен, мұнда «тазартылған аудан» дегенді білдіретін stamped out әдісі қолға алынды. Бұл - ауылдағы індетті жұқтыра алатын барлық жан-жануарларды, барлық
Ауылды оқшаулап тастады, санитарияның 21-ші күні карантин жарияланды. Тыналиев ауылына полиция жіберілді. Бірақ, өкінішке қарай, қабылданған шаралар күткендей толыққанды нәтиже бермеді.

індетке шалдыққан және шалдықпаған барлық жануарларды да, вакцинацияны қолданбай, жою деген сөз. Біз дәл осы әдісті қолдандық, өйткені вакцинация қолданылған болса, халықаралық келісім мен құрлық жануарларының санитарлық кодексіне сәйкес біздің облысымызда өндірілетін ауыл шаруашылық өнімдерін сыртқа шығаруға көптеген шектеулер қойылар еді. Ал бұл күздік егіс өнімін өткізуге де әсер етуі мүмкін еді. Одан қала берді, бүкіл азық-түлік шаруашылығы өнімдерін сатуға кедергі болар еді, - дейді Болат Айтуғанов.

Болат Айтуғановтың сөзіне қарағанда, Тыналиев ауылында 825 бас ірі қара мен 2352 бас қой мен ешкі жойылды, өртелді және көмілді. Оған қоса, облыстың бас мемлекеттік малдәрігерлік-санитарлық инспекторының айтуынша, вирус тасып жүрер деген қауіппен ауылдағы ит пен мысық та жойылған.

Ауыл шаруашылығының аймақтық инспекциясында құзырлы органдардың мамандары барлық мал қораларын, өрістер мен суаттарды залалсыздандырған екен.

– Ауылды оқшаулап тастады, санитарияның 21-күні карантин жарияланды, – дейді Болат Айтуғанов. – Тыналиев ауылына полиция жіберілді. Бірақ, өкінішке қарай, ол шаралардан пайда болмады. Себебі аусыл – жоғары контагиозды дерт, тез таралатын инфекция, вирус жұқтыру факторлары да қисапсыз көп. Инфекция жұқтыртатын тек қана жануарлар емес. Бұл вирусты адам да, көлік те тасымалдауы мүмкін. Тіпті шаң аралас жел де вирусты алысқа жеткізуі мүмкін. Оған қоса, аусыл вирусының өзіндік ерекшелігі бар: бір жануардан екіншісіне жұққан кезде оның күші арта түседі. Біз араға 21 күн салып Тыналиев ауылында енгізген карантинді алып тастамақ болғанымызда, мал дәрігерлері індет таралған ошақтан 25 шақырым радиуста орналасқан аралық аймақты тексеріп шықты. Олар жануарларға тән дерттің клиникалық белгілерін Ақжайық ауданындағы Лбищенск ауылының бір тұрғынынан тапты.

КЕЛЕСІ ОШАҚ – ЛБИЩЕНСК АУЫЛЫ

Індеттің екінші ошағы – Лбищенск ауылында 357 үй бар. Мал дәрігерлері санап үлгергендей, ондағы 179 отбасы мал ұстапты. Айқандарына қарағанда, дерттің алғашқы симптомдарын анықтаған уақыттан бастап бұл жерде де сондай карантин шаралары қолданылып, инфекция таратуы мүмкін адамдар мен дертті жұқтыруы ықтимал жануарлардың аймақтан тысқары шығуына тыйым салынған.

– Бұл екінші ошақ болғандықтан stamped out әдісі бұл жерде жүзеге асырылмады, – деп түсіндіреді облыстың бас ветсанинспекторы Болат Айтуғанов. – Біз ауру жұқтырған барлық жануарларды жою әдісін, қалғандарын вакцинациялай отырып, қолдана бастадық. Бұл вакцина емдік препарат емес. Ол ауруды жұқтырып үлгерген жануарларды емдемейді, тек дертке ұшыраған болса, ауру жұқтырған жануардың клиникалық сипаттарының көрінуіне көмектеседі. Бірнеше топ ұйымдастырылып, ауыл бірнеше аймаққа бөлінген. Олар - індеттің белгілері байқалған ауру жануарлар анықтала бастаған аймақтар; мұндай жануарлар табылмай жатқан аймақтар. Күніне бірнеше мәрте ауыл аралап, жануарларды тексеруден өткізіп, жануарлардың бойынан клиникалық белгілерді анықтау шамасына қарай, мал тәркіленіп, жойылып отырды.

Болат Айтуғановтың қолындағы деректер бойынша, Лбищенскте қазір 230 бас ірі қара мен 906 қой-ешкі жойылды. Ауылдағы жануарлардың қалғандарының барлығына, жақын жатқан елді мекендерде де, вакцинация жасалып, вирусқа қарсы егу жүргізілді дейді ол.

ӨТЕМАҚЫ ҚАНДАЙ БОЛМАҚ?

Аусылдың таралуынан зардап шеккен Тыналиев ауылының тұрғыны Нұрлыбек Жарылғасов малдың жоқтығына көндіге алмай жүргенін айтады:

– Таңсәріде малды өргізгелі шығамын, ал қора – бос. Жүрегім сыздап кетеді. Біреудің селқостығынан бар байлығымыздан айырылып қалдық. Әдет болған өмір салтымызды тартып алғандай болды. Бүкіл ауыл болып, ес жия алмай жатырмыз: жұрт үйлерінен шығып, қайта кіреді, құр босқа, біртүрлі дағдарған күйі жүреді. Бәрінің ұнжырғасы түскен. Лбищенсктегідей емес, біздің бар малымызды жойып тастады ғой: ауыруын да, сауын да. Талай жылғы еңбек бекер кетті. Бізге,
Әдетке енген өмір салтымызды тартып алғандай болды. Бүкіл ауыл болып, ес жия алмай жатырмыз: адамдар үйлерінен шығып, қайта кіреді, құр босқа, біртүрлі дағдарған күйі жүреді. Бәрінің, әрине, ұнжырғасы түскен.

әрине, компенсация береміз деп отыр. Осы жыл төлемақының мөлшерін көбейтті деп естідім. Бәрі бір де жоғалғанның орны толмас. Бұқаның құнына шамамен 80 мың теңге бермек, ал біз бір бұқаны 150 мың теңгеге де сатқан кездеріміз болды.

«Республикалық эпизоотияға қарсы жасақ» мекемесінің облыстық филиалының бастығы Марат Ыдырысқалиев ауыл тұрғындарына уәде етілген компенсациялар әлі төленбеген, бірақ бірінші індет ошағының тұрғындарына ғана деген 71 миллион теңге көлеміндегі қаражат республикалық бюджеттен бөлініп қойған дейді.

– Бізге 25 мың теңге мөлшеріндегі бір жолғы жәрдем бөлінді және гуманитарлы көмек көрсетілді, – дейді Нұрлыбек Жарылғасов. – Бірақ өзіңіз де түсініп тұрсыз ғой, бір үйдегі алты адамға 25 мың теңге деген не? Бір айдан көп уақыт өтіп кетті.

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының әкімшілігі төлемақылардың берілмей жатқаны қосымша есептеулер жүргізумен байланысты деп жауап берді. Аудан әкімінің орынбасары Нұрлан Рахымжановтың айтуынша, компенсацияларды төлеу 4 шілдеден басталады.

Ауыл тұрғындарының таза материалды зардабын есептеу оңай емес. Қазақстанның базарларында малдың бағасы әр түрлі, орташа есеппен ірі қара 100 мың теңгедей, қой мен ешкі 10-15 мың теңге (орташа есеппен 100 долларға жуық). Қазақстанның ауыл шаруашылық министрі Асылжан Мамытбеков Батыс Қазақстан облысының тұрғындарына жойылған малға бермек компенсация құны нарықтағы бағаның 80 пайызын құрайды деп, маусымның аяғында уәде берді. Сонымен бірге ол Қазақстанда малды жаппай вакцинациялау дағдысына қайта оралу керек деді. Мұндай тәртіп совет заманында болған.
XS
SM
MD
LG